Алеуметтану тероиясы indb


Джордж Хоманстың айырбас теориясы



Pdf көрінісі
бет325/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Джордж Хоманстың айырбас теориясы
Джордж Хоманстың айырбас теориясының өзегі іргелі идеялар жиынты-
ғында жатыр. Оның кейбір ұсыныстары, кем дегенде, өзара әрекеттесуші екі 
адамға қатысты болғанымен, Хоманс олардың психологиялық қағидаларға 
негізделгенін дәлелдеді. Хоманстың айтуынша, олар екі себептен психоло-
гиялық құбылыс бол ды. Біріншіден, «оларды әдетте өздерін психолог деп 
атайтын адамдар мәлімдейді және эмпирикалық тұрғыда тексереді» (Homans, 
1967:39–40). Екін шіден, ең бастысы, олар қоғамдағы индивид пен қатынасу 
деңгейіне байла нысты психологиялық үдеріс болып табылады: «олар топтар 
мен қоғам туралы қағида лардан гөрі жеке адам мінез-құлқына қатысты қа-
ғидалар; адамның адам ретіндегі мінез -құлқы жалпы психологияның саласы 
болып саналады» (Homans, 1967:40; italics added). Осы ұстанымның нәтиже-
сінде Хоманс өзін «аталған және ол жағымсыз сөз – психологиялық редук-
ционист» (1974:12) ретінде мойындады. Хоманс үшін редукционизм – бұл 
«аталған ғылым мен [тап осы жағдайда әлеуметтану] басқа аталған ғылым-
ның [тап осы жағдайда психологияның] жалпы қағидалар логикасына қалай 
сүйенетінін көрсететін процесс» (1984:338).
Хоманс психологиялық қағидаларды жақтағанына қарамастан, жеке адам-
дарды оқшауланған деп санамады. Ол адамдардың әлеуметтік жан екенін мо-
йындады және өз уақытының көп бөлігін басқа адамдармен өзара қарым-қа-
тынаста өткізді. Ол әлеуметтік мінез-құлықты психологиялық принциптер 
арқылы түсіндіруге тырысты: «Хоманс ұстанымының пайымдағаны – нәтиже-
лердің адамның мінез-құлқына әсер етуі туралы тұжырымдар болып табыла-
тын психологияның жалпы тұжырымдары, егер нәтижелер физикалық ортадан 
емес, басқалардан шықса, өзгеріске ұшырамайды» (Homans, 1967:59). Хоманc
«өзара әрекеттесуден жаңа нәрсе пайда болады» деген Дюркгеймнің позиция-
сын теріске шығармады. Оның орнына ол пайда болған қасиеттерді психоло-
гиялық принциптермен түсіндіруге болатынын айтады, әлеуметтік фактілерді 
түсіндіру үшін жаңа әлеуметтік қағидаларды енгізудің қажеті жоқ. Ол әлеумет-
танудың негізгі ұғымы – норманы мысал ретінде пайдаланды:


440
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
«Әлеуметтік фактінің керемет үлгісі – бұл әлеуметтік норма және топ-
тарға тиесілі топ нормалары көптеген адамдардың мінез-құлықтарын 
оларға сәйкестендіруге бағытталған әрекеттерін шектейді. Мәселе – 
шектеуде емес, оның түсіндірілуінде... Норма өзінен-өзі шектемейді: 
адам дар нормаларды сақтағанда оларды іске асырады, өйткені олар оны 
таза артықшылық деп түсінеді, сондықтан психология қабылданған ар-
тықшылықтың мінез-құлыққа әсерін қарасты рады».
(Homans, 1967:60) 
Хоманс «ер адамдарды әлеуметтануға қайтарудың» бағдар ламасын егжей-
тегжейлі сипаттап берді, сондай-ақ психологияға, адамдарға және «қоғамдық 
өмірдің қарапайым түрлеріне» арналған теорияны әзірлеуге тырысты. Хоманс-
тың пікірінше, бұл теория «әлеуметтік мінез- құлықты кем дегенде екі адамның 
арасындағы материалдық немесе бейматериалдық, азды-көпті пайдалы немесе 
қымбат іс-әрекет айырбасы ретінде қарастырады» (1961:13; italics added).
Мысалы, Хоманс тоқыма өнеркәсібіндегі механикалық техниканың да-
муын, осылайша индустриялық революцияны психологиялық принцип ар-
қылы, яғни адамдар өздерінің сыйақыларын арттыру үшін белгілі бір жолмен 
әрекет етуі мүмкін деген оймен түсіндірді. Жалпы алғанда, айырбас теориясы-
ның ол ұсынған нұсқасында қарапайым әлеуметтік мінез-құлықты пайда және 
шығын тұрғысынан түсіндіруге тырысты. Оған танымал «әріптесі және до-
сы»Толкотт Парсонстың құрылымдық-функционалдық теориялары өз әсерін 
тигізді. Ол мұндай теориялар «кез келген нәрсені түсіндіруден басқа, барлық 
қасиеттерге ие» деп бекітеді (Homans, 1961:10). Хоманс құрылымдық функ-
ционалистердің концептуалдық категориялар мен сызбанұсқаларды ойлап та-
буынан да артық нәрсе жасады. Хоманc ғылыми әлеуметтанудың мұндай кате-
горияларға мұқтаж екенін мойындады, алайда әлеуметтану да «категориялар 
арасындағы қарым-қатынастар туралы жалпы қағидалар жиынтығын қажет 
етеді, себебі оларсыз түсіндіру мүмкін емес. Қағидаларсыз ешқандай түсінік 
жоқ!» (1974:10). Осылайша Хоманc психологиялық деңгейді есепке алатын 
осы қағидаларды дамытуды өзіне міндет етіп қойды, сөйтіп ол айырбас тео-
риясының негізін қалады.
Social Behavior: Its Elementary Forms («Әлеуметтік мінез- құлық: оның қара-
пайым формалары») [1961, 1974]
2
еңбегінде Хоманс өзінің айырбас теориясын 
мінез-құлық психологиясы мен қарапайым экономика (рационалды таңдау 
теориясы) негізінен алғанын мойындады. Шын мәнінде, Хоманс (1984) өзі-
нің теориясының «айырбас теориясы» деп аталғанына өкінеді, өйткені ол оны 
нақты жағдайларға қатысты қолданылатын бихевиористік психология ретінде 
қарастырады. Хоманc Б.Ф. Скиннердің бихевиористік парадигмасының мыса-
лын, әсіресе оның көгершіндерді зерттеуін талқылаудан бастаған:
3
«Мысалы, зертханада торда аңқау көгершін бар делік. Оның қоршаған 
ортасын зерттеу үшін қолданатын туа бітті мүшесінің бірі – тұмсық. Кө-
гершін тордың ішінде шұқыланып жүргенде тұмсығымен дөңгелек қы-
зыл нысанаға тиеді, осы мезетті күтіп отырған психологтер немесе авто-
матты машина оны дәнмен қамтамасыз етеді. Дәлелдер – бұл кө гершін-
дердің мінез-құлықты тағы бір рет қайталау ықтималдығы, яғни оның 
жай шоқу ғана емес, нысананы шоқу ықтималдығы өсе ді. Скиннердің 
тілінде көгершіннің нысананы шоқу мінез-құлқы – опе рант; оперант


441
11-тарау

Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
күшейтілді; дән – күшейткіш; ал көгершін операнттық себептілікті
басынан өткізеді. Егер тіліміздің әдеттегі ағылшын тілі болуын қаласақ, 
біз көгершіннің сыйақы алу арқылы нысананы шоқуды үйренгені тура-
лы айта аламыз».
(Homans, 1961:18) 
Бұл мысалда Скиннерді көгершіндер қызықтырды, ал Хоманстың алаңдау-
шылығы адамдар еді. Хоманстың айтуынша, Скиннердің көгершіндері психо-
логпен нақты айырбас қарым-қатынасқа түспейді. Көгершін біржақты айырбас 
қарым-қатынасқа түседі, ал адамдар арасындағы айырбас екіжақты болады. 
Көгершінді дән ынталандырады, бірақ психолог, расында, көгершіннің тұмсы-
ғымен қуаттанбайды. Көгершін психолог арқылы физикалық ортаның ұқсас 
байланысына түседі. Өзаралық болмаған соң Хоманс оны жеке мінез -құлық 
ретінде анықтады. Хоманc мінез-құлықтың мұндай түрін зерттеуді психологке 
тапсырды, ал әлеуметтанушыларды, «кем дегенде, екі жануардың әрқайсысы-
ның әрекеті басқасының әрекетіне серпін беретін (немесе жаза лайтын) және 
сәйкесінше бір-біріне әсер ететін» әлеуметтік мінез-құлықты зерттеуге шақыр-
ды (1961:30). Дегенмен, Хоманстың айтуынша, жеке мінез-құлыққа қараған-
да, әлеуметтік мінез-құлықты түсіндіру үшін жаңа қағида лар талап етілмейді. 
Скиннердің көгершіндерді зерттеуде дамытқан жеке мінез-құлық заңдары өза-
ра қуаттандырудың күрделілігін есепке алумен бірге, әлеуметтік мінез-құлық-
ты түсіндіреді. Ақырында, Хоманс Скиннерден алынған қағидалардың қажет 
екенін, зауықсыз болса да, мойындады.
Хоманc өзінің теориялық еңбегінде күнделікті әлеуметтік өзара әрекетте-
сумен шектелді. Алайда ол өзінің принциптеріне негізделген әлеуметтанудың, 
ақырында, барлық әлеуметтік мінез-құлықты түсіндіре алатынына сенімі мол 
болғаны анық. Міне, Хоманc өзін қызықтырған айырбас қарым-қаты нас тары-
ның бір түрін көрсетуде төмендегі мысалды қолданды:
«Мысалы, екі адам кеңседе құжаттарды рәсімдеу жұмыстарын жүргізіп 
жатыр. Кеңсе ережелеріне сәйкес әрқайсысы өз ісін өз бетімен жасауы 
керек немесе көмекке мұқтаж болса, басшыдан кеңес алуы тиіс. Біз Тұл-
ға деп аталатын адамдардың бірі жұмысқа дағдыланбаған және мезгіл-
мезгіл көмек алған жағдайда оны жақсарта және жылдамдата түседі. 
Ережеге қарамастан, ол жетекшісіне баруды қаламайды, себебі оның 
қабілетсіздігі оны көтермелеу мүмкіндігіне зиян келтіруі мүмкін. Оның 
орнына ол біз Басқа деп атайтын басқа адамды іздейді және одан көмек 
сұрайды. Басқаның Тұлғаға қарағанда тәжірибесі мол, ол өз жұмысын 
сапалы әрі тез жасай алады, бос уақыты болады және онда бақылаушы 
ережелерді бұзды деп іздеп, кедергі келтірмейді деп болжауға негіз бар. 
Басқа Тұлғаға көмектеседі, ал, өз кезегінде, Тұлға оған алғыс айтып, ри-
зашылық білдіреді. Екі адам осылайша бір-біріне көмектеседі және бі-
рін-бірі қолдайды».
(Homans, 1961:31–32)
Осындай жағдайға назар аударып және ойларын Скиннердің қорытын дыла-
рына негіздей отырып, Хоманс бірқатар қағидаларды дамытты.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   321   322   323   324   325   326   327   328   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет