436
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
де кездейсоқ мінез-құлық ретінде бағалануы мүмкін. Мінез-құлық өзі әре-
кет ететін ортаға, ол әлеуметтік не физикалық болсын, әсер етеді және өз
кезегінде әртүрлі жолмен оған кері «әрекет етеді». Бұл реакция – оң, теріс
немесе бейтарап – акторлардың кейінгі әрекеттеріне ықпал етеді.
Егер реакция қолдау тапса, болашақтағы ұқсас жағдайларда ондай әре-
кеттер қайталанады. Егер реакция жанға бататындай немесе жазаланатын-
дай бол са, мінез-құлықтың болашақта қайталануы екіталай. Мінез-құлық
әлеумет танушысы қоршаған орта реакциясының
тарихы немесе қазіргі
мінез-құлықтың салдары мен табиғаты арасындағы байланысты зерттеуге
мүдделі. Осы мінез-құлықтың бұрынғы салдары оның қазіргі күйіне ықпал
етеді. Өткен кезең дердегі белгілі бір мінез-құлықтың сырына үңіле отырып,
біз актордың қазіргі жағдайда соған ұқсас мінез-құлық танытатынын бол-
жай аламыз.
Бихевиористердің қызығушылығын тудыратын құбылыстардың бірі –
сый ақы (немесе күшейтуші) мен шығындар (немесе жазалар). Сыйақылар
олардың мінез-құлқын нығайту (яғни күшейту) сипатымен анықталады, ал
шығындар мінез-құлықтың қайталану ықтималдығын азайтады. Төменде
көрсетілетіндей, жалпы алғанда, мінез-құлық, әсіресе сыйақы мен шығын-
дар туралы идеялар ерте айырбас теориясына елеулі ықпалын тигізді.
Достарыңызбен бөлісу: