Алеуметтану тероиясы indb


12-тарау • Қазіргі феминистік теория Гендерлік теңсіздік



Pdf көрінісі
бет357/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

489
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
Гендерлік теңсіздік
Гендерлік теңсіздіктің феминистік тұрғыда теориялануын төрт тақырып сипат-
тайды. Ерлер мен әйелдер қоғамда тек өзгеше ғана емес, сондай-ақ біркелкі орна-
ласпаған. Әйелдер тап, нәсіл, кәсіп түрі, этникалық тегі, діні, білімі, азаматтыққа 
негізделген немесе осы факторлардың кез келген қиылысуындағы әлеуметтік 
жағдайлармен бөлісетін ерлерге қарағанда өзін-өзі жетілдіру үшін материалдық 
ресурстарға, әлеуметтік мәртебеге, билікті және қажетті мүм кін діктерге сонша-
лық ие емес. Осындай теңсіздік нәтижелерінің себепкері – қоғамның ұйымдас-
тырылуы, өйткені адам потенциалдарының сипаты мен өзгешеліктеріне қарай 
ерекшеленсе де, табиғи өзгерістердің ешбір елеулі заңдылығы жыныстарды 
бөлмейді. Кез келген адам өз жағдайының шектеулері мен мүм кіндіктеріне бе-
йімделетін өзін-өзі жетілдіру мен фундаменталды икемділік тегі ажырамас қа-
жеттілік арқылы сипатталады. Гендерлік теңсіздік бар деп айту әйелдердің ер-
лерге қарағанда белгілі жағдайға қатысты өзін-өзі таны ту мүмкіндігінің азырақ 
екенін білдіреді. Барлық теңсіздік теорияларына сәй кес, әйелдер де, еркектер 
де аса эгалитарлы әлеуметтік құрылымдар мен жағ дайларға айтарлықтай жеңіл 
жауап қатады. Бұл тұрғыдан гендерлік теңсіздік теорияшылары мен гендерлік 
айырмашылық теорияшылары бір-бірімен қайшы келеді. Соңғылары гендерлік 
айырмашылықтың себептеріне қарамастан, тұлға табиғатына әлдеқайда тереңі-
рек бойлап әлеуметтік өмір құбылыстарына жіті мән береді.
Либералды феминизм. Гендерлік теңсіздік теориясының негізгі көрінісі – ли-
бералды феминизм. Осыған сәйкес, гендерлік теңсіздік еңбек бөлінісінің сек-
систік құрылымдауының нәтижесі болып саналады және гендерлік теңдікке 
қол жеткізу үшін басты институттарды – заң, жұмыс, отбасы, білім алу және 
бұқаралық ақпарат құралдарын қайта құрылымдау арқылы еңбек бөлінісін өз-
герту керек; осылай еткен жағдайда моральдық құрылым үшін елеулі адами ка-
питал ретінде әйелдер ерлермен қатар өз теңдігін талап ете алады (Bem, 1993;
Friedan, 1963; Lorber, 1994; Pateman, 1999; A. Rossi, 1964; Schaeffer, 2001).
Тарихи тұрғыдан бұл тұжырымдар алғаш рет 1848 жылы әйелдерді қосу үшін 
Тәуелсіздік декларациясын салыстыру мен кеңейту мақсатында Нью-Йорктегі 
Сенека Фоллда жасалған ниеттер туралы декларацияда саяси тұрғыдан қалып-
тасты. Ол төмендегідей ревизионистік жолмен басталады: «Біз ешқандай кү-
мәнсіз әйелдер мен ерлер тең жаралған деп санаймыз» (көлбеу автордікі) және 
әйелдерге ерлермен тең дәрежедегі құқықты иеленуге шақыруымен аяқталады. 
Мұндай іргелі құжаттың радикалды сипаты – ол әйелді үй мен отбасының айна-
ласында шектемей, «өзіндік жеке тұлға ретінде құқығы бар, тәуелсіз адам» деп 
тұжырымдады (DuBois, [1973] 1995). Сонымен бірге ол либералды феминизм 
толыққанды өмір сүретін жағдайды қарастырады, яғни 1) барлық адамның бел-
гілі бір елеулі ерекшеліктері – ойлау қабілеті, моральдық абыройы мен ар-намы-
сы бар; 2) бұл мүмкіндіктерге құқықтары заң жүзінде мойындалғанда ғана қол 
жеткізіле алады; 3) жыныстық сипатқа қатысты ерлер мен әйелдер арасындағы 
теңсіздіктер – бұл «табиғатта» негізі жоқ әлеуметтік құрылымдар және 4) тең-
сіздікке қатысты әлеуметтік өзгеріс саналы қоғамға ұйымдасқан түрде шақыру 
және мемлекет арқылы жүзеге асуы мүмкін. 
Қазіргі заманда либералды феминизм кең қанат жайып отыр. Ол сол түстік ат-
лантикалық қоғамдардағы нәсілшілдікке қарсы тұратын, Әйелдердің арыз дары 
бойынша құрылған Ұлттық Ұйым (1966) және Пекин Декларациясы (1996) сияқ-


490
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ты өзінің басты ұйымдастырушылық құжаттарында жергілікті, ұлттық, халық-
аралық дәрежеде құрметтелуі тиіс құқықтар ретінде адамның теңдік теориясын 
насихаттап, әр жерде «әйел адамның құқықтарына» байланысты жұмыс жасайды.
Екінші толқын арқылы келген либералды феминизм әйелдердің эконо микалық 
теңдіктері үшін бірінші толқын қол жеткізген саяси құқықтарды жүзеге асыруға 
көңіл бөлді. Феминистік әлеуметтану гендерлік еңбек бөлінісін, әлемді қоғамдық 
пен жекеден айыратын идеология мен тәжірибені талдап, осындай теңдікке қол 
жеткізу жолындағы кедергілерді түсіндіріп, бұл жобаға теориялар мен зерттеулерін 
енгізді. Ер адамдардың қоғамда бірсыпыра қолжетімді артықшылықтары бар, орта 
оларға әлеуметтік өмірдің басты марапаттарын береді, олар: ақша, билік, мәртебе, 
бостандық, өсу мен өзін-өзі дамыту мүмкіндіктері. Ал әйелдерге жеке ортадағы, үй 
шаруашылығындағы жауапкершілік жүтеледі. Күнбе-күн әлемнің барлық жерінде 
көптеген ақысыз еңбек істеліп жатады. Екі сала әйелдердің өмірлерінде үнемі өзара 
әрекеттесіп қатар жүреді және екі салада бұрынғыдай патриархалды идеология 
мен сексизм арқылы қалыптасады. Кейбір классикалық еңбектердің қатарында
(Acker, 1990; Bernard, [1972]1982; Hochschild (Anne Machung), 1989) либералды 
феминистік әлеуметтанушылар әлеуметтік өмірдің мемлекеттік жеке үлгісі тура-
лы негізгі үш түсінікті қалыптастырады: 1) жеке өмірдің динамикасы әйелдердің 
агенттілігін, қоғамдық салаға қатысуын шектейді; 2) қоғамдық саланың өзі әйелдер-
ді қолайсыз жағдайда ұстайтын гендерлік сұрақтар туралы пайымдаулардың төңі-
регінде ұйымдастырылды; 3) жеке және қоғамдық ұйымдар арқылы өзара әрекетте-
су негізінде жүргізілетін келіссөздер, бәлкім, әйелдердің экономикалық теңдіктері 
үшін ең қатал және тұрақты кедергі болар.
Джесси Бернард The Future of Marriag («Некенің болашағы») атты еңбегін-
де ([1972]1982) некенің моделі, идеал мен сенімнің бір уақыттағы мәдени жү-
йесі – ерлер мен әйел дер тәжірибесіне талдау жасады, нормалар мен рөлдерді 
ұйымдастыруды қадағалады. Мәдени тұрғыда неке әйелдер үшін өзін-өзі қа-
лыптастырудың көзі болып саналады, ал ерлер үшін тұрмыс пен жауапкершілік 
туралы сенімсіз ойлар қалыптастырады. Институттық бағытқа сенсек, неке ер-
кекті биліктен де, еркіндіктен де шеттетпейді, яғни тұрмыстық міндеттемеден 
шығу құқығы болады, ерлер жыныстық тұрғыда беделді болған соң, әйелдерді 
өздерін төмен санауға итермелейді. Сол себепті әйелдердің шек телген, тәуелді, 
үй шаруашылығына байланған, изоляцияланған болып сезінуіне себеп болады.
Эмпирикалық тұрғыда кез келген институттық некеде екі неке болады: кү-
йеуі беделді, дербес және әйелі эмоциялы және сексуалды қызмет етеді деген 
нормаларын сезініп, өзін шектелген және ауыртпашылыққа түс кеніне сенетін – 
еркектің некесі және зайыбы өзін қамаулы, шектеулі, өзін-өзі қалыптастыра 
алмайтын, үй ішіндегі, эмоциялы және сексуалды қызмет терді қамтамасыз ету 
міндеті бар, күйеуінің таңдауы мен айтуы бойынша ғана өмір сүре алатын тұр-
ғыда қарастырылатын – әйел некесі. 
Бернард адамның күйзелісі туралы мәліметтерді ұсынды, оның мақсаты – 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   353   354   355   356   357   358   359   360   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет