Алеуметтану тероиясы indb


10-тарау • Этноәдіснама Төтенше жағдайлар қызметіне хабарласу



Pdf көрінісі
бет314/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

425
10-тарау

Этноәдіснама
Төтенше жағдайлар қызметіне хабарласу
Уэйлен мен Циммерман (1987) төтенше байланыс орталықтарына түскен те-
лефон қоңырауларын қарастырды. Мұндай қоңыраулардың мәнмәтіні теле-
фонмен әңгімелесу кіріспесінің қысқаруына әкеледі. Қалыпты телефон әңгіме-
лерінде біз әдетте шақыру-жауап, сәйкестендіру, сәлемдесу және «хал-жағдай 
сұрау» деген реттілікті таба аламыз. Алайда төтенше қоңырауларда кіріспе бө-
лім қысқарып, тану, сәлемдесу және «хал-жағдай сұрау» процедура лары әдетте 
жоқ. Төтенше телефон қоңырауларының тағы бір қызықты ас пек тісі – қалыпты 
әңгімелесу барысында елеусіз қалдырылатын кейбір кіріспе шараларының өте 
байсалды қаралуы:
«Бұл – диспетчер жауап бергеннен кейін қоңырау шалған адамның желі-
ден үзілуі немесе желідегі үнсіздік немесе иттердің үруі, арттағы дауласу 
мен айғай немесе өрт сигналы сияқты дыбыстары бар жағдайлар. Желіде 
тікелей әңгімелесудің жоқтығына қарамастан, диспетчерлер бастапқы-
да бұл оқиғаларды көмекке мұқтаждық көрсеткіштері және осылайша 
функциялық немесе виртуалды көмек сұрау ретінде қарастырады».
(Whalen and Zimmerman, 1987:178) 
Төтенше телефон әңгімесінің ерекшеліктері қалыпты әңгімелесу құрылы-
мы на осы және басқаша бейімделуді қалыптастырады.
Уэйлен, Циммерман мен Уэйлен (1988) зерттеулеріне сәйкес, олар жедел 
жәрдем қызметінің кешігіп жіберілуі мен әйел өліміне қатысты төтенше жағдай 
кезіндегі шынайы телефон әңгімесін қарастырды. Бұл жағдайда бұқаралық ақ-
парат құралдары диспетчерді кінәлауға бейім болды, бірақ Уэйлен, Циммерман 
мен Уэйлен бұл мәселені нақты жедел телефон әңгімесінің табиғаты арқылы 
бақылады:
«Біздің талдауымыз әңгіме барысында қатысушылардың болған жағдай-
ға қатысты тіпті басқаша түсінікте болған және болуы мүмкін жағдай 
жайлы әртүрлі болжам болғанын анықтады. Өзара әрекеттесу барысын-
да қоңырау шалушы мен медбике-диспетчердің (және оның жетекшісі-
нің) әңгімесі сәйкессіздікті тереңдетуге бағытталды. Бұл сәйкессіздіктер 
қатысушылардың әрекеттерін шатастырып, өзгерген дауға басты себеп 
болды».
(Whalen, Zimmerman and Whalen, 1988:358)
Осылайша сәтсіздікке диспетчердің қабілетсіздігі емес, нақты әңгімелесу-
дің сипаты себеп болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   310   311   312   313   314   315   316   317   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет