644
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
теориялары күнделікті өмірге негізделген. Теория осы мағынада «әрқашан
қолданбалы» (Million, 2014:33). Атап айтқанда, дәстүрлі дүниенің жаралуы
туралы әңгімелер әлеуметтік өмірге арналған «онтологиялық контексті» қам-
тамасыз етеді (L. Simpson, 2011:51). Олар адамдарды
отаршылдыққа дейінгі
байырғы өмірде басшылық еткен білім нысандарымен байланыстырады. Бұл
мәлімет бағзыдан бері келе жатқанына қарамастан, олар өткен шақта қалып
қоймайды, сонымен қатар қазіргі күннің нақты мәселелеріне қызмет етеді.
Олар «қазіргі заманғы азаматтарымыздың әл-ауқатына қолдау көрсету үшін
өткеннің мәдени және саяси жетістігін қайта пайдаланады» (51). Әңгімелер-
дің ішіндегі «кодталған» түсінігі – «қарым-қатынас, этика және жауапкерші-
лік өз жаратылысымыздың тарихы» (2011:33) туралы идеялар. Шынында да,
Симпсон бұл онтология қауымдастыққа негізделгеніне қарамастан, адамдар-
дың тәуелсіздігі мен өзін-өзі тануы Нишнаабег ойының маңызды құрамдас
бөлігі екеніне назар аударады. Әңгімелер жеке сана мен ойларды көтермелей-
ді: «Менің шындығым басқа біреудің шындығынан ерекшеленеді» және «әр-
түрлілік пен айырмашылық үлкен біртұтастықтың
қажетті бөліктері ретінде
қарастырылады» (59).
Сондай-ақ Симпсон жердің әлеуметтік теориядағы маңызын атап өтеді.
Бұрын Колтардтың Дене теориясы туралы зерттеуінде жердің өзекті мәселе
екенін көрдік. Рэйвин Коннелл де (2007) Оңтүстік теорияларда жер ортақ
тақырып екенін айтады. Симпсон былай дейді: «Нишнаабег ойлары жер-
ден бастау алады, яғни жаратылыстың пайда болуын білдіреді. Нишнаабег
өздерін табиғатпен үндестікте көруді үйренді» (Simpson, 2011:91), сондық-
тан қоршаған ортаның өзгерісіне назар аударуды талап етеді. Симпсонның
сөзінше, білім мен шығармашылық – белсенділіктің «[жоғары] дәрежесі»
(Simpson, 2011:92) немесе «жасырын тәртіп пен қарым-қатынас жасау» қа-
білеті (Simpson, 2011:92) керек. Бұл көптеген әлеуметтану теорияларына
(кейбір феминистік теориялардың «ешбір жерден шықпаған көзқарас» деп
аталатын) ғана емес, сондай-ақ тұтынушылық мәдениетті ұйымдастыруға да
қарсы шығады:
«Заманауи империядағы қоғам –
жоқшылық мәдениеті,
өйткені тұты-
нушылық мәдениеті өзін сақтап қалу үшін жоқтықты және сонымен
бірге әлденені қалауды талап етеді. Адам қалауынсыз тұтыну мәдениеті
бол майды. Мойындау тұрғысынан алғанда, заманауи қоғам бірінші ке-
зек те (кітаптардан, компьютерлерден, өнерден) мән-мағынаны
іздейді,
сөйтіп, байырғы мәдени процестерге үңіледі».
(Simpson, 2011:93)
Бұл байырғы халықтардың жаңғыруын қолдауға бағытталған балама жол
әлеуметтік теория ретінде қарастырылғанымен, қазіргі адамдар үшін де ма-
ңызды. Мысалы, тырнақшаға алынған үзіндідегі Симпсонның Нишнаабег
теориясы
тұтынушылық, қоршаған орта философиясы, абстрактілік және қа-
шықтан білім беру жүйелеріне сыни көзқараспен қарауды ұсынады.
645
15-тарау
•
Нәсіл және отаршылдық теориялары
Тарихи тұрғыдан алғанда, нәсіл және отаршылдық теориялары әлеуметтану теориясының
басты бағыты болмаса да, У.Э.Б. Дюбуа осы тақырыпты алғаш рет көтерді. Нәсілдің және
отаршылдықтың барлық заманауи теорияшылары нәсілді әлеуметтік құрылым ретінде қа-
растырады және заманауи нәсілдік тәртіп отаршылдықтан туындағанын дәлелдейді.
Отаршылдық пен нәсілшілдік қарым-қатынасын сипаттаған алғашқы теорияшылар-
дың бірі – Франц Фанон. Ол
Black Skin, White Masks («Қара нәсіл, ақ бетперде»)
еңбегінде
отаршылдықтың субъектілерге психопатологиялық әсерін суреттеді. Ал
The Wretched of the
Достарыңызбен бөлісу: