Алеуметтану тероиясы indb


III бөлім • Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер) МИШЕЛЬ ФУКО



Pdf көрінісі
бет472/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

694
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
МИШЕЛЬ ФУКО
тек тарихи оқиғалардың нәтижесі ретінде қарастырылмайды. Фуко қазіргі мүм-
кіндіктерді түсіну үшін тарихи оқиғаларды сыни тұрғыдан талдауға ұмтылады.
Фуко билік генеалогиясында адамдар өздерін және басқаларды білім беру 
арқылы қалай басқаратыны туралы ойлайды. Сонымен қатар адамдармен
өзара әрекеттесу мен білім субъектілерін басқару арқылы білімді қалыптас-
тыру мүм кіндігін айқындайды. Ол білімнің иерархиясын сыни тұрғыдан ба-
ғалайды. Білім иерархиясында ең беделдісі жоғары білім болғандықтан, бұл 
жүйе оның ең қатаң сынына ұшырайды. Фуко білім (әсіресе ғылыми жетістік-
тер) негізінде алынған технологияларды және әртүрлі мекемелердің адамдар-
ға билік жүр гізу үшін қызмет етуіне ерекше қызығушылық танытады. Білім 
мен билік арасындағы байланыстарды айқындағанмен, Фуко бұл жағдайды 
қоғамның элиталық өкілдерінің іс-әрекет нәтижесі ретінде қарастырмайды. 
Себебі ол субъектілердің арасындағы қарым-қатынастарды емес, құрылым-
дық қарым-қатынастарды, әсіресе білім мен билік арасындағы қарым-қаты-
насты зерттеуге ұмтылады. Фуко қарабайырлықтан күрделі білім жүйелеріне 
қарай негізделген заманауи адамгершілікке дейінгі прогресті емес, оның ор-
нына бір билік жүйесінің (білімге негізделген) екінші бір түріне өту проце-
сін тарихи негізде зерттейді. Осы процестің оң сипаттамасына олардың өзара 
қарсылық білдіруін тарихи мысалдар арқылы көрсеткенмен, қазіргі заманға 
ерекше назар аударады. Өзінің айтуынша, ол «қазіргі заманның тарихын жа-
зады» (Foucault, 1979:31).
Осыған байланысты Фуконың бірқатар ерекше еңбектерін қарастырайық. 
Madness and Civilization («Ессіздік пен өркениет») еңбегінде (1965; Foucault, 
1995) Фуко білім археологиясына, әсіресе психиатрия саласына ерекше назар 
аударады. Ол өз зерттеуін ақыл-ой мен санасыздық әлі ажыратылмаған ренес-
санс кезеңінен бастайды. Алайда 1650–1800 жылдар аралығында (классикалық 
кезеңде), ақыл-ой мен санасыздық шекаралары алшақтай бастағанда, ақыл-ой-
ға ерекше зейін аударады. Басқаша айтқанда, Фуко ақыл мен парасат арасында-
ғы «сынған диалогті» сипаттайды (1965: х). Ол соңғы нәтижені жазады: 
«Бұл кезеңде ақыл-ой таза күйінде болды және ессіздік оның Қайта өрлеу 
дәуірінде өркендей беруіне мүмкіндік берген жалған еркіндіктен ажы-
Фуконың еңбектері де, жеке өмірі де экстремалдық сипатта және бір-бірімен байланысты 
болды. Зерттеулеріне тән сипаттың бірі – шығармашылықпен жазылуы. Өз еңбектері аясында ол 
шығармашылықтың жоғары деңгейіне жете алды және өзінің «шектеулі сезімдері» туралы жазды.
Зерттеулері жеке өмірімен тығыз байланысты болғандықтан, қарапайым анықтамаға сай келе 
бермейді. Осының дәлелі ретінде Фуконың өз еңбегінде берілген сөздерді көрсетуге болады:
«Менің кім екенімді сұрамаңыз және менің өзгермеуімді өтінбеңіз... Меніңше, мен секіл-
ді, жазуларында бет-бейнесін көрсеткісі келмейтін адамдар да табылар» (Foucault, cited in
J. Miller, 1993:19). 


695
17-тарау

Структурализм, постструктурализм және постмодерндік әлеуметтік теория
ратылады. Ақырындап ессіздік «Дон Кихот», «Король Лир» секілді ең-
бектерде жойыла бастады. Алайда ол жарты ғасырға жуық оқ шауланып, 
ақыл-ойдың, адамгершілік нормаларының және олардың іш пыстырар-
лық түнегінің құрсауында болды».
(Foucault, 1965:64) 
Мұнда веберлік темір тор туралы көзқарастарын көре аламыз – сана сыздық 
(иррационалдық) ақыл-ойдың (рационалдықтың) қамауына түседі.
XIX ғасырдағы ғылым психологиясы XVIII ғасырда ақыл-ойдың сана-
сыздықтан бөлінуінен пайда болды (психиатрия «ақыл-ойдың монологі» деп 
аталды) [Foucault,1965:xi]). Алғашында медицина ақыл-ойдың физи калық 
және моральдық емделуіне жауап берді, бірақ кейінірек ғылыми пси хо логия-
лық медицина моральдық емдеумен айналысты: «психологиялық медицина-
ның жүзеге асырылуы санасыздықты өзін-өзі кінәлау сезімінен айырған кезде 
ғана мүмкін болды» (Foucault, 1965:182–183). Кейінірек Фуко пси хиатриялық 
көмекке мынадай анықтама берді: «Психиатриялық көмек дегеніміз – XVIII 
ғасырдың соңында өмір сүру мен адамның баспана алу құқы ғын анықтаумен 
байланысты және позитивизм мифтеріне негізделген қа зіргі заманға сай мо-
ральдық тактика» (1965:276). Осылайша, Фуко үшін психология (және пси-
хиатрия) – осы санасыздықты жеңуге арналған ғылы ми талпыныс емес, мо-
ральдық бастама.
Фуко соңғы жылдардағы ақыл-ойды емдеу процесіндегі ғылыми, меди-
циналық және гуманитарлық жетістіктерді жоққа шығарады. Керісінше, ол 
XVII ғасырда ессіздікке бой алдырған адамдар саналы адамдармен тең бол-
ғанын ескере отырып, қазіргі кезде саналы адамдар және әртүрлі мамандар 
(дәрігерлер, психологтер, психиатрлар) ессіздікке бой алдырған адамдарды 
азаптап немесе жою үшін өз қабілеттерін барынша жетілдіреді. Ал ессіздікке 
бой алдырған адамдардың осындай сала мамандарын бағалау мен сынға алу 
мүмкіндіктері жоқ деуге де болады. «Ақылсыздық өз еркімен өзін-өзі соттау-
ға шақырады» (Фуко, 1965:265). Көптеген сезімдердегі осындай ішкі бақы-
лау – бақылаудың ең репрессивтік нысаны. Әрине, Фуко ұсынған археоло-
гия оның дәстүрлі тарихшылардың тарихы мен қазіргі жағдайы туралы және 
олардың саналы қарым-қатынасы туралы қорытындыларымен ерекшеленеді. 
Сонымен қатар ол гуманитарлық ғылымдардың (әсіресе психология және 
психиатрия) ақыл-ой мен ақыл арасындағы айырмашылықты және ақыл-
ойдың үстінен адамгершілік бақылауды күшейтуді көздейді. Бұл – адамның 
моральдық бақылауындағы гу манитарлық ғылымдардың рөлі туралы жалпы 
тезисінің бір бөлігі.
Фуко өзінің структурализм бойынша алғашқы еңбектерінде ессіздіктің екі 
«деңгейін» анықтайды және оның ең терең деңгейін дискурстың нысаны деп 
атайды (1965:96). Ессіздік – классикалық жасқа тән физикалық немесе пси-
хикалық өзгерістер емес. Керісінше, «ақылсыз тіл – ессіздіктің түпкі ақиқаты» 
(Фуко, 1965:97). Осы ертеректегі еңбектерінде структурализмнің терең мәні 
айқындалады: «Классикалық мәдениет өзінің жалпы құрылымында өзіндік тә-
жірибесін қалыптастырады, тәжірибе бірдей мағыналармен, ортақ ішкі логи-
камен сипатталады. Сөйлеу мен сөзбе-сөз түсіну, шын мәнінде, біз үшін тілдің 
құндылығын білдіреді» (Foucault, 1965:116;).


696
III бөлім

Модерндік теориядан постмодерндік әлеуметтік теорияға дейін (және одан кейінгілер)
Фуко The Birth of the Clinic («Емханалардың пайда болуы») еңбегінде меди-
циналық дискурс пен оның негізгі құрамдас бөліктеріне ерекше назар аудара 
отырып, құрылымдық әдісті қолдануды жалғастырады. Осы еңбегіндеы былай 
деп жазады: «Адамдар өз ойларын емес, осы ойларды максималды түрде сипат-
тайтын сезімдері туралы айтады. Олар өздерінің ойларын жүйелейтін пікір-
лерді қалыптастырады, кейін осылайша жаңа дискурстарға қол жеткізе алады 
және оларды өзгерту мүмкіндіктерін ашады» (1975:xiv).
«Ессіздік пен өркениетте» медицина гуманитарлық ғылымның маңызды 
бастамашысы болды және бұл – «Емханалардың пайда болуы» еңбегінде кө-
терілген басты тақырыптардың бірі. Фуконың айтуынша, «Адам туралы ғы-
лым... медицинаға негізделген» [1975:36]. ХІХ ғасырға дейін медицина клас-
сикалық ғылым болды, бірақ осы ғасырдан бастап медицина ауруды емдеумен 
айналысты, себебі сол кезде үлкен қауымдастықтар арасында эпидемия тарап, 
дертке шалдыққандар саны күрт өсті. Медицина салауатты адамдар үшін (про-
филактикалық қамқорлық секілді) кеңейтіліп, сау және науқас, қалыпты және 
патологиялық күйді айқындайтын нормативтік позицияны қабылдады. Ол 
адамзатқа қатысты осы қалыпты-патологиялық позицияны ұстанатын гума-
нитарлық ғылымдардың қалыптасуының алғышарты болды.
Дегенмен медицинада емханалық құрылым болмады. Тек емханалар ашы-
лып, науқастар төсекте жатып қаралғаннан кейін дами бастады. Мұнда Фуко 
негізгі терминді, «көзқарасты» (gaze) пайдаланады, бұл жағдайда «көзқарас 
бір мезгілде білім де, пікір ретінде де қарастырылды» (1975:81). Басқаша айт-
қанда, дәрігерлердің білімі оқыған кітаптарынан емес, өзі көрген жағдайлар-
дың негізінде қалыптаса бастады. Структуралист ретінде Фуко көзге көрін-
бейтін «тілсіз сөз» (1975:68) тілін көрді және ол «тілдің» терең құрылымына 
қызығушылық танытты. Науқастарды (немесе бақилықтарды) көру және ұс-
тау (әсіресе мәйіт денесін ашу) мүмкіндіктері маңызды білім көзі болды. Фуко 
мәйіт денесін ашу туралы былай жазған: «Өлім шырағы түн түнегін түреді» 
(1975:146). Фуко анатомиялық-клиникалық көзқарасты батыс медицинасына 
тән «үлкен жетістік» деп санады. Осылайша білімнің эволюциясы болмады, бі-
рақ эпистемиологиялық өзгерістер болды. Дәрігерлер бірдей ойын ойнаудан бас 
тартты. Бұл – әртүрлі ережелермен ерекшеленетін ойын. Осы ойында адамдар 
(пациенттер) ғылыми білім мен тәжірибенің объектісі болды (субъект ретінде 
аурудың орнына). Ал оның структуралистік бағыты тұрғысынан алғанда, ауру 
дерттерді топтастырудың, зерттеу нысанының сипаты мен атаулары өзгерді 
(Foucault, 1975:54).
Фуко үшін дәрі-дәрмек гуманитарлық ғылымдардың қайта дамуының ал-
ғышарты болып есептелді. «Адам оң білімнің объектісі болып қалыптасуына 
ықпал ететін медицинаның гуманитарлық ғылымдар арасында маңыздылы-
ғы тек әдіснамалық емес, сонымен қатар онтологиялық деңгейде мағынаға ие 
болуы тиіс» (Фуко, 1975:197). Фуко: «Өлім ескі қасіретті аспанды қалдырып, 
адамның лирикалық ядросы болды: оның көрінбейтін ақиқаты, көрінетін құ-
пиясы» (1975:172). Шын мәнінде, Фуко үшін анағұрлым кең өлшем – оның өз 
білімінің субъектісі және объектісі ретіндегі индивид, ал медицинадағы өзге-
ріс – тәжірибенің іргелі құрылымдарындағы осы өзгерістерге көрнекі дәлел-
дердің бірі».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   468   469   470   471   472   473   474   475   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет