13
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
өзгерістерге қайран қалып, ортағасырлық өмір мен гармонияның қайтып ора-
луын асыға күткен. Мұндай көзқарас бойынша, қоғамды Құдай жаратқан; соған
сәйкес, ағартушылық, философтар үшін соншалықты маңызды болған ақыл-ой
дәстүрлі діни түсініктерге тәуелді деп есептеген. Сонымен қатар Құдай қо-
ғамды жаратқандықтан, адамдардың
қалыптасқан тәртіпке араласып, қасиетті
жаратылысты өзгертуі дұрыс емес деп санаған. Сондай-ақ де Бональд патриар-
хат, моногамды неке, монархия және католик шіркеуі секілді дәстүрлі инсти-
туттарға зиян келтіретін кез келген түсінікке қарсы шыққан.
Бональдтың көзқарасы консервативті реакцияның біршама төтенше форма-
сында болса да, бұл ойшылдың шығармашылығы осы ілімнің негізін қалаған
тұлғалар туралы айқын түсініктемелер береді. Консервативті ойшылдар өздері
ағар тушылықтың «аңғал» рационализмі деп атаған түсініктен бас тартты. Олар
әлеу меттік өмірдің иррационалды аспектілерін мойындап қана қоймай, оған оң
мән-мағына берді. Осылайша олар дәстүр, эмоционализм,
елес пен дінді әлеу-
меттік өмірдің қажетті компоненттері ретінде қарастырды. Көтерілістерді жоқ-
қа шығарды және бар тәртіпті сақтауға талпынды. Француз революциясы мен
индустриялық революция деген даму формаларын қиратушы күш деп санап,
оларды мінеп-шенеді. Консервативті ойшылдар қоғамдық тәртіптің рөлін бел-
гілеуге әуес болды, бұл рөл бірнеше теорияшыл-әлеуметтанушылар еңбектері-
нің басты тақырыбына айналды.
Цейтлин (1996) өзінің тұжырымы бойынша, консервативті реакция өкіл-
дерінің көзқарастарын жүйелей келіп, классикалық француз әлеуметтану тео-
риясының негізін құрайтын басты он пікірді атап көрсетті:
1. Ағартушылық дәуірінің ойшылдары даралықтың маңыздылығын атап
көрсе туге әуес болса, консервативті реакцияның
негізгі әлеуметтануға
қызы ғушылығы – қоғам мен басқа ауқымды феномендердің рөліне ба-
сымдық берді. Қоғам индивидуумдардың жай ғана жиынтығынан гөрі
әлдеқайда ауқымды құбылыс ретінде қарастырылды. Қоғам тарихы те-
рең, өзінің даму заңдары мен түп тамыры бар деп саналған.
2. Қоғам талдаудың басты нысанына айналды; ол индивидпен салыстыр-
ғанда аса маңыздырақ деп есептелінді. Нақ осы қоғам әлеуметтену про-
цесінің негізінде индивидуумды қалыптастырады.
3. Индивидуум қоғамның ішіндегі негізгі элемент ретінде қарастырылма-
ды. Қоғам – рөл, жағдай, қатынас, құрылым мен институт секілді ком-
поненттерден құралған. Индивидуумның рөлі осы компоненттердің ұя-
шықтарын жай ғана толтыру болған.
4. Қоғамның бөліктері өзара байланысты
және өзара тәуелді болып са-
нал ған. Әрине, бұл өзара тәуелділік қоғамның басты ұйтқысы болып
саналады. Осы көзқарас консервативті саяси бағдарға алып келген. Қо-
ғамның барлық бөліктері өзара тәуелді, олардың біреуінің әлсіреуі бас-
қасының жойылуына, ең соңында тұтас жүйенің қирауына алып келеді.
Бұл дегеніміз – әлеуметтік жүйедегі барлық өзгерістерді аса зор сақтық-
пен орындау жөн екенін білдіреді.
5. Өзгерістер тек қоғам мен оның компоненттеріне ғана емес, сондай-ақ
осы қоғамда өмір сүретін индивидуумдарға төнетін қауіп-қатер ре тін де
қарастырылған. Қоғамның әртүрлі компоненттері адамдардың қажет-
тіліктерін қанағаттандыруға негізделген. Институттардың жойылуы
14
I
бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
Алексис де Токвиль 1805 жылы 29 шілде-
де Па рижде дүниеге келді. Ол, бай болмаса
да, көрнекті арис тократтар әулетінен шық-
ты. Оның отбасы Фран цуз революциясынан
зардап шекті. Токвиль дің ата-анасы қамауға
алынды, алайда олар гильотинадан құты лып
кетті. Токвиль аса білімді еді, адвокат пен сот
болып қызмет атқарды (дегенмен екі салада
да та бысқа жетпеді). Есесіне Токвильдің жаз-
ғандары кең танылып, жақсы оқылды, әсіре се
көптеген әлеу меттік
теорияларда басты рөл
ат қарған Ағартушылық фило софиясы тақыры-
бындағы (Руссо мен Монтескье) туындылары
оқырмандардың қызығушы лығын туғызды.
Токвильдің өміріндегі бетбұрысты жағдай
1831 жылы 2 сәуірде басталды. Ол америка-
лық пе ни тенциарлық жүйені зерделеу мақса-
тында досымен (Густав де Бомонт) бірге Құ-
рама Штаттарға ат тан ды. Американы демок-
ратия, теңдік және еркін дік секілді шешуші
құбылыстарды бастапқы күйлерін де зерттеуге
мүмкіндігі бар зертхана ре тінде қарас тырды.
Ол Құрама Штаттардың (ішінара Канаданың да) сол кездегі дамыған (және кейбір дамы-
маған), батысқа созылған Грин-Бей (Висконсин), Мемфис (Тенесси) және Жаңа Орлеан
(Луизиана) секілді бөліктері, Солтүстік-Шығыс, Ортаатланттық және Оңтүстік Штаттар,
сондай-ақ Миссисипи өзенінен шығысқа қарай Орта Батыстың кейбір Штаттарында көп
саяхаттады. Жол бойында кездескен әртүрлі адамдармен әңгімелесті, жүйелі сұрақтар қо-
йып, көп жазбалар жасады, мәліметтер негізінде өз тұжырымдарын пайымдады. Токвиль
(және Бомонт) Құрама Штаттардың ауқымды физикалық және әлеуметтік ландшафтын
бір жылға таяу уақыт бойы зерттеп, Францияға 1832 жылдың 20 ақпанында қайта оралды.
Democracy in America («Америкадағы демократияның») алғашқы томына кірісу үшін Ток-
вильге біраз уақыт қажет болды, бірақ ол іске шындап 1833 жылдың соңында кірісіп,
кітабын 1835 жылға қарай жариялады. Кітап үлкен табысқа жетіп, авторын танымал етті.
Жалпы, демократия бойынша және соның ішінде америкалық
демократия жөніндегі
классикалық жұмыстардың бірін француз аристократы жазғаны қызық болып тұр. Ол
1840 жылы жарыққа шыққан Демократияның екінші томын бітірген бойда өзінің сая-
си мансабын бастады. Бұл томның біріншісіне қарағанда әлеуметтанулық сипаты басым
болды (Аron, 1965). Алғашқы томы саясатқа арналды, әсіресе америкалық саяси жүйені
және оны басқа мемлекеттердің, мысалы, Францияның саяси жүйелерімен салыстыра
талдады. Демократияға байланысты ескертпелері болса да, Токвиль америкалық жүйеге
өте жақсы ниетпен қараған. Екінші том жақсы қабылдана қоймады, ықыластың бұлай
төмендеуі кітаптың мазмұндық бағыты мен әлдеқайда абстрактілі сипатына байланысты
болуы мүмкін.
Токвиль саясатпен айналысуын жалғастыра берді, өзі аристократ болса да, көптеген көз-
қарастарында салыстырмалы түрде либерал болды. Ол бұл туралы былай деді:
«Адамдар маған балама аристократтық және демократиялық жалған сенімдерді
жапсырады. Егер де мен басқа дәуірде немесе басқа елде дүниеге келсем, онда
мен, бәлкім, екеуі нің біреуіне ие болатын едім. Алайда менің дүниеге келуім екеуі-
не қарсы қорғанысымды жеңілдетті. Мен ұзаққа созылған революцияның соңын-
Достарыңызбен бөлісу: