Алеуметтану тероиясы indb


Микро- және макроинтеграциялануға бет алу



Pdf көрінісі
бет375/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Микро- және макроинтеграциялануға бет алу 
Микро-макроэкстремизм ХХ ғасырдағы әлеуметтану теориясының басым бө-
лігін сипаттаса да, 1980 жылдардан бастап көбінесе америкалық әлеуметтануда 
микро- және макрошектен шығудан алшақ және басты назарды микро- және 


525
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
макротеориялардың және әлеуметтік талдау деңгейлерінің интеграциясына 
(немесе синтезіне, байланысына) бөлу қажет деген үлкен келісімге бет алды. 
Шын мәнісінде, бұл 1970 жылдарға тән көзқарасқа қарағанда үлкен өзгерістерді 
көрсетеді. Ол кезде Кемени былай тұжырымдаған: «Мұндай айыр машылыққа аз 
көңіл бөлінгені соншалық – «микро-» және «макро-» терминдері әлеуметтану 
саласында жазылған еңбектерде тіпті кездеспейді» (Kemeny, 1976:731). Бұл тұр-
ғыда америкалық әлеуметтану теорияшылары өз деріне дейінгі классиктерінің 
теориялық болжамын дамытты деп айтуға болады.
1980 және 1990 жылдары елеулі оқиғалар болғанымен, ерте кезеңгі еңбек-
терде микро-макробайланыс мәселесі тікелей қозғалған. Мысалы, 1960 жыл-
дардың ортасында Хельмут Вагнер (1964) кіші және зор ауқымды теориялар-
дың өзара байланысын зерттеген. Сол онжылдықтың соңында Уолтер Уоллес 
(1969) микро-макроконтинуумды зерделеді, алайда оның талдауында бұл сұрақ 
екінші орынға ығыстырылып, әлеуметтану теориясының базалық таксономия-
сына «кедергінің» бірі ретінде ғана қарастырылды. 1970 жылдардың ортасында
Кемени (1976) микроның макродеңгейден айырмашылығына, сондай-ақ олар-
дың өзара байланысу тәсілдеріне көп көңіл бөлуге шақырды.
Бірақ нақ 1980 жылдары біз микро- және макробайланыс мәселесіне арнал-
ған еңбектердің саны көбейіп жатқанына куә болдық. Рэндалл Коллинздың тұ-
жырымдауынша, бұл тақырып «жақын арада теориялық дамудың елеулі са ласы 
болатын түрі бар» (1986a:1350). Эйзенштадт пен Хелле өздерінің екі томдық 
еңбегінің кіріспесінде «микро- және макротеориялардың қарама-қарсы келуі – 
өткен іс» деп қорытынды жасады (Helle and Eisenstadt, 1985b:3). Екі томның бір 
кітабы макротеорияға (Eisenstadt and Helle, 1985a), ал екіншісі микротеорияға 
(Eisenstadt and Helle, 1985a) арналған. Сол сияқты Мюнх пен Смелзер де өзде-
рінің Micro-MacroLink («Микро-Макробайланыс») (Alexanderetal, 1987) анто-
логиясындағы қорытындыда мынадай мәлімдеме жасаған: «Бір деңгей екіншіге 
қарағанда іргелі болып келеді деп тұжырымдағандар... қате деп қарастырылуы 
тиіс. Шын мәнінде, бұл кітапқа үлес қосқандардың барлығы микро- және мак-
родеңгейлердің өзара байланысын дөп басып айтқан» (Alexanderetal, 1987:385).
Микро-макроинтеграциясына байланысты еңбектердің негізгі екі бағыты 
бар. Жеке ғалымдар микро- мен макротеорияларын біріктіруге ұмтылса, бас қа-
лары әлеуметтік талдаудың микро- және макродеңгейлерінің өзара байланысы 
зерттеу пәні болатын теорияны жазумен айналысуда (Alford and Friedl and, 1985; 
Edel, 1959). Мысалы, жоғарыда біз Эйзенштадт пен Хелле (Helle and Eisenstadt, 
1985b:3) микро-, макротеориялардың арасындағы конфронтациясы артта қалға-
ны жайлы айтқан сөздерін келтірдік, ал Мюнх пен Смелзер (Munch and Smelser, 
1987:385) микро- немесе макродеңгейлер арасында негізгісін таңдау қажеттілі-
гі туралы ұқсас тұжырымға келді. Макро- (мысалы, құрылымдық функ циона-
лизм) және микротеорияларды (мысалы, символикалық интеракцио низмді) 
интеграциялау әрекеті мен әлеуметтік талдаудың макро- (мысалы, әлеу меттік 
құрылым) және микродеңгейлерінің (мысалы, тұлғаны) өзара қатынасын зерт-
тейтін теорияны құру ұмтылысының арасында елеулі айырмашылықтар бар
(for an example of the latter, see Summers-Effler, 2002).
4
Осындай жалпы кіріспені ескере отырып, біз микро- және макроинтеграция-
сының бірнеше мысалдарына жүгінетін боламыз. Кітаптың алдыңғы тараула-
рында микро- және макротеорияларды біріктіру әрекеттерін біршама қарасты-
рып өттік. Төмендегі мысалдар да әлеуметтік талдаудың микро- және макро-
деңгейлерінің интеграциясы жайлы түсінік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   371   372   373   374   375   376   377   378   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет