Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет471/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

(1980a)The Care of the Self («Өзіндік мәнге қамқор-
лық» (1984) пен The Use of Pleasure («Ләззатты сезі-
ну») (1985) деп аталады. Бұл еңбектер Фуконың бар 
назарын жыныстық қатынасқа аударғанын көрсетеді. Фуконың өмірі осы ынтамен, гомосексуа-
лизммен және садомазохизммен сипатта лады. 1975 жылы Фуко Сан-Францискоға барып, осы 
қалада кең өріс жайған гей қауымдастығына аса қызығушылық танытты. Фуконың сол жердегі 
моншаларда кең тараған жы ныс тық қатынастарға қатысы бар сияқты. Оның қызығушылығы мен 
осындай іс-әрекеттерге қатысуы «басым, түсініксіз, масайтатын, сұмдық, экстатикалық» дүние-
лерге деген өмірлік қы зығушылығының бір бөлігі болды (cited in J. Miller, 1993:27). Басқаша айт-
қанда, Фуко өз өмірінде (және еңбектерінде) адамдардың (оның ішінде өзінің) тәні мен жанының 
жойылуына әкелетін «шектеулі сезімдерге» қызығушылық танытты. Мысалы, Фуко моншадағы 
бейтаныс адамдармен садомазохистік әрекеттерге қатысу интеллектуалдық зейінін ашып, өзін-
өзі жаңа қырынан тануға мүмкіндік беретініне сенген.
Осылайша, секс шектеулі сезім болып көрініп, оның ойынша, өлімді еске түсіретіндей көрінді:
«Меніңше, естен тандыратын нағыз ләззат дегеніміз – соншалықты терең, соншалықты интен-
сивті, соншалықты ғажап болуы тиіс... Нағыз ләззат... маған өлімді еске салады» (Foucault, cited 
in J. Miller, 1993:27). Тіпті 1983 жылдың күзінде жұққан иммун тапшылығы синдромы (әрі қарай – 
ЖИТС) дерті туралы білгенде және гомосексуалистер бұл ауруға бейім екенін білген жағдайда 
да Фуко Сан-Франциско моншаларындағы жыныстық қатынастарға қатыса берді. «Ол ЖИТС-ті 
өте байыппен қабылдады... Сан-Францискоға соңғы рет барғанда, оны «шектеулі сезім» ретінде 
түсінді (cited in J. Miller, 1993:380).
Фуко сондай-ақ 1975 жылдың көктемінде Забриски-Пойнтте алғаш рет LSD-ді сынап көрді. Есірт-
кі оған қатты әсер етті: «Аспан жарылды... Маған аспаннан жұлдыздар жауды. Мен бұл дұрыс 
емес екенін білемін, бірақ бұл шындық» (cited in J. Miller, 1993:250). LSD Фуко үшін шектеулі сезім 
ретінде болды: «Мен өте бақыттымын... Бүгін өзіме деген жаңа көзқарас қалыптасты... Енді мен 
сексуалды екенімді түсінемін... Біз қайтадан үйге баруымыз керек» (cited in J. Miller, 1993:251).
LSD қабылдағанға дейін Фуко «Сексуалдық тарихы» еңбегіне ерекше назар аударады. Ол бұ-
рынғы еңбегіне ақылсыздық пен басқа да мәселелерді зерделеу тұрғысынан көбірек көңіл бөлуі 
керек еді. Бірақ LSD тәжірибесі шектелгеннен кейін, ол жобаны толық қайта тұжырымдады. Өзге 
нәрселермен қатар, бұл жобада өзіне көбірек көңіл бөлді. Мүмкін, Фуко өзінің LSD сапары кезін-
де үйге оралу туралы қайтадан айтқан болар.
МИШЕЛЬ ФУКО
БИОГРАФИЯЛЫҚ ШОЛУ
https://ru.wikipedia.org/wiki/media/File:Michel_Foucault2.jpg




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   467   468   469   470   471   472   473   474   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет