437
11-тарау
•
Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
Қалай әлеуметтанушы болғаным туралы мен бас-
қа жарияланымдарымда сипаттадым. Ол, негізінен,
кездейсоқ іс болған еді, (For a full autobiography, see
Homans, 1984). Менің әлеуметтанумен тұрақты түрде
айналысуым Гарвард Бизнес мектебінде 1933 жыл-
дан бергі профессорлар Лоуренс Хендерсон және
Элтон Мэйомен бірге қызмет істеген кезімнен бастал-
ды. Хендерсон – биохимик, өнеркәсіптік жұмыстың
физиологиялық сипаттамаларын, Мэйо – психолог,
адами факторларды зерттеді. Кейінірек Мэйо Чика-
года орналасқан «Батыс Электрик» компаниясының
Хоторн зауытында өзінің әйгілі зерттеулерін жүргізді.
Мен Мэйо басшылық еткен оқулар мен пікірталастар
курсына қатыстым. Мэйо өзінің студенттерінен негізгі
кітаптармен бірге көрнекті әлеуметтік антропологтердің,
атап айтқанда, Малиновскийдің, Рэдклифф-Браунның
және Фирттің бірқатар кітаптарын оқуын өтінді. Мэйо
біздің осы еңбектерді оқу арқылы қарапайым қоғамда-
ғы әлеуметтік салттардың қазіргі қоғамдағыларға қарағанда нәтижелі жұмысқа қалай септігін
тигізгенін түсінгенімізді қалады.
Мені олар мүлде басқа жағынан қызықтырды. Сол күндерде мәдени антропологтер интел-
лектуалды түрде басымдыққа ие болды және менің Клайд Клакхон сияқты осы топтағы дос-
тарым әр мәдениеттің өзінше ерекше болғанын насихаттады. Керісінше, мен оқығанымнан
қарапайым қоғамның кейбір институттары уақыт және кеңістік бойынша алшақ орындар-
да бір-бірін қайталайтынын, сондықтан олардың бір-бірінен алып пайдаланатындай өзара
байланысы болмағанын түсіне бастадым. «Мәдениеттер бірегей болған жоқ және олардың
ұқсастығы «тек адамзат табиғаты бүкіл әлемде бірдей болған» деген болжам арқылы тү-
сіндірілуі мүмкін еді. Ұқсас жағдайларда әрекет ететін адамдар бір-бірінен тәуелсіз ұқсас
институттарды құрды. Бұл көзқарас сол уақытта көпшілікке танымал болған жоқ. Қазір де
жағдайдың өзгергеніне сенімді емеспін.
Сол уақытта мен шағын адам топтарын, яғни қазіргі және қарапайым түрлерін зерттеуге ба-
ғытталған біршама нақты немесе «далалық» зерттеулермен таныстым. Екінші дүниежүзілік со-
ғыста әскери-теңіз флотында борышымды өтеуге шақырылған кезімде, осы материалдарды
теңізде ұзақ қарап отырып зерттедім. Кенеттен мен осы зерттеулерді олардың барлығын ортақ
ұғымдар арқылы сипаттауға болатынын түсіндім. Бірнеше күннің ішінде осындай тұжырымда-
малық сызбанұсқаны жасадым.
Соғыс аяқталғаннан кейін Гарвардта штаттық лауазымда
The Human Group («Адамдар тобы»)
деп аталған кітаппен (1950) жұмыс істей бастадым. Ол менің жасаған тұжырымдамалық сыз-
банұсқамды қарастырылған зерттеулерге қолдануға бағыттады. Осы жұмыстың барысында тұ-
жырымдамалық сызбанұсқа ғылымның бастапқы нүктесі ретінде ғана пайдалы деген ой келді.
Ұғымдарды бір-бірімен байланыстыратын қағидаларды табу қажет болды.
«Адамдар тобында»
мен таңдаған топтарды сипаттауға лайық сондай бірқатар қағидалар ұсындым.
Мен профессор Толкотт Парсонсты бұрыннан білетінмін, онымен әлеуметтік қатынастар депар-
таментінде тығыз байланыс орнаттым. Ол әлеуметтану саласындағы жетекші теорияшыл еді.
Достарыңызбен бөлісу: