Алеуметтану тероиясы indb


Болашаққа болжам: Норберт Элиастың



Pdf көрінісі
бет382/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Болашаққа болжам: Норберт Элиастың 
фигурациялық әлеуметтануы
Біз америкалық әлеуметтанушылар тарапынан жасалған, кейінгі микро- және 
макродеңгейлерді интеграциялау саласындағы талпыныстарының кейбірін 
талқыладық. Алайда еуропалық теорияшы Норберт Элиастың жұмысын осы


535
13-тарау

Микро-макро және агенттік-құрылымдық интеграция
тараудың аясында қарастырудың жөні бөлек (For a nice selection of his work
see Mennell and Goudsblom, 1998). Элиас микро- және макродеңгей арасында-
ғы айырмашылықты, жалпы әлеуметтанушыларға тән индивид пен қоғамды 
бөліп тастау талпынысын жеңуге тырысты (Dunning, 1986:5; Mennell, 1992;
Rundell, 2005). Элиастың маңызды еңбектері 1930 жылдары жарық көрсе де, өзі-
не лайықты бағасын жақында ғана алды (Kilminster and Mennell, 2011; Dennis 
Smith, 2001; VanKrieken, 1998, 2001).
Элиас өзінің ықпалдастықты көздеген мақсатына қол жеткізу үшін фигура-
ция тұжырымдамасын ұсынды (Kasperson and Gabriel, 2008; Mennell, 2005a).
«Бұл идея біздің адамдарды индивидтер ретіндесондай -ақ қоғамдастық 
ретінде қабылдауымызға талай рет кедергі жасаған адамзат туралы түсі-
нігімізді ыдырату мен поляризациялауға бағытталған әлеуметтік шартты 
қысымға тойтарыс беруге мүмкіндік жасайды... Сондықтан фигурация 
тұжырымдамасы «индивид» пен «қоғам» антагонистік және әртүрлі деп 
айту үшін және әлеуметтік шектеуді әлсірету үшін қарапайым концеп-
туалды құрал ретінде қызмет етеді».
(Elias, 1978:129–130; italics added)
Фигурацияларды алдымен процестер түрінде қарастыруға болады. Шы нын 
айтқанда, кейінгі кезде Элиас өз жұмысын сипаттау үшін әлеуметтану проце-
сі терминін қолдануды дұрыс көрді (Mennell, 1992:252). Фигурациялар – бұл 
адамдардың бір-бірімен «араласып кетуін» қамтитын әлеуметтік процестер. 
Олар – қарым-қатынастың сыртқы, мәжбүрлі құрылымы емес, өзара қарым-қа-
тынасы. Индивидтер ашық және өзара тәуелді деп қабылданады; фи гурация-
ларды құрайтын да дәл солар. Билік әлеуметтік фигурацияларда басты рөл ат-
қарады, сондықтан үнемі өзгеріске ұшырап отырады:
«Өзгеріп тұратын фигурацияның негізі – бұл жылжымалы, икемді тепе-
теңдік, басында біреуіне, кейін екінші жағына басым болу күшінің теңге-
рімі. Осындай ауытқу кез келген фигурацияның құрылымдық сипат тама-
сы болып саналады».
(Elias, 1978:131)
Фигурациялар пайда болып, дамып отырады, бірақ негізінен көрінбейтін 
және жоспарсыз түрде орындалады.
«Бұл жерде негізгі маңызды факт: фигурация ұғымы микро- және макро-
деңгейге де, сондай-ақ осы екі полюстер арасында орналасқан кез келген 
әлеуметтік феноменде қолдануға жарамды. Аталған тұжырымды салыс-
тырмалы түрде кіші топтарға да, сондай-ақ мыңдаған немесе мил лиондаған 
өзара тәуелді индивидтерден тұратын қоғамға қатысты қолдануға болады. 
Мұғалімдер мен оқушылар, дәрігерлер мен емде лушілер, сыраханадағы 
тұрақты келушілер, балабақшадағы балалар – барлығы бір-бірімен айтар-
лықтай кешенді фигурацияларды құрайды. Алайда ауыл, қала немесе елді 
мекен тұрғындары да кіреді, шын дығында, бұл жағдайда фигурацияларды 
тура қабылдауға болмайды, өйткені адамдарды байланыстыратын өзара 
тәуелділік тізбектері күр делірек және әркелкі болып келеді».
(Elias, 1978:131, italics added)


536
II бөлім

Қазіргі заманғы әлеуметтану теориясы: негізгі мектептер
Мен жас кезімнен-ақ әлеуметтанушы болдым. Әкем 
Екін ші дүниежүзілік соғыстың аяғында әскери барлауда 
қыз мет етті, ал кейін дипломатиялық қызметтің маманы 
ретінде Мемлекеттік департаментке ауысты. Ең алғашқы 
естелікте рімнің бірі – 1945 жылдың жазында әкеммен жо-
лығу үшін Берлинге баруым. Әпкелеріммен бірге саябақта 
ойнай алмадық, өйткені барлық жерде оқтар шашылып 
жататын. Бір күні орыс солдаттары өлікті қазып алу үшін 
ауламызға келді. Дәл осы оқиға жанжалдың маңызды еке-
нін және зор лық әрқашан да болуы мүмкін екенін сезінуіме 
ықпал етті.
Әкемнің келесі әскери іс сапары бойынша Кеңес Ода-
ғына, қайтадан Германияға (сол кезде Америка әскери 
оккупа циясында), Испанияға және Оңтүстік Америкаға 
бардық. Сол аралықта Құрама Штаттарда өмір сүрдік, 
сондықтан да мен қарапайым америка баласы болу-
мен бірге, артық шылыққа ие шетелдік қонақ болудың 
айырмашылығын білемін. Менің ойымша, бұл әлеуметтік қаты настарды жете түсінуіме себеп-
кер болды. Жасым ұлғайғанда дипломатиялық қызмет қызық тырмады, себебі адамдар саясат 
туралы ешқашан әңгімелеспейтін, керісінше, бітпейтін шартты этикет сақтауымен есімде қалды. 
Сахна сыртындағы құпиялық пен сахнадағы көрініс арасындағы жік Ирвинг Гоффманға лайықты 
баға беруге мәжбүр етті.
Ата-анаммен шетелге шығуға жасым жеткен кезде мені Жаңа Англиядағы дайындық мектебіне 
берді. Бұл тағы бір ұлы әлеуметтану шындығын, яғни стратификация табиғатын тануыма се беп-
кер болды. Басқа оқушылардың көбі әлеуметтік регистрдегі (Social register – әлеуметтік элитаға 
жататын атақты америкалық отбасылардың аттары мен мекенжайлары тіркелген каталог – ауд.
отбасыларынан еді, содан әкесі елші мен мемлекет хатшыларының орынбасары (олардың ба-
лаларын кейде кездестіріп тұратынмын) болғандар әлеуметтік топқа жатпайтынын түсіндім.
Гарвардқа түсіп, сол жерде мамандығымды талай мәрте өзгерттім. Онда әдебиетті оқыдым, 
драматург, романист болуға талпындым. Мен математикадан философияға ауыстым; Фрейдті 
оқып, психиатр болуды жоспарладым. Ақыры, әлеуметтануды, әлеуметтік психологияны және 
антропологияны қамтыған әлеуметтік қатынастармен айналыстым. Толкотт Парсонстан дәріс 
тыңдауым өз жолымды табуға көмектесті. Ол барлығын: микродан макроға дейін және бүкіл 
әлем тарихын қамтыды десек болады. Мен оның жеке теориясын емес, әлеуметтану жасай ала-
тын идеалды алдым. Сонымен бірге кейбір маңызды мәдени құндылықтарды алға тартты: Вебер 
протестанттық этикаға мейлінше аз көңіл бөлді, ол барлық әлемдік діндердің даму динамика-
сын салыстырып, әлеуметтік тәртіптің келісімшарт алдындағы негізін ашуға талаптанған кезде, 
Дюркгейм шешуші мәселені алдыма тартты.
Мен психолог боламын деген оймен Стэнфордқа бардым. Алайда тышқандардың миына элек-
тродтарды имплантациялауға бір жыл уақытымды кетіріп, әлеуметтану адамдарды зерттеудің 
ең үздік саласы екеніне көзім жетті. Университетті ауыстырып, 1964 жылдың жазында Беркли-
ге келдім, Азаматтық құқықтарды қорғау жөніндегі қозғалысқа тура келіппін. Сол жылы күз-
де университетте сөз еркіндігін талап еткен қозғалыс бой көтерді, біз оның ардагері болдық. 
Жүздеген басқа белсенділермен бірге тұтқынға да алындық. Мен әлеуметтік шиеленісті жеке 
тәжірибемде сынап көрген соң, талдап жазып отырдым. Вьетнам соғысымен отанымыздағы 
нәсілдік шиеленістердің өршуіне байланысты оппозициялық қозғалыс өзінің пацифистік қағи-
даларынан шегіне бастады; көбісі түңіліп, бұрынғы хиппилердің өмір салтына бой ұрды. Егер 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   378   379   380   381   382   383   384   385   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет