Алеуметтану тероиясы indb


I бөлім • Классикалық әлеуметтану теориясы Ескертпелер



Pdf көрінісі
бет55/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

44
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Ескертпелер
Бұл тарауда ерте кезеңдегі әлеуметтану теориясының тарихына шолу жасалды. Бірінші бө-
лім әлеуметтану теориясының дамуына қатысатын әртүрлі әлеуметтік күштерге арналған. 
Мұндай ықпалдар көп болса да, біз әлеуметтану теориясына саяси революция, индустрия-
лық революция, капитализмнің өркендеуі, социализм, феминизм, урбанизация, діни өзге-
рістер және ғылымның дамуы қалай әсер еткеніне баса көңіл аудардық. Тараудың екінші 
бөлімі интеллектуалды күштердің әртүрлі елдердегі әлеуметтану теорияларының дамуы-
на әсерін зерттеді. Біз Фран ция дан және Ағартушылықтың рөлінен бастаймыз, одан кейін 
консервативті және романтикалық реакцияға көңіл бөлеміз. Франциядағы әлеуметтану 
теориясы өзара әрекеттестіктен дамыды. Біз бұл контексте француз әлеуметтануының ерте 
кезеңіндегі негізгі өкілдері: Алексис де Токвильді, Клод Анри Сен-Симонды, Огюст Конт-
ты және Эмиль Дюркгеймді зерттедік.
Әрі қарай Германияға және Карл Маркстің осы елдегі әлеуметтанудың дамуындағы рө-
ліне кө шеміз. Біз марксистік теория мен әлеуметтану теориясының қатар дамуын, сондай-
ақ бірін шісінің әлеуметтануға теріс те, оң да әсер еткенін талқыладық. Біз Маркс теория-
сын ге гельшілдіктегі, материализм мен саяси экономиядағы түп тамырларынан бастадық. 
Маркс тео риясының өзі қысқаша сипатталған. Содан кейін пікірталас неміс әлеуметтануы-
ның түп тамырын талқылауға ауысады. Неміс әлеуметтануының әртүрлі қайнар көздерін 
көрсету мақсатында Макс Вебердің шығармашылығы жайлы әңгімеледік. Вебер теориясы 
Маркстің идеяларына қарағанда кейінгі әлеуметтанушыларға қолайлырақ болуының кей-
бір себептері де талқыланды. Бұл бөлім Георг Зиммельдің шығармашылығын қысқа шолу-
мен аяқталады.
Одан әрі Британиядағы әлеуметтану теориясының дамуы қарастырылды. Британ әлеу-
мет тануының негізгі көздері: саяси экономика, амелиоризм және әлеуметтік эволюция. Бұл 
кон тексте Герберт Спенсердің шығармашылығын, сонымен бірге онда кездесетін кейбір қа-
рама-қайшылықтарды сөз еттік.
Бірінші тарау итальян әлеуметтану теориясын, соның ішінде Вильфредо Парето шығар-
машылығын және еуропалық марксизмнің ғасырлар тоғысындағы дамуын, ең алдымен эко-
но ми калық детерминизм мен гегельдік марксизмнің дамуын қысқаша қарастырып өтумен 
аяқ талады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет