12
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
ХVII ғасырдағы философия дегенде Рене Декарт,
Томас Гоббс пен Джон
Локк секілді ойшылдардың еңбектері ойымызға оралады. Рационалды идеялар-
дан тұратын жалпы сипаттағы ауқымды және өте абстрактілі жүйелерді құруға
басты мән беріледі. Кейінгі кезең ойшылдарының сенімінше, идеялардың жү-
йесі ортақ, парасатты мағынаға ие болуы тиіс. Бірақ олар өздерінің идеяларын
шын өмірден алуға және оларды сол жерде апробациялауға үлкен күш салды.
Бас қа сөзбен айтқанда, олар эмпирикалық зерттеуді
рационалды негіздеумен
бі рік тіргілері келді (Seidman, 1983:36–37). Оның моделі ретінде ғылым, әсіресе
Ньютонның физикасы қызмет етті. Біз осы сәттен бастап ғылыми әдістің әлеу-
меттік мәселелерге қолданылуы қалай басталғанын көреміз. Ағартушылық ағы-
мының ойшылдары өз идеяларын шынайы өмірден алуға (аз дегенде бір бөлігі)
тырысып
қана қоймай, сондай-ақ бұл идеялардың әлеуметтік әлемнің игілігіне
қызмет жасап, оны сыни талдауға көмектесетіндей етуге талпынды.
Жалпы айтқанда, адамдар әлемді түсініп, оны ақыл-ой және эмпирикалық зерт-
теудің көмегімен басқаруға болады деген сенім – ағартушылыққа тән сипат. Идея-
ның мәнісі: «физикалық әлемді табиғат заңдары басқаратын болса, ендеше, әлеу-
меттік әлемді де өз заңдары басқарады».
Осылайша, философтың міндеті – әлеу-
меттік әлемнің заңдарын ақыл-оймен және зерттеулердің көмегімен ашып көрсету.
Әлеуметтік әлемнің заңдары қалай әрекет ететінін түсініп, ағартушылық ойшылда-
ры практикалық мақсатқа – «ең жақсы», аса рационалды әлемді құруға көшті.
Ағартушылық философтары рационалды негіздеуге баса назар аударып,
дәстүрлі билікке сенуден бас тартты. Дәстүрлі құндылықтар мен институт-
тарды зерттеп, оларды көбінесе иррационалды деп, яғни адамның табиғатына
қайшы келеді және оның өсіміне, дамуына кедергі келтіреді деп санаған. Өз
идеяларын іске асыруды және қоғамдағы шынайы өзгерістерді көздеген ағар-
тушы-фило соф тар өздерінің миссиясы осы қисынсыз жүйелерді
жеңіп шығу
деп есептеген. Ағар тушылықтың бірден-бір тікелей және позитивті әсеріне ден
қойған теорияшылар Алексис де Токвиль мен Карл Маркс еді, бірақ олар өзде-
рінің алғашқы теорияларын Германияда жасаған.
Достарыңызбен бөлісу: