Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет468/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Құрылымдық марксизм
Францияда (және әлемнің тағы басқа елдерінде) танымал болған әсіресе Луи 
Альтюссер (Louis Althusser) (K.Tucker, 2007), Никос Пулянцас (Nicos Poulantzas) 
және Морис Годелье (Maurice Godelier) еңбектерінде кеңінен қарастырылған,
структурализмнің бір бағыты – құрылымдық марксизм (Lechte, 2005).
Біз қазіргі заманғы структурализмді қарастыруды лингвистикадағы Соссюр 
еңбегінен бастадық, дегенмен ол Карл Маркс шығармаларынан бастау алады 
деп есептейтіндер де бар: «Карл Маркс құрылымды көрінетін қатынастармен 
шатастырмау және оның жасырын логикасын тұжырымдау керек деп айта 
отырып, қазіргі заманғы структурализмнің қалыптасуына әсер етті» (Godelier,
1972b:336). Құрылымдық марксизм мен структурализм, жалпы алғанда, «құры-
лымдарды» зерттейді, бірақ оны түрліше тұжырымдайды.
Дегенмен құрылымдық марксизм мен структурализмнің «құрылымдық та-
рихты зерттеудің алғышарты ретінде» қарастыру туралы тұжырымдары екеуі-
не де ортақ. Морис Годелье былай дейді: «Құрылымның ішкі қызмет ету ерек-
шеліктерін зерделеу оның генезисі мен эволюциясын айқындаудан басталуы 
қажет» (1972б:343). Ол басқа бір еңбегінде тағы да былай түйіндейді: «Жүйе-
лердің шығу тегін талдаудан бұрын олардың ішкі логикасын зерделеу қажет» 
(1972a:xxi). Постструктуралистер мен құрылымдық марксистерге ортақ тағы 
бір көзқарас бойынша «құрылымдық қарым-қатынас әлеуметтік қатынастар-
дың өзара байланысынан қалыптасқан құрылымдарға немесе жүйе лерге қатыс-
ты болуы керек». Постструктурализм мен құрылымдық марксизм аясында құ-
рылымдар нақты айқындалады (көрінбейтін болса да), дегенмен екі мектептің 
құрылым табиғаты туралы тұжырымдары бір-бірінен түбегейлі ерекшеленеді. 
Леви-Стросстың ойынша, құрылым сана негізінде болса, ал құрылымдық марк-
систер үшін бұл – қоғам құрылымының негізі.
Екі мектепке тән ең басты ұқсастыққа – структурализмнің де, құрылымдық 
марксизмнің де эмпиризмді қабылдамайтынын және көрінбейтін құрылым-
дарға алаңдаушылық білдіруін жатқызуға болады. Годельенің айтуы бойын-
ша: «Структуралистер де, марксистер де әлеуметтік құрылымның эмпирика-


689
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
лық анықтамаларын қабылдамайды» (1972a:xviii). Годелье өзінің осы пікірін
былайша тұжырымдады:
«Маркс та, Леви-Стросс та құрылымды тікелей көрінетін және тікелей 
бақыланатын шындық ретінде емес, адамдардың көрінетін қарым-қаты-
настарынан тыс және олардың қызмет ету логикасының негізін құрайтын 
шындықтың белгілі бір дейгейі ретінде қарастырады».
(Godelier, 1972a:xix)
Годелье өз көзқарасын әрі қарай дамыта отырып, бұл барлық ғылымдарға 
тән деп тұжырымдайды: «Көзге көрінетін шындық – шынайылық. Осы шына-
йылық ақиқатты жасырады, ал шындықты ашу – ғылыми танымның мақсаты» 
(1972a:xxiv).
Осындай ұқсастықтарға қарамастан, құрылымдық марксизм, негізінен
әлеуметтік ғылымдарда кеңінен тараған лингвистикалық айналым мәселелерін 
қарастырған жоқ. Мысалы, өзекті мәселе ретінде құрылым немесе лингвисти-
калық мәселелер емес, әлеуметтік және экономикалық мәселелер қарас тырыл-
ды. Сонымен бірге құрылымдық марксизм: марксизм теориясымен байланыс-
ты болды және көптеген француз әлеуметтік ойшылдары экзистенциализмге 
ұшыраған Маркс теориясына қырын қабақ танытты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет