Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет365/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

In Fighting Words: Black Women and the Search for Justice («Сөзбен күрес: қара түсті әйелдер 
және әділдікті іздеу»
) (1998) еңбегінде Коллинз әлеуметтік теорияның қайта анықтауға ба-
ғытталған жобасын жалғастырады. Алайда ол оны элиталық интеллектуалды топтың провин-
циясы немесе тәжірибесі ретінде қарастырмайды, қайта оны әлеуметтік әлем бойынша әр-
түрлі әлеуметтік топтарды түсінуге қарай бағыттады. In Black Sexual Politics: African Americans, 
Gender and the New Racism («Қара нәсілділердің жыныстық саясаты: афро-америкалықтар, 
гендер және жаңа нәсілшілдік») (2004) атты еңбегінде Коллинз өзінің сектораралық теория-
сының аясын қара нәсілді әйелдер мен ерлердің бастарынан өткен әртүрлі проблемаларды 
талдауға дейін кеңейтті.
ПАТРИСИЯ ХИЛЛ КОЛЛИНЗ
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
Valter Campanato/Agência Brasil/ https://upload.wikimedia. org/wikipedia/commons/b/b2/P
atriciaHillCollins.jpg


508
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
теория бойынша, қысым көрген қауымдастық куәгерлік жасап, қарсы шығып, 
өзгерістер ұйымдастыруы қажет, себебі тек қауымдастықтың өз ішінде ғана әді-
леттілікке деген сенімді сақтауға болады. Бұл құқықтық рационалдықтың тар 
мағынасындағы әділеттілік емес, өзгелер мен өзіне қамқорлық жасау, әділет-
тілік қағидаларының әлеуметтік институттары, әлеуметтік қарым-қатынас тар 
шеңберіндегі әділеттілік болады.
Феминизм және постмодернизм 
Посмодернистік теория феминистік теорияға, негізінен, екі маңызды мәселе бо-
йынша қозғау салды. Біріншіден, феминистік теорияның «Ал әйелдер туралы не 
білеміз?» деген секілді негізгі мәселелеріне түбегейлі қарсы шығып, «әйел» ка-
тегориясы шын мәнінде не білдіретіні туралы философиялық дәйекті ұсынады. 
Екіншіден, постмодернизм феминистік теорияны «оппозициялық эпистемоло-
гиямен» кез келген теория аясында ұсынылатын шындыққа қа тысты тұжырым-
дарды дәлелдеуді талап ету
 стратегиясымен қамтамасыз етті. Жоғарыда аталған 
стратегияның тиімділігі қазіргі заманға негізделген дұрыс деп қабылданатын 
тұжырымдарға күмән келтіруде пайдаланатын бай және провокациялық тіл-
ді қалыптастыру арқылы арта түседі. Постмодернистік фе министік теориядағы 
ең беделді ойшыл – философ Джудит Батлер. Өзге постмодернист феминистер 
сияқты, ол да постструктуралистер мен постмо дернистік ойшылдардың, әсіресе 
Мишель Фуко мен Жак Дерриданың еңбек теріне сүйенеді (17-тарауды қараңыз). 
Постмодернистік теория «адамдар бұдан былай қазіргі заманның жағдайында 
емес «постмодернистік» кеңістікте өмір сүреді» деген болжам жасады. Аталған 
постмодернистік әлем негізгі төрт өзге рістің өзара әрекеттесуі арқылы құралады: 
1) жаһандық капитализмдегі экспансивті кезең; 2) орталықтандырылған мем-
лекеттік биліктің әлсіреуі (ескі империалистік жүйелердің құлдырауы, комму-
нистік блоктың фрагменттелуі және ұлттық мемлекеттердің ішіндегі этникалық 
саясаттың өсуі); 3) өндірісті басқаратын және тұтынушылыққа септігін тигізетін 
аса күшті технологияға негізделген өмір салтының қалыптасуы; 4) тапқа емес сәй-
кестіктің басқа формаларына (ұлт, нәсіл, гендер, жыныстық бағдар, этникалық 
тиістілік, дін және экология) негізделген қоғамдық азаттық қозғалыстарының да-
муы. Феминизм философы Сьюзан Бордоның түсіндіруі бойынша, бұл өзгерістер 
саяси тәжірибемен айналысатын және «Кімнің ақиқаты? Кімнің табиғаты? Кімнің 
тарихы? Кімнің дәстүрі?» деген жаңа бірқатар сұрақтар қоятын әлемдегі барлық 
адамдардың іс-әрекетінен туындайды (Bordo, 1990:136–137).
Бұл сұрақтар постмодернистерді модернистік эпистемологияның негізгі қа-
ғидасынан, яғни адамдар таза сананың көмегі арқылы әлемді толық және объек-
тивті түрде тануға көмектесетін шындық жайлы түсінік және «табиғаттың ай-
насы» саналатын білімнен бас тартуға мәжбүрледі. Олардың пікірінше, осын-
дай модернистік қағида бірқатар эпистемологиялық қателіктерді туындатты: 
әлемнің шегінен тыс бақылаушыны байқайтын құдайшыл көзқарастың түрі; бұл 
әлемді біртұтас түсіндіретін ұлы баяндама; талдаудың белгілі бір ережелерін 
әрдайым сәйкес келетіндей теңестіретін іргелі тәсіл; әлемді әрқашан басқарып 
тұратын ашық қағидалар бар деп сендіретін универ сализм; адамдар негізгі және 
өзгермейтін сипаттардан тұрады деп айтатын эссенциализм; бір адамның әлем 
туралы пайымдауы әлемді нақты көрсете алады дейтін репрезентация. Пост-
модернизм «ақыл-ойды» адам санасының әмбебап, елеулі сипаты ретінде және 
«ой жүгірту субъектісін» сана-сезімнің ретті, бірыңғай конфигурациясы ретін-


509
12-тарау

Қазіргі феминистік теория
дегі тіршілігіне күмән келтіреді. Постмодернистер бі лімнің жинақталу процесін 
дискурстың әртүрлі топтары жасаған тәжірибе жайлы сансыз көп түсініктердің 
бірі ретінде суреттейді. Олар соңғы пайым даулардың модернистік сұранысын 
бекіту үшін тәжірибелердің мықты жиын тығы мен сөз қорын құрастырды. Со-
нымен қатар олар артықшылығы жоқ топтардың түсініктерін дискурс пен білім-
дердің ортасына қарай жылжытатын орталықсыздандыру; әлем туралы нақты 
түсінік деп көрсетілетін ұғымдардың тарихи қалыптасуын және қарама-қайшы-
лықтары бар екенін көрсететін деконструкция және білімнің кез келген құры-
лымын зерттейтін айырма шылыққа назар аудару сияқты балама эпистемоло-
гиялық тәжірибелерді ұсынады.
Постмодернистік теорияның жалпы феминистік теорияға қосқан басты 
үлесі феминистік теорияның негізгі категориясы туралы сұрақ – әйел (неме-
се әйелдер) мәселесі болды. Бұл сұраудың классикалық мәлімдемесі – Джудит 
Батлердің 1990 жылы жарияланған Gender Trouble («Гендерлік алаңдаушы-
лық») еңбегі. Батлер әйелге, ген дерге және көпшіліктің пікірінше, жыныс, ген-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   361   362   363   364   365   366   367   368   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет