37
1-тарау
•
Әлеуметтану теориясына тарихи шолу: ерте кезең
Герберт Спенсер 1820 жылы 27 сәуірде Англияның
Дерби қаласында дүниеге келді (Francis, 2011; Haines,
2005). Ол өнер және гуманитарлық ғылымдар сала-
сында емес, техникалық, қолданбалы пәндер сала-
сында оқыған. 1837 жылдан 1846 жылға дейін темір-
жол да инженер болып жұмыс істеді. Бұл аралықта
Спенсер өздігінен оқып, ғылыми және саяси еңбек-
терді жариялай бастады.
1848 жылы Спенсер
The Economist журналының
редакторы болып тағайындалып, интел лек туалды
көзқарастары шыңдала түсті. 1850 жылға қарай ол
өзінің
Social statics («Әлеуметтік статика») атты басты
еңбегін аяқтады. Бұл еңбекті жазу барысында Спен-
сер ұйқысыздық дертіне шалдықты, уақыт өте келе
ақыл-ойы төмендеп, қуат-күші әлсірей берді. Жүйке-
сі бұзы лып, жылдар бойы ауыр дертті бастан кешті.
1853 жылы Спенсер жұмысын тастап, өмірінің соңғы
күндеріне дейін еркін ғалым ретінде өмір сүрді. Ол ешқашан да университеттік дәрежеге және
ғылыми лауазымға ие болған емес. Өмірден оқшауланып, ақыл-ойы ауытқып дерт меңдеген
кезде де Спенсер ғалым ретінде қарымды жұмыс атқарады. Ақыр аяғында, Спенсер Англияда
ғана емес, халықаралық деңгейде танылды. Ричард Хофштадтер жазғандай: «Азаматтық соғыс-
тан отыз жыл өткеннен кейін Спенсерді оқымай, қандай да бір интеллектуалды салада белсен-
ді қызмет ету мүмкін болмады» (1959:33). Оның жақтастары арасында маңызды өнеркәсіпші
Эндрю Карнеги болды, ол 1903 жылы Спенсердің ауруы асқынып тұрған шақта жазған хатында
былай деді:
«Қадірлі Ұстаз, Оқытушы!.. Сіз күн сайын менің ойымнан шықпайсыз, сөйтіп, ежелден
бергі «неге» деген сұрақ көңілімді мазалайды. Неге ол еленбей жатыр? Неге ол таныл-
май кету керек? ... Әлем өзінің ең мықты ақыл-ой иесі кім екенін түсінбей, өтіп барады...
Бірақ бір күні әлем оянып, оның іліміне назар аударып, Спенсердің орны ұлылардың
қатарында деген жарлық шығарады».
(Carnegie, cited in Peel, 1971:2)
Алайда Спенсердің тағдыры олай болмады.
Спенсердің аса қызық мінезі, ақыр соңында оның интеллектуалды тұрғыдан күйреуіне әкелген
қасіретінің бірі – басқалардың еңбектерін оқымау. Бұл тұста ол «ми гигиенасын» қолданған
ертедегі ірі әлеуметтанушы Огюст Контқа ұқсайды. Спенсер өзгелердің жұмыстарын оқу қа-
жеттілігі жөнінде былай деген: «Мен өмір бойы оқырман емес, ойшыл болдым және Гоббспен
бірге айтарым: «Егер мен өзгелер секілді соншалықты көп оқысам, солар секілді аз білер едім»
(Wiltshire, 1978:67). Спенсердің досы одан бір кітап жайлы не ойлайтынын сұрады, сонда «Спен-
сер кітапқа қарап, оның негізгі пайымдауы қате екенін, сондықтан да оны оқымайтынын айт-
ты» (Wiltshire, 1978:67). Бір автор Спенсер туралы былай деген: «Ол білімді ақылға сыймайтын
түрде терісімен сіңіріп жатқандай... ол ешқашан кітап оқығаман тәрізді» (Wiltshire, 1978:67).
Егер де ол басқа ғалымдардың еңбектерін оқымаған болса, онда Спенсердің идеялары мен
алғырлығы қайдан келді? Спенсердің ойынша, олар өздігінен және оның ақыл-ойынан интуитивті
түрде пайда болды. Ол өзінің идеялары «аз-аздап, ығыр қылмай, саналы пейілмен немесе елеулі
Достарыңызбен бөлісу: