Алеуметтану тероиясы indb


Дәстүрлі әлеуметтануға сын-пікірлер



Pdf көрінісі
бет316/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Дәстүрлі әлеуметтануға сын-пікірлер
Этноәдіснамашылар дәстүрлі әлеуметтанушыларды бірнеше себептерге бай-
ланысты сынайды.
Әлеуметтен бөліну
Этноәдіснамашылар әлеуметтiк шындықты түсіну жөніндегі өз көзқарастарын 
басқаларға күштеп таңуға тырысатынына байланысты дәстүрлі әлеуметтану-
шыларды сынға алады (Mehan & Wood, 1975). Олар «әлеуметтану өзінің негізгі 
ақпарат көзі болып саналатын күнделікті өмірге мұқият зер салып, құрметпен 
қарамайды» деп сөкті. (Sharrock and Anderson, 1986). Әлеуметтану әлеуметтік 
әлемнің ең маңызды аспектілерін (этноәдістер) жоққа шығарып, оның орны-
на күнделікті өмір тәжірибесін көлегейлейтін әлемге зейін қояды. Әлеуметтік 
әлемді өз көзқарастары арқылы көретін әлеуметтанушылардың санасындағы 
шындық, олар зерттеген құбылыстарға тән шындықтан өзгеше. Меган мен Вуд 
атап өткендей, «әлеуметтану ғылымы болуға тырысқан әлеуметтану әлеумет-
тен алшақтады» (1975:63).
Жалпы осы бағытта Меган мен Вуд (see also Sharrock and Anderson, 1986) 
әлеуметтануға бірқатар нақты сын-пікір айтты.
Олар әлеуметтанушылар пайдаланатын тұжырымдамалар әлеуметтік әлем-


428
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ді бұрмалап, оның үдерісін бұзатынын ескертеді. Бұрмалау әлеуметтанудың ғы-
лыми әдістерге және деректерді статистикалық талдауға қолданатынымен бай-
ланысты. Статистика әдетте шынайы әлем нің болмысы мен күрделілігіне нақты 
сипаттама бере алмайды. Әлеуметтанушылардың адамның мінез-құлқын өзде-
рінің алдын ала ойлаған категориялары арқылы түсіндіруге қолданатын кодтау 
әдістері де әлеуметтік әлемді бұрмалайды. Соны мен қатар кодтаудың қарапа-
йымды әлеуметтік әлемнің аспектілерін әлеуметтану категорияларына айналды-
ру барысындағы күрделі бұрмалауды жасырады. Әлеуметтанушылар сондай-ақ 
құбылыстың өзі емес, респондент ұсынған құбылыстың сипаттамасын сөзсіз қа-
былдайды. Осылайша әлеуметтік параметрдің сипаттамасы нақты бір тұжырым-
дамалық тұрғыдан сол параметрдің өзі ретінде қабылданады. Ақырында, Меган 
мен Вуд әлеуметтанушылар әлеумет тік өмірдің күнделікті шынайылықтан мүл-
дем ал шақтап бара жатқан абстракциясын жасайтынын мәлімдеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   312   313   314   315   316   317   318   319   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет