524
II
бөлім
•
Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
тер деп түсіндіруге (көпшілігі солай істеді) болар еді, бірақ ең орынды және осы
бөлімде бағдар беретін көзқарастардың бірі – олардың микро- және макродеңгей-
лерді байланыстырумен айналысуы (Moscovici, 1993). Марксті капиталистік қо-
ғамның жеке жұмысшыларды (және капиталистерге) мәжбүрлі
шеттетуі қызық-
тырды деп санауға болады. Ал Веберді формалды рационалды қоғамның қатаң
қыспағындағы индивидтің қиын жағдайы толғандырды. Зиммель болса негізінен
объективті (макро-) және субъективті (немесе дара, микро-) мәдениеттердің ара-
сындағы қатынастарды зерттеді. Дюркгеймді макродеңгейлік әлеуметтік факті-
лердің индивидтер мен индивидуалды мінез-құлыққа (мысалы, суицид)
әсері
алаңдатты. Егер біз әлеуметтану теориясы классиктерінің осындай сипаттамасын
қабылдасақ, онда өткен ғасырдағы америкалық әлеуметтану теориясының едәуір
бөлігі микро-макробайланысқа деген қызығушылықты жоғалтты және микро-
макропозициялардың поляризациясымен, яғни
микро- немесе макродеңгейге
жоғары мән, маңыз беретін теорияшылар мен теориялардың басымдығымен си-
патталады. Макро-экстремистік жағында жанжал теориясы, құрылымдық функ-
ционализм және неомарксистік теорияның кейбір түрлері (әсіресе экономикалық
детерминизм) болды. Микро-экстремистік жақта символдық интеракционизм,
этноәдіснама, айырбас және рационалды таңдау теориялары болды.
ХХ ғасырдағы аса елеулі теориялардың ішінде Парсонстың «мәдени детер-
минизмін»
3
(1966); императивті үйлестірілген ассоциацияларды қарас тырған
Дарендорфтың конфликт теориясын (1959); «Мен – құрылымдық детерминис-
шімін» деп жариялаған Питер Блаудың макроструктурализмін (1977a:х) атап
көрсетуге болады. Макроқұрылымдық «экстремизмнің»
басқа да қайнар көзі
бар (Rubinstein, 1986), оның ішінде Уайт, Борман және Брейгер (1976) секіл-
ді желілік теориясы өкілдерінің, Дункан мен Шнор секілді (1959) экологтер-
дің, Мэйхью (1980) секілді структуралистердің тұжырымдамалары.
Әрбір адам
Мэйхью позициясының максимализмінен асып түсе алмас, ол: «Құрылымдық
әлеуметтануда талдаудың бірлігі
ешбір жағдайда индивид болмайды, әрқашан
әлеуметтік желі болады», – дейді (1980:349).
Микро-экстремистік тұрғыда символдық интеракционизмге жататын бір-
шама теорияларды және Блумердың идеясын (1969a) қарастыруға болады.
Блумер символикалық интеракционизмді микродеңгейлі құбылыстарға толы-
ғымен шоғырланған әлеуметтану теориясы ретінде анықтап, көбінесе дәл осы
құрылымдық функционализмді ойда ұстаған (9-тарауды қараңыз,
онда Блумер
көзқарастарының мүлдем басқа түсіндірмесі беріледі). Экстремистік микро по-
зицияның тағы бір аса айқын мысалын Джордж Хоманстың (1974) айырбас тео-
риясынан табамыз. Хоманс құрылымдық функционализмнің баламасын іздеп,
оны Скиннердің бихевиоризмінің аса радикалды микробағытынан тапты. Сон-
дай-ақ оған акторлардың күнделікті іс-әрекетіне көңіл бөлетін этно әдіснама жа-
тады. Гарфинкель (1967) құрылымдық функционализмнің макротәсілдері және
оның әрекет етуші акторларды «мінеуші меңіреулерге» айналдыру беталысын
жақтырмаған. Шефф (2007) «микроәлеуметтану» мысалына неғұрлым жалпы
оқиғаларды келтіреді.
Достарыңызбен бөлісу: