Алеуметтану тероиясы indb


Тарихи көзқарас: феминизм, әлеуметтану және гендер



Pdf көрінісі
бет349/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Тарихи көзқарас: феминизм, әлеуметтану және гендер
Феминизм мен әлеуметтану феминизмнің іргелі сұрақтарына жауап табу үшін 
әлеуметтануға тереңірек үңіле отырып, феминистер тарапынан бұрыннан келе 
жатқан қарым-қатынастармен бөліседі.
Феминистік перспектива Батыс тарихында тұрақты сипатқа ие. Әйелдер ба-
ғынышты болған жерінде, олар әрқашан және барлық жерде дерлік бағынышты 
болды, олар осы жағдайды мойындады және наразылық білдірді (Lerner, 1993). 
Батыс әлемінде наразылық танытқан мақалалар 1630 жылдардан бастап, ша-
мамен 1780 жылдарға дейін жіңішке, бірақ ұзаққа созылған ағыс ретінде пайда 
болды. Сол кезден бастап феминистік жазбалар ғылыми ұжымдық күшке айнал-
ды, ол көптеген интеллектуалды оқиғаларды қамтығандықтан, олардың қатысу-


480
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
шыларының санымен қатар, сын айтатындардың саны да арта берді (Cott, 1977; 
Donovan, 1985; Giddings, 1984; Lerner, 1993; Rossi, 1974; Spender, 1982, 1983; 
Tong, 2009).
Феминистік жазбалар соңғы 200 жылда қарқынды дамығанымен ерекшеле-
ніп отырған феминистік әлеуметтік белсенділікпен байланысты; маңызды сәт 
заманауи Батыс тарихының либералды «мезеттерінде» болып отырады. АҚШ 
тарихында феминистік мобилизацияның негізгі кезеңдері «толқын-толқын» бо-
лып дүниеге келді. Феминизмнің бірінші толқыны – әйелдердің саяси құқығы, 
әсіресе дауыс беру күресіне бағытталған және құлдыққа қарсы қозғалысының 
бөліну шеңберінде 1830 жылдары басталды. Екі атаулы күнмен ерекше есте 
сақталды: Нью-Йоркте, Сенека-Фолсте әйелдер құқығы туралы конвенция қа-
былданған 1848 жылы әйелдерге құқық беру жөнінде 19 өзгерту енгізілген 1920 
жыл. Феминизмнің екінші толқыны (1960–1990 жылдары) аталмыш саяси құ-
қықты экономикалық және әлеуметтік теңдікке ауыстырып, гендер тұжырымы 
арқылы әйелдер мен ерлер арасындағы қарым-қатынасты қайта ұғынуға қызмет 
етті. Феминизмнің екінші толқынын уәждеуде үшінші толқынды феминизм тер-
мині әртүрлі топтардағы әйелдердің: қара түсті әйелдер, лесбиян, жұмысшы тап 
әйелдері, жаһандық Оңтүстік елдеріндегі әйелдер, сонымен қатар ХХІ ғасыр-
да ересектерге тән өмір сүретін әйелдердің сыни көзқарастарын сипаттау үшін 
қолданылады (Ferree, 2009).
Өз түсініктерінде феминист болған әйелдердің көпшілігі әлеуметтанудың 
мамандық және пән ретінде дамуына басынан бастап белсенді араласты. Бірін-
ші толқындағы феминистік идеялар 1830 жылдары Огюст Конт әлеуметтану 
ұғымын ойлап тапқанда, ал феминист Гарриет Мартиноға (1802–1876) әлеу-
меттанудағы журналдарды редакциялауды ұсынған кезде сол заманның түсінік 
шегінен тыс болды. Мартино – әлеуметтану тарихындағы елеулі тұлға. Оның 
еңбектері екінші толқынды феминизмнің (Deegan, 1991; M. Hill, 1989; Hoecker-
Drysdale, 1994; Lengermann and Niebrugge-Brantley, 1998; Niebrugge, Lenger-
mann and Dickerson, 2010) әсерімен ғана қалпына келді және әлеуметтануды 
«құру кезінде» әйелдер қатысқан деген тұжырымды нығай тады (Lengermann 
and Niebrugge-Brantley, 1998).
Әлеуметтанудың «классикалық ұрпақ» ұйымдастырған пән ретінде дамуы 
1890 жылдан бастап, 1920 жылға дейін (мысалы, Эмиль Дюркгейм [1858 – 1917] 
және Макс Вебер [1862 – 1920]) маңызды жұмыстар атқарған ақ нәсілді ойшыл 
ер адамдар белгілеген бірінші толқынды феминизм белсенділігінің артуымен 
сәйкес келді. Әйелдердің көзқарасы арқылы Джейн Аддамс, Шарлотта Перкинс 
Гилман, Флоренс Келли мен Марианна Вебер сияқты феминистер тікелей неме-
се жанама әлеуметтанудың дамуына, теориялар құруда, зерттеу әдіс терін ойлап 
табуда, әлеуметтану журналдарында мақала шығаруда, әлеуметтанымдық ассо-
циацияларға тиесілі және кәсіби ассоциацияларда қызмет атқаруда маңызды 
рөл атқарады. АҚШ-та қара нәсілді Джулия Купер мен Б. Ида Уэллс Барнетт 
әлеуметтануды ұйымдастыруда, толық қатысуға нәсілдік тәжірибешілер тыйым 
салғанмен, әлеуметтану сыны, белсенділіктің әлеуметтану теориясы мен тәжі-
рибесін пәрменді дамытты. 
Гилманның әлеуметтануға феминистік тұрғыдан қосқан үлесінің тари-
хи маңызы зор болды, ол биологиялық көбею жолымен ерлер мен әйелдер 
арасындағы әлеуметтік қолдау өзгешелігі ретінде анықталатын шамадан 
тыс жыныстық ерекшеліктер тұжырымдамасын ұсынды (Lengermann and 
Niebrugge, 2013). 


481
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
Алайда осы әйелдердің жетістіктері кәсіби элитадағы еркектердің кесірінен 
әлеуметтану тарихынан бірнеше мәрте өшіріліп тасталды (Delamont, 2003; Skeggs, 
2008; for a detailed examination of this process see Lengermann and Niebrugge-
Brantley, 1998).
1920 мен 1960 жылдар арасында феминистік ойлау мен белсенділік төмен-
дей бастады, ол, біріншіден, жартылай дауыс беруден жеңіске жеткен аномия 
сезіміне байланысты болса, екіншіден, жартылай әлеуметтік дағдарыс себепші 
болды: Бірінші дүниежүзілік соғыс пен оның зардаптары, Ұлы дағдарыс, Екін-
ші дүниежүзілік соғыс пен оның зардаптары, 1950 жылдардағы қанды соғыс-
тар өз әсерін тигізбей қойған жоқ. Әлеуметтанушы әйелдер өздерінің кәсіби 
маргиналда нуын сынауға негіз қалдырмады. Олар ерлер үстемдік ететін уни-
верситетте тұрақты орын алу үшін өз бетінше оқшауланып жұмыс істеді. Де-
генмен әйел әлеуметтанушылар әйелдердің өмірлеріне зерттеу жүргізді және 
Элен Мэйер Хакердің Women as a Minority Group («Әйелдер азшылық топ ре-
тінде») (1951) және Мирра Комаровскийдің Cultural Contradictions of Sex Roles 
(«Жыныстық рөлдердің мәдени қайшылықтары») (1946) деген еңбектеріндегі 
«жыныстық рөлдер» аясындағы гендерлік мәселелердің тұжырымдары негізін-
де жұмыс істеді.
1960 жылдан бастап феминистік белсенділіктің екінші толқыны – феминис-
тік ойлар күшейе бастады, әлеуметтанудағы әйелдер өз мамандықтарын қор-
ғауға және пәнде феминистік перспективаны құруға (қайта құруға) бар күшін 
салды (Ferree, Khan, Morimoto, 2007; Niebrugge, Lengermann, Dickinson, 2010). 
Алиса Росси сияқты жеке әйелдердің басшылығымен Америкалық әлеумет-
танушылар ассоциациясында Әйелдер жиынының құрылуы, содан кейін 1971 
жылы Sociologists for Womenin Society – SWS («Әлеуметтанушылар қоғамдағы 
әйелдер үшін») атты жеке феминистік ұйымның 1987 жылы Джудит Лорбер 
шығарған Gender&Society журналын батыл түрде қаржыландыра бастауы – бұл 
саладағы үлкен жетістік болды. Бұл қадамдар әйелдерге мамандық және феми-
нистік басылымдармен сөйлесу арқылы пәнге идея енгізетін феминистік базаға 
жол ашты.
Екінші толқын феминизмінің әсері әлеуметтануда әлі күнге дейін жалғасын 
тауып келеді. Әйелдер кәсіпке студенттер, оқытушылар және ғалымдар ретінде 
теңдесі жоқ ауқымда араласты; бакалаврдың көпшілігі және PhD атағын алу-
шылардың жартысына жуығы қазіргі кезде әйелдер болып отыр (Англия, 2010; 
Stacey and Thorne, 1996). Әйелдердің, пайыздық көрсеткіші пәнге жалпы қаты-
суына қарағанда, пәннің кәсіби ассоциациялардағы қызметі жоғары (Rosenfeld, 
Cunningham and Schmidt, 1997).
Бұл екінші толқын салтанат құру кезеңіндегі әлеуметтануда гендер мәселесі 
басты тұжырымдаманың біріне айналды (Ferree, Khan, Morimoto, 2007; Finlay, 
2007; Tarrant, 2006). Кең мағынада «ер» және «әйел», «еркектік» және «әйел-
дік» терминдерінде адамдар мен мінез-құлықтарды жіктеу үшін әлеуметтік құ-
рылым ретінде түсіндірілетін гендер қазір ғылыми-зерттеулерде сөзсіз айны-
малы болады. Айнымалының болуы гендерлік теңдіктің кейбір стандарттарын 
нормативті міндеттеуді немесе теңсіздіктің шешімдері гендерлік дискримина-
ция тәжірибесі арқылы түсіндірілуінің мүмкіндігін білдіреді. Гендерге назар 
аудару нәтижесі ерлер мен әйелдерді дұрыс қосу үшін феминистік түсініктерді 
айтарлықтай кеңейтті, ал феминист ғалымдар қауымдастығы әлі күнге дейін 
әйелдерден ғана құралғанмен, ендігіден былай ер феминистердің маңызды жұ-
мысын қамтиды (Brickell, 2005; RWConnell, 1995; Diamond, 1992; Hearn, 2004; 


482
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
M.Hill, 1989; A.Johnson, 1997; Kimmel, 1996, 2002; Messner, 1997; Schwalbe, 1996; 
Trexler, 1995; Wedgwood, 2009).
Дегенмен феминизм мен әлеуметтану арасындағы қарым-қатынас тура-
лы үнемі кереғар пікірлер болып тұрады. 1985 жылы Стейсимен Торн The 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   345   346   347   348   349   350   351   352   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет