469
11-тарау
•
Айырбас, желілік және рационалды таңдау теориялары
Адамдар өздерінің мінез-құлқын бақылаудан бас тартуға дайын, бірақ про-
цесс барысында олар басқалардың мінез-құлқын бақылау (нормалар арқылы)
құқығына ие болады. Коулман өзінің норма бойынша ұстанымын былай нақ-
тылайды:
«Бұл түсініктің негізгі элементі... өз іс-әрекетін ішінара бақылау құқық-
тарынан бас тарту және басқалардың іс-әрекеттерін
ішінара бақылау құ-
қықтарына ие болу, яғни норманың пайда болуы. Соңғы нәтиже – бұл
шінің оғаш қылықтарына еретін, репликацияға бой бермейтін және түсіндірмелі немесе
себеп-салдарлы байланыстары жетіспейтін жүйесіз әдістерден бойын аулақ ұстай оты-
рып, сандық әдістерді қолдануы керек. Неліктен менде және Колумбиядағы басқа сту-
денттерде сол кезде осы көзқарас болды? Менің ойымша, бұл – Роберт К. Мертон мен
Пол Лазарсфельдтің ерекше тәсілдерінің нәтижесі».
(Coleman, 1994:30–31)
90-жылдардың ортасына қарай Коулман өзінің көзқарастарының өзгергенін, бірақ ол өзгеріс өзі
ойлағандай емес екенін байқады. Мысалы, 1960 жылдары Джон Хопкинстегі әлеуметтік симу-
ляциялық ойындар туралы өзінің жұмысына қатысты ол: «Мен үшін жүйенің ерекшелігі әрекет
етудің жалғыз детерминанты болып табылмайды (Эмиль Дюркгеймнің
Le suicide («Суицид») зерт-
теуіндегідей), сонымен қатар кейде әдейі, кейде байқаусыз әрекеттердің салдары болуы мүмкін
деген теориялық бағытымды өзгертуге мәжбүрледі», – деді (Coleman, 1994:33). Осылайша Коул-
манға іс-әрекет теориясы қажет болды, сол үшін ол көптеген экономистер секілді,
рационалдық сипаттағы қарапайым негізді немесе мақсатты әрекетті таңдады. Әлеуметта-
нудың ең күрделі міндеті – микродеңгейдегі әрекеттен макродеңгейдегі нормаларға, әлеу-
меттік құндылықтарға, мәртебені бөлу мен әлеуметтік жанжалға көшетін теорияны дамыту.
(Coleman, 1994:33)
Коулман экономикаға не себепті ден қойғанын төмендегіше түсіндіреді:
«Экономиканы басқа әлеуметтік ғылымдардан ерекшелейтіні – оның «рационалды
таңдауды» қолданбауы, бірақ жеке әрекет пен жүйенің функционалдану деңгейлерінің
арасындағы алмасуларға мүмкіндік беретін талдау тәсілін қолдануы. Екі жорамал жасай
отырып, бұл адамдар рационалды әрекет етеді және нарықтар толықтай коммуникация
арқылы жүзеге асады, экономикалық талдау жүйесі қызметінің макродеңгейін жеке әре-
кеттердің микродеңгейімен байланыстыра алады».
(Coleman, 1994:32)
Коулманның әлеуметтануға деген көзқарастарының басқа аспектілері оқушы кезіндегі алғашқы
жұ мысына
байланысты, оны әлеуметтік саясатқа қолдануға болады. Ол теория туралы былай
деді: «Әлеуметтік теориядағы жұмыстарды бағалау өлшемдерінің бірі оның әлеуметтік саясатты
ақпараттандыру мүмкіндігіне қарай айқындалады» (Coleman, 1994, р. 33). Кейбір әлеуметтану-
шылар Коулманның теорияны, әдістерді және әлеуметтік саясатты байланыстыру мақсатымен,
әсіресе көпшілігі Коулманның оларды байланыстыруды таңдаған кейбір жолдарымен келіспей-
ді. Ерекшеліктерімен келісе ме, жоқ па – болашақ әлеуметтанушылар әлеуметтік тәжі рибенің
осы үш негізгі аспектісін тиімді байланыстыру қажеттілігіне әлі күнге дейін дауласып келе жатыр.
Бірақ қалай болғанда да, олардың кейбірі Джеймс Коулманның жұмысынан пайдалы модельдер-
ді таба алары сөзсіз.
Джеймс Коулман 1995 жылы 25 наурызда қайтыс болды (J. Clark, 1996; Lindenberg, 2005;
Marsden, 2007).
470
II
бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
бақылау... оны әрқайсысы өз бетімен жүргізеді, бұл – бақылауды жүзеге
асыратын акторлардың барлығына тән міндет».
(Coleman, 1990:292)
Сонымен қатар адамдар басқаларды ішінара бақылау жасау құқығына ие бо-
лып және басқа тұлғаларға ішінара өздерінің бақылау құқығын беру арқылы өз
пайдаларын барынша арттырған сияқты болып көрінеді. Басқаруды беру бір-
жақты
болмағандықтан, нормалар жағдайында тепе-теңдік бар.
Сондай-ақ нормалардың кейбір адамның мүддесіне сай болғанмен, басқа бі-
реуге зиян болып келетін кездері де бар. Кейбір жағдайларда нормаларға бас-
тамашылық ететін және қолдайтын акторлар өз іс-әрекеттерін бақылаудан бас
тартады. Мұндай нормалар кейбір адамдар басқа адамдардың іс-әрекеттерін
бақылау құқығына ие (норма арқылы) болу жөнінде консенсус пайда болған-
да күшіне енеді. Сонымен қатар нормалардың тиімділігі консенсусты сақтау-
ды қамтамасыз ету мүмкіндігіне байланысты. Консенсус
және құқық қолдану
ұжымдық мінез-құлыққа сай теңсіздіктің алдын алады.
Коулман нормалар өзара байланысты екенін мойындайды, бірақ ол осын-
дай макромәселені әлеуметтік жүйелердің негіздеріндегі өз жұмысының шең-
берінен тыс көреді. Дегенмен ол норма интернализациялануының микромә-
селесін өз мойнына алуға дайын болады. Ол интернационализацияны талқы-
лау барысында «рационалды таңдауға негізделген теориялар бағытына ығыса
бастағанын» мойындайды (Coleman, 1990:292). Ол
нормалардың интернали-
за циялануын ішкі санкциялау жүйесін құру ретінде қарастырады. Адамдар
нормаларды бұзған кезде өздерін санкциялайды. Коулман бұл жағдайды нор-
маларды қолдану арқылы басқаларды бақылауға тырысатын бір актор немесе
акторлар тобының көзқарасы тұрғысынан талдайды. Осылайша бір акторлар
жиынты ғының қызығушылығын туғызу үшін
ішкі нормалар сақталуы және
соған сәйкес реттелуге тиіс басқа жиынтықтың болуы шарт. Ол «мұндай әре-
кеттер ақылға қонымды шығындармен тиімді болған жағдайда» мұны рацио-
налды деп санайды (Coleman, 1990:294).
Коулман нормаларға өзінің теориясының үш негізгі элементі тұрғысынан:
микродан – макроға, микродеңгейдегі мақсатты әрекетке, макродан – микро-
ға қарайды. Нормалар – микродеңгейдегі мақсатты әрекеттің негізінде пайда
болатын макродеңгейдегі феномендер. Баяғыда болған нормалар санкция сал-
дарынан немесе санкция қаупінен жеке тұлғалар әрекетіне әсер етеді. Кейбір
әрекеттерді
қолдай отырып, кейбірін қолдамауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: