499
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
Дороти Смиттің әлеуметтану теориясы оның әйел ретіндегі, дәлірек айтсақ, ерлер үстемдік ете-
тін академиялық ортамен жалғызбасты ата-ананың, екі әлемнің ортасында жанталасып жүрген
әйелдің өмір тәжірибесінен туындайтынын айтады. 1960 жылдардағы Берклидегі өмірін, яғни
жалғызбасты ана ретінде баласын өзі асырап, әлеуметтану саласында докторлық дәреже қор-
ғағанын еске алады, ол өз өміріне қатысты «мансап – тосын жағдайлар мен қайғылы оқиғалар-
дың тізбегі» деп санайды (1979:151). Бұл күтпеген тақырып Смиттің жобаларының сызықтық
ізденісімен айналысатын мақсатты акторларының бейнесі сияқты, әлеуметтану ортодоксиясы-
на қатысты таласқа түсуге мәжбүрлеген көптеген жеке тәжірибелерінің бірі болып табылады.
Ол оқиғалар әдейі немесе жоспарлы түрде жасалғанына қарамастан, кейінгі оқиғалар Смит-
тің дамуындағы маңызды кезеңдер секілді аутсайдер болып көрінеді. Ол тәуелсіз әрі белсенді
әйелдердің көпұлтты отбасында дүниеге келді (Smythe, 2009). 1955 жылы Лондон универси-
тетінде әлеуметтану саласының бакалавр дәрежесін алды, ал әлеуметтану сала сындағы фи-
лософия докторы дәрежесін Берклидегі Калифорния университетінде 1963 жылы қорғады.
Бұл кезең ішінде ол «некеге тұру, иммиграциялану (Канадаға), өмірге бала әкелу, күйеуінің
тастап кетуі және т.б. жағдайларды» басынан өткерді (D. Smith, 1979:151). Смиттің пікірінше,
бұл оқиғалар кезінде «шындығында, менде таңдау аз болды және, әрине, алдағаны болжай
білу қабілетім де нашар еді». Берклиде әлеуметтанушы-зерттеуші, әлеуметтану оқытушысы,
Эссекс университетінде әлеуметтану пәнінен дәріс оқушы, Колчестер, Англия университетінің
оқытушысы қызметтерін атқарды, британиялық Колумбия университетінде әлеуметтану ка-
федрасында доцент, Торонтадағы Онтарио Білім берудегі пәндер институтында әлеуметтану
профессоры болып жұмыс істеді.
Смит барлығы «бифуркацияға» (екіге бөліну) байланысты деген тақырыпта көп еңбек жазды.
Еңбектері кейде басты тақырып ретінде, кейде мотив ретінде жазылды. Смит әлеуметтік-ғылы-
ми сипаттама мен адамдардың өмірлік тәжірибесі арасындағы, әйелдердің бастарынан кешкен
тәжірибесі мен патриархалды идеал типтерінің арасындағы, микротәжірибе мен макроәлем
құрылымдарының арасында (әсіресе субординаттар мен доминанттардың микроәлемдерінің
арасында) болатын бифуркация тәжірибесін талдады. Смит еңбектерінің кейбірін таңдап, бе-
рілген тақырыптарды жете қарастыруға болады. 1987 жылы Смит феминистік әлеуметтанудағы
маңызды тақырыптардың ең ауқымды әрі кешенді түсініктемесін жасады
The Everyday Worldas
Достарыңызбен бөлісу: