512
II бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
меттанушы теорияшылар әрдайым әйелдердің көзқарасын ескерулері қажет.
Көзқарас дегеніміз – әлеуметтік қатынастар туралы жалпы білімді дамытуға
қауқарлы тарихи ортақ жағдайдағы әлеуметтік ұжымның өнімі. Маркс бас-
таған феминистер маңызды үш ұжымды – басшы, қызметкерлер мен
әйел-
дерді анықтады. Қоғамдық өндірістің ерекше қарым-қатынастары оларды
позициялық топ ретінде қалыптастырады. Тарихи патриархаттық қоғамдағы
әйелдерге, табы мен нәсіліне қарамастан, әлеуметтік жаңғырту міндеттері
(бала туу,
балаларды тәрбиелеу, үй шаруашылығын жүргізу, тағам дайындау,
науқастарға күтім, эмоциялық және сексуалдық қызмет көрсету) жүктелді.
Дегенмен патриархаттық өндірістегі «тап» ретінде әйелдердің кез келген ын-
тымақтастығы басқа тап конфигурациялары, соның ішінде экономикалық
тап және нәсілдік таптар сипатында сыналады. Әйелдердің әлеуметтік өнді-
ріске қатысты бағынышты жағдайдағы нәсілдік, гендерлік, таптық, геосаяси,
геоәлеуметтік және жыныстық немесе жасқа негізделген теңсіздіктер коали-
ция мен оппозицияның біртұтас күрделі жүйесін қалыптастырады. Бұл жүйе
енді феминистің сипаттамасы мен әйелдердің көзқарасын талдаудың ажыра-
мас бөлігі болды.
Әртүрлі көзқарастар тобының өнімі ретіндегі білімнің осындай түсінігі әлеу-
меттанушы теорияшыларға феминизмнің эмансипациялық
жобасына пайдалы
есептер жүргізуге көмектеседі. Кемінде төрт стратегия қолданылады. Олардың
бірі – «веб-есептердің», яғни әртүрлі қатысушылардың білімдері туралы дерек-
тің дұрыстығын бекітеді (Haraway, 1988). Екінші стратегия пози циясы әлсіз
субъектілердің немесе топтардың есеп жазбаларына немесе көз қарастарына ба-
сымдық беруге бағытталады. Себебі доминанттардың көзқа растары көбірек се-
нім мен циркуляцияға ие болуы – биліктің теңсіз қатынас тарының негізгі фак-
торы. Әлсіздік туралы көзқарасқа басымдық беру фе министік эмансипациялық
жобаның бір бөлігі болып саналады, сонымен қатар ол әлеуметтік процестерді
түсіну
көзқарасын өзгертіп, негізгі әлеуметтану теорияларына айрықша ықпал
етеді. Үшінші стратегия феминистік теория шыларды рефлексияға және жеке
тұлға немесе топ ұстанымының білімінен әлеуметтану есебін жалпылауға көшу
кезеңдерін есепке алуды талап етеді, өйткені бұл ауысым билік әрекеті болып
саналады (P. Collins, 1990, 1998; Dorothy Smith, 1990a). Төртінші стратегия
әлеуметтік теорияшылардың өздері айтқан нақты орынды анықтауға, осылайша
өздерінің біржақтылығын (осы сөздің барлық мағынасында) және оның теория-
ға әсерін анықтауға арналды.
Төртінші стратегияға сәйкес, біз мұндағы
теориялық синтезді жасайтын
көзқарасымызды айқындауымыз керек. Біз қазіргі Құрама Штаттардағы ака-
демиялық әлеуметтiк ғалымдардың салыстырмалы түрде артықшылығы бар
тап позициясынан, сондай-ақ нәсiлдiк, жастық және гетерожыныстық тәжi-
рибеде кездесетін қысым мен жеңiлдiк векторларының нақты қиылысында
орналасқан әйелдер көзқарасы тұрғысынан зерделейміз. Сонымен қатар біз
кедейлік пен отаршылдық арқылы қалыптасқан тұрғылықты топтардың от-
басылық мұраларын зерттедік. Қазіргі заманғы мәртебеге және отбасылық
тарихқа араласу біздің мүдделеріміз бен құндылықтарымызды қалыптасты-
рады. Бұл жерде ұсынылған синтез қысым теориясының
әділетті қо ғам тұ-
жырымдамасын әр адамға фундаменталды құқық ретінде (шүбәсіз кон цес-
сия немесе сыйақы), яғни азық-түліктің, киім-кешектің материалдық маңыз-
дылығынан, баспанадан, денсаулық сақтау мен білім беруден, зорлық-зом-
былық қорқынышының жоқтығынан, өз тобы мен индивидуалдық бірегей-