Алеуметтану тероиясы indb



Pdf көрінісі
бет43/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Маркс теориясы. Қарапайым тілде айтатын болсақ, Маркс өзінің адами жа-
ратылыстардың басты табиғатын көруіне негізделген капиталистік қоғам тео-
риясын ұсынды. Маркстің пікірінше, адамдар – өздігінен өндірушілер; бұл де-
геніміз – тіршілік ету мақсатында адамдар табиғат аясында және табиғатпен 
бірге жұмыс істеуі керек. Осылайша, әрекет етіп, тамақ, киім-кешек, еңбек құ-
ралдары, тұрғын үй мен оларға өмір сүруге мүмкіндік беретін басқа да қажет-
ті бұйымдарды өндіреді. Олардың өнімділігі өздерінің негізгі шығармашылық 
ұмтылыстарын білдіретін толықтай табиғи әдіске сай болды. Оған қоса мұндай 
қозғалыстар басқа адамдармен өзара әрекеттестікті білдірді, басқаша айтсақ, 
адамдар жаратылысынан әлеуметтік құбылыс болып табылады. Оларға өмірге 
қажетті нәрсені өндіру үшін бірлесіп жұмыс істеу керек.
Бұл табиғи процесс барысында алғашқы қоғамның сүреңсіз жағдайларымен,
ал кейінірек тарих барысында қоғам құрған түрлі құрылымдық механизмдер-
мен бұрмаланды. Бұл құрылымдар табиғи өндірістік процеске барынша кедергі 
келтіріп отырды. Алайда күйреу – дәл осы капиталистік қоғамда аса күрделі 


28
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
мәселе; табиғи өндірістік процестегі күйреу капитализм кезінде өзінің шарық-
тау шегіне жетеді.
Негізінен, капитализм – индивид пен өндірістік процесті, осы процестің 
өнімдері мен басқа адамдардың арасындағы кедергілерді жасайтын құрылым 
(немесе, дәлірек айтқанда, құрылымдардың сериясы); нәтижесінде ол тіпті 
индивидтердің өздерін де бөліп тастайды. Бұл айыру ұғымының негізгі мағы-
насы – адамдар арасындағы, сондай-ақ адамдар мен олар өндіретін өнімдердің 
арасындағы табиғи өзара байланыстың үзілуі. Капитализм бірнеше капиталис-
тік өндірістік процесті, өнімді және оларға жұмыс жасайтындардың жұмыс уа-
қытын иеленетін екі таптық жүйеге айналады. Капиталистік қоғамда адамдар 
өздері үшін табиғи өндірістерінің орнына, табиғилыққа жат капиталистердің 
шағын тобы үшін өнімдер өндіреді. Интеллектуалды түрде Марксті капита-
лизмнің құрылымдары мен олардың акторларға тигізетін ауыр әсері өте алаң-
датты. Саяси тұрғыдан адамдарды капитализмнің қанаушы құрылымдарынан 
азат етуге ерекше назар аударды.
Маркс утопиялық социалистік мемлекеттің қалай туатыны туралы қиялына 
жете мән берген жоқ (Lovell, 1992). Одан гөрі оны капитализмнің жойылуына 
ат салысу көбірек қызықтырды. Капитализм кезіндегі қайшылықтар мен жан-
жалдар оның біржола құлауына алып келетініне сенді, алайда бұл процестің 
шарасыз екенін ойламады. Социализм пайда болу үшін адамдар белгілі бір 
уақытта бұрыннан белгілі әдістермен әрекет етулері тиіс еді. Капиталистерде 
социализмнің пайда болуын алдын ала ескерту үшін үлкен ресурстар бар еді, 
бірақ оларды таптық санасы бар пролетариаттың ұйымдасқан іс-әрекеттері же-
ңіп кете алады. Пролетариат бұл процесс барысында не жасайды? Социализм 
дегеніміз не? Жалпы алғанда, бұл – адамдар Маркстің өндіріс тиімділігі тура-
лы мін сіз түсінігіне алғаш жақындай алатын қоғам. Заманауи технологияларды 
пайдаланып, адамдар тіршілік етуге қажетті игіліктерді жасау үшін табиғатпен 
және басқа адамдармен үйлесімді түрде өзара әрекеттесе алатын еді. Басқаша 
айтқанда, социалистік қоғамда адамдар бұдан былай бір-бірінен және табиғат-
тан шеттетілмейтін болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет