638
III бөлім
•
Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
үлгісінің мысалына құлдық плантациялар жүйесін және америкалық қыл-
мыстық сот төрелігі жүйесін жатқызады. Екі жүйе де экономика мен заңның
күші арқылы ақ нәсілділер үстемдігін сақтайтын құрылымдар құрды. Айыр-
машылығы – бұрмалаушы стратегия «өрістегі билік жүйесін, соның ішінде
ойын ережелерін өзгертуге» бағытталған (Emirbayer and Desmond, 2015:152).
Оған мысал ретінде, Мартин Лютер Кингтің
әділ болашақ туралы арманын
және Америка Құрама Штаттарында афро-америкалықтар атынан Black Lives
Matter (Қара нәсілділер өмірі маңызды) қозғалысы мен канадалық байырғы
халықтар атынан Idle no more (әрекетсіздік) қозғалысының стратегияларын
атауға болады.
Бұл шолуда біз Эмирбайер мен Десмондтың нәсілдік теориясын ішінара
сипаттай алдық. Ең бастысы, олардың нәсілдік тәртіптің нақты көріністерін
немесе олардың әлеуметтік өзгерістерге қатысты ұсыныстарын жариялауға
мүмкіндігіміз болмады. Дегенмен осы шолу оқырманға аталған жұмыстың ау-
қымдылығы мен құндылығын сезінуге мүмкіндік береді деп үміттенеміз.
Достарыңызбен бөлісу: