35
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
шыларына анағұрлым ұғынықты болды. Маркс пен Вебер сияқты көп томдық
еңбектерден басқа, Зиммель кедейлік, жезөкшелік, сараңдық пен ысырапшыл-
дық, бөгделік секілді қызықты тақырыптар да бірсыпыра эссе жазды. Мұндай
эсселердің қысқалығы және материалға қызығушылықтың жоғары деңгейі
Зиммель идея ларының таралуын едәуір жеңілдетті.
Зиммельдің микроәлеуметтануына деген ерте
америкалық көзқарас оның
жұмысының мына төменгі екі аспектісіне теріс әсерін тигізді. Біріншіден, Зим-
мель
lebensphilosophie (өмірлік философия)
қозғалысындағы ықпалды тұлға
болды. «Өмір» ұғымы Зиммельдің барлық жұмыстарының бастамасына негіз
еді (Pyyhtinen, 2010). Негізінен, ол «адамның әрекеті – үнемі өзгеріп тұратын,
динамикалық өмірлік күштердің көрінісі» деген пікірді ұстанған. Адамзат қо-
ғамы тіршілік қозғалысы мен әлеуметтік, мәдени формалардағы өмірді оңтай-
ландыру үшін адамның күш салуы арасындағы қысым ретінде өмір сүреді. Зим-
мельдің
The View of Life («Өмірге көзқарас»)
([1918] 2011) және
Рембрандтың
жақын арада жасалған ағылшын аудармалары оның
жұмысындағы бұл аспектіге
деген академиялық қызығушылықты тудырды.
Екіншіден, Зиммельдің шағын эсселеріне деген ықылас оның көлемді және
макроәлеуметтанулық жұмыстарын көлеңкеде қалдырып, теріс әсерін тигізді.
Мысалы, Зиммельдің ағылшын тіліне аударылған
The Philosophy of Money («Ақша
философиясы»)
[1907–1978]; Poggi, 1993) еңбегі мәдениет пен қоғамға қызығу-
шылық танытқан көптеген теорияшылардың зор ықыласына бөленді.
Зиммельдің
«Ақша философиясы» макробағыт анығырақ байқалғанмен, ол
оның еңбектерінде әрдайым болды. Мысалы, Зиммельдің әйгілі диада мен триада
жайлы жұмысында айқын байқалады. Зиммельдің пікірінше,
екі адамнан тұратын
топқа (
диада) үшінші жақ қосылып,
триадаға айналған шақ та әлеуметтану тұрғы-
сынан кейбір маңызды оқиғалар орын алады. Диадада бола алмайтын әлеуметтік
мүмкіндіктер пайда болады. Мысалы, триадада мүшелердің бірі, қалған екеуінің
арасындағы келіспеушіліктерге төреші немесе делдал бола алады. Ең маңыздысы,
мүшелердің екеуі бірігіп, үшінші мүшеден басым бола алады. Бұл индивидтерден
дараланып, оларға үстемдік ететін ірі құрылымдардың пайда болуына мүмкіндік
туғызатын шағын көлемді көрсетеді.
Дәл осы тақырып –
«Ақша философиясы» атты еңбегінің
негізі. Зиммель,
ең алдымен, заманауи қоғамдағы индивидтерден оқшауланып, оларға үстемдік
ететін ақша экономикасының пайда болуымен айналысқан. Осы тақырып, өз
кезегінде, Зиммельдің еңбегіндегі ірі және аса танымал тақырыптың бір бөлігі
болды. Ол жалпы мәдениеттің индивидке үстемдік етуіне байланысты. Зим-
мель дің пікірінше, қазіргі заманда мәдениет және оның әртүрлі
құрамдас бө-
лігі (ақша экономикасымен бірге) әлдеқайда кеңейіп жатыр, олардың дамуы
барысында индивидтің маңыздылығы азайып келеді. Осылайша, мысалы, за-
ма науи экономикамен байланысты өнеркәсіптік технологиялар кеңейіп, одан
әрі күрделенетін болса, жеке еңбектенушінің дағдылары мен мүмкіндіктері өз
маңыздылығын жоғалтады. Соңында, жұмысшы әрі кетсе тек елеусіз бақылау
жасай алатын өнеркәсіптік машинамен қақтығысады. Жалпы алғанда, Зиммель
«заманауи әлемде жоғары мәдениеттің өркендеуі индивидтің маңыздылығы-
ның төмендеуіне алып келеді» деп санаған.
Әлеуметтанушылар Зиммельдің еңбегінің әлдеқайда кең ауқымды саласы-
на бет бұрса да, оның ертедегі ықпалының зор болуына – бірінші кезекте өзара
әре кеттесу формалары мен өзара әрекеттесуші тұлғалардың типтері секілді ша-
ғын әлеуметтік құбылыстарды зерттеуі бірден-бір себеп болды.