Алеуметтану тероиясы indb


Антропологиялық структурализм: Клод Леви-Стросс



Pdf көрінісі
бет467/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Антропологиялық структурализм: Клод Леви-Стросс
Клод Леви-Стросс – француз структурализмінің ең басты тұлғаларының бірі, 
антрополог (I. Rossi, 2005), кезінде Курцвайль (Kurzweil, 1980:13) оны «струк-
турализмнің әкесі» деп атаған. Леви-Стросс еңбектерінде де құрылым жан-жақ-
ты формада қарастырылады және Соссюрдің антропологиялық тұжырымдарын, 
соның ішінде қарабайыр қоғамдағы мифтер туралы зерттеулерін, кеңінен тал-
дауға бағытталған. Леви-Стросс сондай-ақ барлық байланыстарды түсіндіруде 
құрылымдық қарым-қатынасты кеңінен қолданды. Оның басты жаңалығы ком-
муникациялық жүйелер ретінде кең ауқымды әлеуметтік құбылыстарды (мы-
салы, туыс сөздерді) қайта құрылымдау болды, осылайша оларды құрылымдық 
талдауға бейімдеді. Өзара байланысты қарым-қатынастарды қарастыру, мыса-
лы, сөздің алмасуы секілді мәселелерді талдауға мүмкіндік береді. Екеуі де – құ-
рылымдық антропология негізінде зерттеуге болатын әлеуметтік алмасу.


688
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Біз Леви-Стросстың (1967) көзқарасын лингвистикалық жүйелер мен 
туыс сөздер жүйесінің арасындағы ұқсастығы туралы ойлары негізінде түсін-
діре аламыз. Біріншіден, туыс сөздерде қолданылатын түсініктер, мысалы, тіл 
фо нетикасы – құрылымдық антропологияны талдаудың негізгі бірлігі. Екін-
шіден, туыс сөздер де, фонетика да өздігінен мағыналы бола бермейді. Леви- 
Стросс бинарлық мағыналы сөздерді де (мысалы, шикі және пісірілген) 
Соссюр линг вистикасына ұқсас қолданған. Үшіншіден, фонетикалық құры-
лымдар мен туысқандық құрылымдарды реттеудің эмпирикалық өзгерістері 
бар екенін атап өткен және олар жалпыға ортақ немесе нақты емес ережелер-
ге негізделеді. Мұның бәрі лингвистикалық айналымға сәйкес келеді, бірақ
Леви-Стросс осы айналыммен сәйкес келмейтін бірнеше бағытты ұстанды. Ол 
ең басты – фонетикалық және туыстық жүйелерді сана құрылымының өнімі 
ретінде айқындады. Алайда олар – саналы процестің өнімі емес. Керісінше
ақыл-ойдың бейсаналық, логикалық құрылымы. Бұл жүйе кез келген құрылым 
ретінде жалпы заңдардың негізінде қалыптасып, дамып отырады. Лингвисти-
калық айналымның ізбасарларының басым бөлігі сананың негізгі құрылымын 
тү сіндіруде Леви-Стросстың тұжырымына сүйенген жоқ. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   463   464   465   466   467   468   469   470   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет