503
12-тарау
•
Қазіргі феминистік теория
шылықты азайтатын прогрессивті салық құрылымы, қауымдастықтың барлық
мүшелерінің күнкөріс минимумын қамту, кең әлеуметтік қорғауды қамтамасыз
ету арқылы әлеуметтік ресурстарды тиімді қайта үлестіру… сияқты ауқымды
шараларға көпшілікті жұмылдыру. Олардың ойынша, адамдар басқа адамдар-
дың тұрмыс тіршілігіне өздерінің жеке өмірі сияқты қарап, соны түсінген сәтте
ғана жұмыла әрекет етуге талпынады. Феминистік әлеуметтік ғалымның мінде-
ті – адамдардың тұрмыс күйін қалыптастыратын материалдық теңсіздікті көр-
сетіп, соны жария ету.
Бүгінгі таңда Америка Құрама Штаттарындағы социалистік феминистік
теорияда тежеліс байқалады. Солтүстік Америкалық әйгілі теорияшы Дороти
Смит зерттеулері көптеген диссертациялар мен мақалалардың жазылуына әлі
де арқау болып жатыр. Алайда олар көбінесе оның «институттық этнография-
дағы» еңбегіне немесе әлеуметтанудағы эпис те мологиялық сұрақтарға сүйе-
неді (Hart and MacKinnon, 2010). Бірақ социалистік феминистік теориялау
әлемнің өзге бөліктерінде аса маңызды беделге ие. Кейбір жағдайларда оның
басты қағидалары феминистік тұжырымдауларға негіз болып отыр. Мысалы,
Хорватия сияқты заманауи капиталистік қоғамдағы гендерлік жұмыстың ма-
ңызы туралы 2011 жылы Бранки Галичтің жүргізген зерттеуін атауға болады.
Джесук Сонг (Jesook Song, 2010) тұрмысқа шықпаған Оңтүстік Корея әйелде-
рінің «өз бөлмесін» іздеуін капитализм мен патриархат интерфейстерінің түп
тамырындағы кеселден көреді. Бір жағынан, гетеросексуалдық пен қаржы ин-
дустриясындағы некеге қатысты теріс пікірлердің салдарынан 20–30 жастағы
әйелдердің несиені өтеуі қиын екенін көрсетеді. Екінші жағынан алсақ, мұндай
автономияға деген ұмтылыс еңбек нарығындағы тұлғаның «неолибералды»
түсінігін нығайтуына септігін тигізетінін тұспалдайды. Энн-Майке Фехтер
(2010) жаһандық ұжымдық капитализмге «Әйелдер қайда?» деген сауал қоя-
ды. Әйелдерді жаһандық капитализмдегі жалақысы аз, қаналушы еңбек күші
ретінде көрудің орнына, ол өздерінің өмірлерін капитализмнің ерте даму са-
тыларымен байланыстыратын жоғарғы экспатрианттар әйелдерінің, яғни им-
периялық отарлық шенеуніктердің әйелдерінің зерттелмеген өмірлеріне назар
аударады. Екі жағдайда да ол өз күйеулеріне қолдау көрсету үшін эмоциялық
жұмыстарды орындайтын әйелдерді көреді, сонымен қатар бұл әйелдер ка-
питализмнің жаһандық қанат жаю кезеңінде алаңдаушылық тудыратын нәр-
сенің барлығының эмблемасы ретінде идеологиялық тұрғыдан қызмет етеді.
Кэтрин Хаким (2010) әйелдер еркектерге қарағанда «эроти калық капиталдың»
активтерін көбірек тарататынын айтады және ол капи талистік патриархаттың
осы активтерді пайдалануға байланысты көптеген шектеулері моральдық тер-
миндермен емес, тапшы ресурстардың экономикалық бақылануы терминдері-
мен түсіндірілуі қажет деп тұжырымдау мақсатында, Бурдьенің капитал тұ-
жырымдамасын қайта қарастырды.
Достарыңызбен бөлісу: