25
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
оның орнына шынайы адами жаратылыстың материалдық болмысына ден қою
керек деген шешімге алып келді. Фейербах өзінің
Гегельге қатысты сындарын-
да, негізінен, дінге көп назар аударды. Фейербахтың пайымдауынша, Құдай
дегеніміз – адамдардың адами болмыстарын өзіндік қасиеті жоқ күшке проек-
циялау. Адамдар Құдайды өздерінен биік қояды, осының нәтижесінде олар Құ-
дайдан алыстайды және оған бірқатар позитивті сипаттамаларды проекциялай-
ды (Ол мінсіз, құдіретті әрі қасиетті), ал
өздерін мінсіз емес, дәрменсіз және
күнәһар деп санайды. Фейербах діннің осындай келеңсіздігін жою керектігін
дәлелдеген. Бұған материализм философиясы көмектесе алады, соның арқа-
сында адамдар (дін емес) ең биік идеалға айналатынын айтқан. Материалистік
философия дін секілді абстрактілі идеяларды емес,
оның орнына шынайы, тақ-
ты адамдарды асыра дәріптейді.
Маркс, Гегель және Фейербах. Маркске Гегель мен Фейербах бірдей әсер
етті және ол
екеуіне де сыни көзқарас танытты. Маркс Фейербахқа ілесіп,
Гегельдің идеализм философиясына бейімділігін сынаған. Маркс бұл пози-
цияны материалистік бағытты қабылдағаны үшін ғана емес, сонымен қатар
практикалық қызметке деген қызығушылығы үшін де ұстанды. Байлық пен
мемлекет сияқты әлеуметтік
фактілерге Гегель шынайы, материалдық бол-
мыс ретінде емес, идеялар ретінде қарады. Тіпті еңбек секілді анық ма териал-
дық процестерді зерттегенде де, Гегель тек абстрактілі ақыл-ой еңбегін назар-
ға алды. Бұл Маркстің шынайы, ақыл-есі бар
адамдардың еңбекке деген қы-
зығушылығынан қатты ерекшеленеді. Осылайша Гегель, Маркстің пікірінше,
қате мәселелерді қарастырды. Бұдан бөлек, Маркс Гегельдің идеализмі өте
консервативті саяси бағытқа алып келгенін сезді. Гегель үшін эволюция про-
цесі адамдар мен олардың қызметі бақылауынан тыс болған. Адамдар әлем-
ді тереңірек ұғынуға бет алғандай болып көрінгендіктен,
қандай да бір рево-
люциялық өзгерістерге қажеттілік болмады, процесс әлдеқашан «өз қа лауын
тапқан» бағытта дамыған еді.
Маркс заманауи өмірдің мәселелерін шынайы, материалдық себептерге
(мысалы, капиталистік құрылымдарына) аударуға және саны жағынан көп
адамдардың ұжымдық қызметінің көмегімен осы құрылымдарды жою арқы-
лы мәселелердің шешімін табуға болатынын дәлелдейтін
өзгеше позицияны
ұстанған (Marx and Engels, [1845] 1956:254). Гегель «әлемді асты-үстіне шы-
ғарған» (яғни шынайы материалдық әлемге емес, сана-сезімге бағытталды),
алайда Маркс оның диалектикасын материалдық базаға берік негіз етіп қалады.
Маркс Фейербахтың Гегельге деген сын-пікірлерін бірқатар баптар бо-
йын ша мақұлдады (мысалы, оның материализмі және Гегель теориясының
абс тр актілігін қабылдамау), бірақ ол Фейербахтың позициясына толық қа-
на ғаттанбады (Thomson, 1994). Біріншіден, Фейербах дінге акцент қойды, ал
Маркс түгелдей әлеуметтік әлемді және соның ішінде экономиканы талдау
керек деп сенді. Маркс Фейербахтың материализмін қабылдаса да, ол Фейер-
бахтың өзінің материалдық
әлемге деген біржақты, диалектикалық емес көзқа-
расымен тым алыстап кеткенін сезді. Фейербах Гегельдің ең маңызды үлесін –
диалектиканы – әсіресе адамдар мен материалдық әлем арасындағы қарым-
қатынастарды өзінің материалистік бағдарына қоса алмады. Маркс ақырында
Фейербах көптеген философтар секілді
праксистің (praxis) – практикалық
қызметтің, әсіресе революциялық белсенділіктің рөлін ескермегенін дәлел де-
ді (Wortmann, 2007). Бұл жайында Маркс былай деген: «Философтар әлемді
26
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
тек әртүрлі
жолдармен түсіндіріп қана қойған, бірақ басты мәселе – оны
өзгер-
ту» (cited in R. Tucker, 1970:109).
Маркс осы екі ойшылдан аса маңызды екі элементті белгіледі: Гегельдің
диалектикасы мен Фейербахтың материализмі. Сондай-ақ оларды
диалекти-
калық материализм
6
атты өзінің бағытына біріктірді. Бұл бағыт материалдық
әлемдегі диалектикалық қатынастарға сүйенеді.
Достарыңызбен бөлісу: