Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет362/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Problematic («Өмірдің күнделікті проблемалары») (1987). Бұл еңбектен кейін The Conceptual 
Practices of Power («Күштің концептуалды тәжірибеде қолданылуы») (1990a), Texts, Facts and 
Femininity («Мәтін, дерек және феминизм») (1990b), Writing the Social («Әлеуметтанудағы 
жазу») (1999b) және Institutional Ethnography: A Sociology for People («Институттық этнография: 
халыққа арналған әлеуметтану») (2004b) сияқты туындылары жарық көрді.
Смит феминистік әлеуметтанушыларға және мамандықтың теориялық жақтарына қызығатын 
барлық әлеуметтанушыларға неомарксистік мәселелерді үстемдік құрылымдармен және көп-
теген субъективті, микроинтерактивті әлемдерді феноменологиялық түсіндірумен біріктіретін 
әлеуметтануды ұсынды. Смит осы күнделікті өмірдің әртүрлілігін экономикалық сұраныстың 
тарихи ерекшеліктерінен көреді. Үстемдік етушілер өз жеке мүдделерін көздейтіндіктен, па-
йымдау барысында Смит әлемді рационалды шешім қабылдайтын жеке субъект ретінде түсін-
діруден аулақ болғысы келді.
Смиттің ойынша, эгоизмнің өзі де құрылымданған. Алайда бұл құрылымдар әуел бастан белгілі, 
яғни оны жеке адамдардың күнделікті өмірлерін зерделеу арқылы білуге болады деп ойлайды. 
Оның соңғы жұмысы макроқұрылымдарды күнделікті әлемнің ұйымдастырушылары ретінде 
қарастыратын адамдарға арналды, әйелдерге арналған әлеуметтану жобасын кеңейте түседі. 
ДОРОТИ Е. СМИТ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ


500
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
ДОРОТИ Е. СМИТ 
Ол адамдардың күнделікті тәжірибелеріндегі әлеуметтік қарым-қатынастардың мәтіндік ұйым-
дас тырылуын талдауға үлкен қызығушылық танытты (D. Smith, 2006). Бұл жерде оның еңбегі фе-
министік постмодернизмге әлеуметтану баламасын ұсынады. Әлеуметтану теориясы үшін Смит 
еңбектерінің мәні осы тараудың басым бөлігін құрайды. Оның қызметі жайлы маңызды зама-
науи шолу М.Л. Кэмпбелл мен Марджори Дево (2011) еңбектерінде жарияланған.
бұл таптарды бөлудің негізі болып табылады, себебі кейбір таптар өздерінің 
өндіріс құралдарына ие екенін білдіре алса, ал басқа таптар өндіріспен айналы-
сатын жағдайды туындатады. Марксистік талдауда аталған таптық жіктелу ка-
питализм кезінде, заманауи қоғамның экономикалық жүйесінде қалай жүзеге 
асатынына ерекше назар аударылады. Капитализмнің негізгі ерекшелігі болып 
өндіріс құралдарын иемденген таптың – капиталистердің капиталдың үздік-
сіз жиналуына негізделіп жұмыс істеуі саналады. Капитал – экономикалық 
өндірістегі материалдық инфрақұрылымды қалып тас тыруға септігін тигізе 
алатын байлық (ақша немесе өзге де активтер). Адам дардың тауар алмасуы-
на не сатуына бағытталатын экономикалық ұйымдар дың басқа формаларына 
қарағанда, капиталистер тауарды байлық пен дәулет жинау үшін толығымен 
пайдалануға ұмтылады. Капиталистердің тауарды байлыққа айналдыратын 
механизмі қосымша құн болды. Қосымша құн – бұл жұмысшылардың еңбегіне 
берілетін өтемақы мен олар өндіретін тауарлар құнының арасындағы айырма-
шылық. Капиталистер аталған қосымша құнды иемденіп, оны өздерінің өмір 
салттарын жақсартуға және биліктерін арттыруға және, ең алдымен, капитал-
ды жинау мен көбейтуді әрі қарай жалғастыра беру үшін қайта инвестициялау 
мақсатында қолданады.
Социалистік феминистер капитализмнің таптық қатынастарының марк сис-
тік талдауын негізгі құрылымдық қысымның бірінің түсіндірмесі деп қабыл дай-
ды. Бірақ олар патриархат дәл сол экономикалық өндірістің жанама өнімі деген 
марксистік талдауды жоққа шығарады. Оның орнына олар патриархат экономи-
калық жағдайлар арқылы өзара әрекеттесетін тәуелсіз қысым құрылымы болып 
табылады деген радикалды феминистік дәлелді қолдайды.
Социалистік феминизм капитализм кезіндегі және патриархат кезіндегі 
қысым туралы білімдерін әлеуметтік қанаудың барлық түрлерінің бірыңғай 
түсіндірмесіне біріктіреді. Бұл екі қысымды біріктіруге қолданылатын бір тер-
мин – капиталистік патриархат (Eisenstein, 1979; Hartmann, 1979; Kuhn and
Wolpe, 1978). Бірақ көбіне кең ауқымда қолданыста болатын термин үстемді-
гі басым жақ екінші бағынышты жақтың тәуелсіз субъективтілігін мойындау-
дан бас тарта отырып, үстемшілдіктің құралына айналдыратын қарым-қатынас 
ретінде жоғарыда («гендерлік қысым» тарауында көрсетілген) анықталғандай, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   358   359   360   361   362   363   364   365   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет