Алеуметтану тероиясы indb


Нормалар және құндылықтар



Pdf көрінісі
бет331/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Нормалар және құндылықтар. Блаудың ойынша, күрделі әлеуметтік құры-
лымдар арасында байланыстырушы механизмдер – бұл қоғамда бар нормалар 
мен құндылықтар (құндылық консенсусы):
«Жалпы қоғам қабылдаған құндылықтар мен нормалар бұқаралық ақпа-
рат құралдары арқылы әлеуметтік қарым-қатынасты байланыстыру қыз-
метін атқарады. Олар жанама әлеуметтік айырбас мүмкіндігін тудырады, 
күрделі әлеуметтік құрылымдардағы әлеуметтік интеграция және диф-
ференциациялау процесін, оның ішіндегі әлеуметтік ұйымдастыру мен 
қайта ұйымдастыруды басқарады».
(Blau, 1964:255)
Басқа механизмдер әлеуметтік құрылымдар арасында делдал болды, де ген-
мен Блау құндылықтар туралы пәтуаға назар аударды. Алдымен, әлеуметтік 
нормаларға қарай отырып, «олар тікелей айырбасты жанама айырбасқа ауыс-
тырады» деп мәлімдеді. Топтың бір мүшесі топ нормасына сәйкес келеді және 
сол сәйкестік үшін құптау алады, сәйкестік топтың сақталуына және тұрақты-
лығына үлес қосу арқылы жасырын құптау алады. Басқаша айтқанда, топтық 
немесе ұжымдық білім алу жеке тұлға арқылы айырбас қарым-қатынасына тү-
седі. Оның мәні Хоманс айқындаған жеке тұлғалар арасындағы айырбас жө-
ніндегі қарапайым түсініктен ерекшеленеді. Блау жеке тұлғалар арасындағы 
айырбасты алмастыратын қоғам және жеке тұлға арасындағы жанама айырбас-
қа бірнеше мысалдар келтірді:
«Лауазымды тұлғалар орта буын қызметкерлерінің жұмысына олардан
алатын сыйақыларға айырбас ретінде көмектеспейді, бірақ бұл көмекті 
беру олар дың ресми міндеті болып табылады және осы қызметтің орын-
далғаны үшін олар компаниядан қаржылай сыйақы алады».
«Жанама айырбастың мысалы ретінде ұйымдастырылған қайырымды-
лық қызметін келтіруге болады. Бұрындары кедейлерге өзінің себетін 
алып келетін және олардан алғыс естіп, құрметке бөленетін жомарт би-
кешке қарағанда, қазіргі ұйымдастырылған қайырымдылықта жеке до-
нор мен қабылдаушының арасында тікелей байланыс та, айырбас та жоқ. 
Ауқатты кәсіпкерлер мен жоғарғы тап өкілдері қайырымдылық жарнала-
рын содан қайыр көретін адамдардың алғысын алу үшін өткізбейді, оны 
әлеуметтік ортада кең таралған нормативті орындау үшін және өз құрбы-
ларының қошеметіне ие болу үшін жасайды».
(Blau, 1964:260)


450
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Норма түсінігі, Блаудың тұжырымдамасы бойынша, жеке тұлға мен қо ғам-
дық ұйымдар арасындағы айырбас деңгейіне, ал құндылық түсінігі қоғамдық 
ұжымдар арасындағы қарым-қатынастың кең әлеуметтік деңгейіне және тал-
дауына жатқызылады. Блау былай дейді:
«Түрлі үлгідегі қоғамдық құндылықтарды әлеуметтік кеңістік пен уа-
қыт шегіндегі қарым-қатынастың әрекеттесу ауқымын және құрылымын 
кеңейтуге мүмкіндік беретін әлеуметтік реттеу құралы ретінде түсінуге 
болады. Әлеуметтік құндылықтарға қатысты келісім әлеуметтік реттеу 
тәртібін тікелей адам өмірінен бөлек әлеуметтік байланыстар шегінен 
тыс тарату және әлеуметтік құрылымдардың тіршілігін ұзарту үшін не-
гіз болады. Құндылық стандарттары – екі түрлі мағынадағы әлеуметтік 
өмірдің құралы. Құндылықтың мәні – әлеуметтік қарым-қатынасты қа-
лыптастырушы құрал; жалпы құндылықтар кең мағынада әлеуметтік 
ассоциация және қарым-қатынастарды байланыстырушы түйін ретінде 
түсіндіріледі».
(Blau, 1964:263–264)
Мысалы, партикуляристік құндылықтар ынтымақтастықтың негізі және 
біріктіру құралы ретінде қалыптасады. Бұл құндылықтар патриотизм немесе 
мектеп, немесе компания беделінің көрінісі сияқты айналасындағы топтардың 
бірігу қызметін атқарады. Олар ұжымдық деңгейде адамдарды жеке қарым-қа-
тынас арқылы біріктіреді. Дегенмен олар жеке тартымдылықтан тыс ин те гра-
тивті байланыстарды кеңейтеді. Партикулярлық құндылықтар сыртқы топтан 
ішкі топты дифференциациялайды, сөйтіп олардың біріктіруші функ циясын 
күшейтеді.
Блаудың талдауы бізді Хоманс ұсынған айырбас теориясынан алшақ әке-
теді. Хоманс үшін аса маңызды жеке тұлға мен жеке тұлғалық мінез-құлыққа 
Блау тұжырымдамасында ешқандай мән берілмейді. Оның орнына алдыңғы қа-
тардан түрлі әлеуметтік фактілер орын алады. Мысалы, Блау топтарды, ұйым-
дарды, ұжымдарды, қоғамдарды, нормаларды және құндылықтарды қарастыр-
ды. Өзі нің талдауында ол ірі ауқымды әлеуметтік бірліктерді байланыстырушы 
және жоюшы механизмге ерекше назар аударды, бұл әлеуметтік фактілер пара-
диг масын ұстанушылардың дәстүрлі құралы бола алады.
Блау айырбас теориясын тек ірі қауымдастықтар деңгейіне дейін кеңейтеді 
деп пайымдайды, дегенмен ол оны танымастай етіп өзгертеді. Ол қарастыра-
тын қарым-қатынас деңгейіне сай процестер жеке тұлғалық деңгейде болып 
жат қан үдерістен түбегейлі түрде ерекшеленеді. Блау айырбас теориясы шегін 
кеңейтуге талпыныс жасап, оны макродеңгейлік теорияға өзгертті. Дегенмен 
жан-жақты алып қарағанда ғалым жеке тұлғалар арасындағы қарым-қатынас 
бәрібір айырбас теориясының негізгі пәні болып қалатынын жақсы түсінген 
еді. Әйтсе де ол толықтыруды – макроқұрылымдарды қарастыруды қажет ете-
ді. Блау (1987, 1994) бұл ойын жасырмайды және өзінің соңғы еңбектерінде 
макродеңгейлік, құрылымдық құбылыстарға ерекше көңіл аударды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   327   328   329   330   331   332   333   334   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет