474
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Бұл тарауда позитивистік бағытты ұстанатын өзара байланысты үш теория қарастырыл-
ды. Қазіргі айырбас теориясы зияткерлік әсер сериясы арқылы эволюцияланады, әсіресе
бихевиоризм және рационалды таңдау теориясы арқылы дамыды. Қазіргі айырбас теория-
сының негізін қалаушы Джордж Хоманс болып саналады. Оның редукционистік, табанды
түрде микробағдарланған айырбас теориясы ұсыныстардың кіші санына жинақта лды. Блау
бірінші кезекте нормалардың маңыздылығын атап, макродеңгейде айырбас теориясын ке-
ңейтуге ұмтылды. Айырбас теориясындағы қазіргі жұмыстың көп бөлігі айырбас үшін ин-
тег ративті, микро-макротәсілді әзірлеу үшін Ричард Эмерсонның дамытудың құрылымдық
жүктемесінің ықпалында болды. Эмерсон ізбасарлары және басқалар оның теориялық ке-
лешегін жаңа домендер қатары арқылы кеңейту мақсатында еңбектеніп жатыр.
Эмерсон концерндерінің бірі – желілер, сонымен қатар желілік теориясымен байланыс-
ты концерн. Сондай-ақ айырбас теориясы мен желілік теориясы арасында көптеген қай-
талаулар кездеседі, көптеген желілік теорияшылар айырбас шегінен тыс жұмыс істейді.
Желілік теориясы әлеуметтік шынайылықтың микро- және макродеңгейлері арасындағы
байланыстардың объективті үлгісіне жұмылдырылады.
Желілік айырбас теориясы айырбас желісіндегі билікті бөлуге назар аудару мақсатында
әлеуметтік айырбас теориясын және желілік талдауды біріктіреді. Ол қайбір құрылымдар-
дың өздігінен күшті немесе әлсіз болу жолдарын қарастырды.
Көп деңгейде Джеймс Коулманның қажырлы еңбегінің арқасында айырбас теориясы-
ның дамуында айрықша орын алатын рационалды таңдау теориясы теориялық перспекти-
ва ретінде қалыптасты. Ең алдымен, экономикаға негізделген бірнеше принциптерді қол-
дана отырып, рационалды таңдау теориясы микро- және макродеңгей мәселелерін шешу
мүмкіндігін, сонымен қатар макродеңгей феноменінің қалыптасуындағы микродеңгейлік
факторлар рөлін тұспалдайды. Әлеуметтануда рационалды таңдау теориясын жақтаушы-
лардың саны көбеюде, алайда басқа теориялық перспективаларды қолдайтындардың оларға
қарсыласуы да артып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: