Алеуметтану тероиясы indb


Оңтүстік теория және жергілікті халықтың қайта



Pdf көрінісі
бет441/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Оңтүстік теория және жергілікті халықтың қайта 
жаңғыруы
Осы тарауда нәсіл және отаршылдық теориялары мен Батыс теориялық көз-
қарастарын негіздеп, оларды кеңейтудің кейбір әдістерін сипаттадық. Фа-
нон – Гегель, Сартр мен Маркстің еңбектеріне сүйенсе, Саид Фуконың тұ жы-
рымдарын пайдаланады. Нәсіл мен нәсілшілдіктің сыни теориялары әртүрлі 
дереккөздерден бастау алады, солардың қатарына Грамши теориясы, феми-
нистік теория және постструктурализм теориясы жатады. Ал Эмирбайер мен 
Десмонд Бурдьенің өріс тұжырымдамасын қолданады. Сонымен қатар осы 
теориялардың көпшілігі Батыс теориялық дәстүрімен сәйкеспей, балама дәс-
түрлерге негіз делген білімді дамытуға ұмтылады. Мысалы, Фанонға Негри-
тюд қозғалысы шабыт берді. Бұл бөлімде байырғы білімге негізделген кейбір 
соңғы теориялар қарастырылады. Олар кейбір жағдайларда батыс-еуропалық 
идеяларды кеңей теді. Тағы бірде оған қарсы шыға отырып, маңызды балама-
лар ұсынады.
Оңтүстік теория
Рэйвин Коннелл – гендерлік мәселелер (R.W. Connell, 1987) және ержүректік 
сипат (Raewyn Connell, 1995) бойынша өзінің теориялық еңбегімен танымал 
австралиялық әлеуметтанушы. Жақында ол өзінің Southern Theory («Оңтүстік 
теориясы») еңбегін (2007) жариялады, онда Оңтүстіктегі білімге негізделген 
әлеуметтану теориясына қатысты көзқарасын дамытуға тырысады. Солтүс-
тік теориясы Еуропа мен Америкада дамыған теорияларды қамтиды (Батыс 
теориясы немесе метрополиялық теория деп те аталады), ал «Оңтүстік тео-
риясы» жаһандық Оңтүс тікте қалыптасқан теорияларға негізделген (сонымен 
қатар шеткері және байырғы теориясы деп те аталып жүр). Мысалы, Коннелл 
Сахарадан оңтүстіктегі Африка елдерінің, Иранның, Латын Америкасының 
және Австралияның теорияларын талқылайды. Оның зерттеуінде әлеуметта-


639
15-тарау

Нәсіл және отаршылдық теориялары 
ну теориясы тарихи тұрғыдан Солтүстікте пайда болған. Бұл тұрғыда, Саид-
тың ориентализм тұжырымдамасында суреттелгендей, оң түстік қауымдастық-
тар солтүстік тұжырымдамалары арқылы түсіндіріледі және зерттеледі. Бұл 
шеткері аймақта қоғамдық теориялар болған емес және қазір де жоқ дегенді 
білдірмейді. Шынында да, Коннелл (2007:220) «барлық мәдениетте әлеуметті 
көрсететін жолдар бар» дейді. Керісінше, империялық/отаршылдық жобаның 
бір бөлігі ретінде, жергілікті халықтардың білімі қарапайым, иррационалды 
және артта қалған болып саналды. «Оңтүстік теориясы» еңбегінің мақсаты – 
осы оңтүстік теорияларын сипаттау және сол арқылы «осы ойлау бағыттарын 
және метрополиялық теориялардың арасындағы байланыстарды, сондай-ақ 
қайшылықтарды дамыту» (2007:xii). Ол әлеуметтану теория сының «демо-
кратиялық және әртүрлі» планетарлық нұсқасын жасауға үміттенеді.
Коннелл Солтүстік теорияға сын айтса да, оның жұмысының негізі байыр-
ғы білімдердің сипаттамасына және, атап айтқанда, олардың метрополияның 
білім дермен өзара әрекеттесу жолдарына арналған. Ол Солтүстікті сынаумен 
қатар, байырғы/жергілікті мәдениеттерге негізделген балама теориялық тұ-
жы рымдамалар ұсынатын «оңтүстік теорияларды» сипаттайды.
Мысалы, Коннелл ирандық теорияшылар әл-Афгани (1839–1997), Джа-
лал Але-Ахмад (1923–1969) және Али Шариати (1933–1977) әзірлеген тео-
рияларды талқылайды. Коннеллдің пікірінше, үшеуі де «империализмге қар-
сы көзқарас ұстанып, Батыс мәдениеті мен экономикасын сынап, исламның 
жаңаруына сеніммен қарап, бұл жаңғыру Иранда бастау алғанына сенген» 
(2007:125). Але-Ахмад Иранға отаршылдықтың теріс әсерлерін сипаттау 
үшін Westoxification/Вестоксификация/Батыспен улану түсінігін енгізді. 
Бұл «империализм адамдарды жергілікті мәдениеттен алшақтатып, күнде-
лікті өмірге импортталған машиналар арқылы үстемдік етеді» деген идеяны 
қамтиды. Але-Ахмад ислам дінін империализмге мәдени қарсылықтың көзі 
ретінде көреді. Әрі қарай қадам жасай отырып, Шариати «әлеуметтанулық 
қағидаларын діннің ішінен табады» (Raewyn Connell, 2007:128). Яғни ислам 
империализмге қарсы болып қана қоймай, сонымен қатар әлеуметтік өмірдің 
балама теориясын ұсынады. Бұған таптық теориялар және «басынан бастап 
әлеуметтік теңдікке және... барлық түрдегі билік құрылымдарына қарсы [мін-
деттеме]» жатады (2007:131). Көптеген Солтүстік теорияларынан айырма-
шылығы – қазіргі кез өткеннің қарапайым, діни сарқыншағына қарсы емес. 
Керісінше, дін, солтүстік әлеуметтану бағалаған ғылыми рационалдықты қоса 
алғанда, көптеген идеалдар мен ұмтылыстардың негізін қалайтын мазмұнды 
мәдени ресурс ретінде қарастырылады.
Сондай-ақ Коннелл анық сыни емес теориялар мысалын келтіреді (барлық 
Оңтүстік теориялары Солтүстік теорияларын жанама сынайтын). Керісінше, 
олар оңтүстік білімдерін өздері жасайды. Мысалы, ол Үндістанның Subaltern 
Studies Group зерттеу тобының жұмысын сипаттайды. Бұл топ Солтүстік 
Америкаға өзінің абстрактілі постмодерндік және постколониалды теорияла-
рымен байланысы болғаны үшін белгілі. Дегенмен Коннелл Subaltern Studies 
Group зерттеу тобы бастапқыда үндістандық әлеуметтік ғылымдағы «элита-
лық тұрақсыздықты қалпына келтіруге» бағытталған «интеллектуалды көте-
ріліс» болғанын айтады (Guha, Connell, 2007:166). Оның мақсаты «халықтың 
саясатын» (2007:167) сипаттау болды. Жергілікті саяси қозғалыстар өзінің 


640
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
ішінде қоғамның, биліктің және сананың теорияларын қамтиды: «Subaltern 
саясаты жергілікті өмір сүру салтынан туындады, осылайша жергілікті дін-
дердің тілінде сана-сезімнің нақты түрлерін білдірді» (2007:168). 
«Оңтүстік теориясының» тағы бір мысалы – Нигерия әлеуметтанушы-
сы Акинсола Акивовоның жұмысы. Акивово «дәстүрлі Yoruba поэзиясы мен 
салттары бірегей африкалық әлеуметтік теория мен әлеуметтік онтологияны 
қамтиды» деп тұжырымдайды. Ол осы дәстүрлі дереккөздерден әлеуметтану 
тұжырым дамаларын әзірлеуге және оларды «әлемнің қалған бөлігіне» «экс-
порттауға» тырысты (Raewyn Connell, 2007:90). Коннелл (2007:91) Yoruba 
теория сының кейбір болжамдарын «қоғамдық өмірдің бірлігі – индивид, ин-
дивид қауымдастықсыз өмір сүре алмайды, өзін-өзі иеліктен шығару – күнә 
және өзін-өзі кемелдендіру үшін, сондай-ақ ортақ игілік үшін шынайы әлеу-
меттік адам... күнделікті жұмыс істейді және өзін ықыласпен құрбан етеді...» 
деп қорытындылайды. Африкада және шетелде ғалымдар дәстүрлі поэзия-
ға негіз делген әлеуметтану теориясының маңыздылығын талқылағанымен 
(мысалы, Коннеллдің Дагомея философы Полин Хоттонджидің талқылауын 
қараңыз), Акивовоның талпынысы кәдімгі жазбаша мәтіндерден басқа мате-
риалдарда негізделген теорияларды қарастыру қажеттігін көрсетеді.
Тұтастай алғанда, Коннеллдің пайымдауынша, Оңтүстік теориясы Солтүс-
тік теориясына бірқатар маңызды бағыттарымен қайшы келеді. Ең маңызды-
сы, бұл оқулықта талқыланған теория тек теорияның түріне ғана қарсы тұра-
ды. Ол сондай-ақ теорияшыларды әлеуметтік теорияларға негізделген әртүрлі 
ақпарат құралдарын қарастыруға шақырады. Солтүстікте әлеуметтік теория 
әдетте дерексіз және байланыспаған мәтіндермен ерекшеленеді, бірақ Коннелл 
күнделікті өмірден шығатын теориялардың мысалдарын ұсынады: діни салт- 
жоралғылар мен оқиғалар, өнер және жергілікті саяси қозғалыстар. Әлеумет-
тік теория көптеген мәдени формаларда көрінеді деген ұғым Солтүстік тео рия-
ның анықтамаларын шегіне дейін жетелейді. Әрине, Патрисия Хилл Коллинз 
(1990, 12-тарауды қараңыз) афроамерикалық әйелдердің әртүрлі мәдениеті-
нен әлеуметтік білімнің жаңа түрлерін іздестірді. Теорияның мағынасын қайта 
түсіндіру маңызды. Батыстың ғылыми дәстүріндегідей, теориялар жалпылама 
және әмбебап болуы керек пе? Әлде Лианн Симпсон (2011) айтқандай, «біз 
істеп жатқан дүниелерді не үшін істеп жүргенімізге түсінік беретіндей» болуы 
керек пе (2011:39)? Егер соңғысының маңызы болса, онда теорияның өлшемі 
өз мәдениеті мен қоғамы белгілеген жағдайда ғұмыр кешіп жатқан адамның 
өмірін түсінумен байланысты. Бұл туралы көбірек білу үшін Солтүстік Амери-
каның байырғы халқының қайта жаңғыру теориясына жүгінеміз.
17


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   437   438   439   440   441   442   443   444   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет