61
2-тарау
•
Карл Маркс
себебі екенін түсіндірді. Маркстің адам табиғаты мен иеліктен айыруға арнал-
ған еңбегі оны капиталистік қоғамды сынап, адамның басты адами құндылығын
білдіру үшін капитализм құрылымдарын жоюға бағытталған саяси бағдарлама
жасауға итермеледі (Meszaros, 1970).
Капитализм – экономикалық жүйе, онда мардымсыз жалақы алатын жұ-
мыскерлер тауарды саны аз капиталистер үшін өндіреді. Олар игіліктің бар-
лығын иеленеді: тауар, тауарларды өндіру құралы және капиталистер жалақы
арқылы сатып алатын жұмысшылардың еңбек уақыты (H. Wolf, 2005b). Маркс-
тің басты түсініктерінің бірі капитализмнің экономикалық жүйеге қарағанда
әлдеқайда артықшылығын білдіреді. Сондай-ақ бұл – билік жүйесі. Капита-
лизмнің құпиясы – саяси биліктің экономикалық қарым-қатынасқа айналуы
(Wood, 1995). Капиталистерге қатал күш қолданудың қажеті шамалы. Олар
жұмыстан шығару және иеліктерді жабуға жететін билігі арқылы жұмыскер-
лерге өз өкімін жүргізе алады. Сондықтан капитализм – жай ғана экономика-
лық жүйе емес, сондай-ақ саяси жүйе, билікті жүзеге асыру тәртібі және қыз-
меткерлерді пайдалану процесі.
Біз бұл оқиғаларды әлеуметтік немесе саяси шешімдердің нәтижесі ретінде
қарастырмаймыз. Адамның қасіреті мен экономикалық құрылымдар арасында-
ғы байланыстары маңызы жоқ, елеусіз нәрсе деп есептеледі.
Мысалы, АҚШ-тың Федералды резервтік жүйесі пайыздық өсімдерді көтер-
генін газеттен оқи аласыз. Мұндай қадамға көбінесе экономиканың «қызып ке-
туі» себеп болған, яғни инфляцияның ықтималдығы бар екенін айта кету керек.
Пайыздық өсімдерді көтеру – экономиканы, шынымен де, «суытып тастайды».
Мұны қалай істейді? Бұл жағдай кейбір жұмысшыларды жұмыс орнынан айы-
рады. Нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын көтеруді талап етуге қорқады,
бұл қосымша пайыздық өсімнің артуына және жұмысшылардың жұмысынан
айыры луына алып келуі мүмкін. Осылайша инфляцияның алдын алу шарала-
ры жүр гізіледі. Федералды резервтік жүйе кеңесі пайыздық өсімдерді көтеру
арқылы капиталистерге пайдалы, есесіне жұмысшыларға зиянды саяси шешім
қабылдайды. Бұл шешім әдетте тек таза экономикалық сипатта болады. Маркс
мұны жұмысшылардың есебінен капиталистерге қолайлы жағдай жасайтын
саяси шешім дейді.
Маркстің мақсаты – «заманауи қоғамның экономикалық қозғалыс заңды-
лықтарын» анықтай отырып, экономиканың қоғамдық және саяси құрылым-
дарын айқынырақ көрсету (Ollman, 1976:168). Сонымен қатар Маркс, өзі үміт-
тенгендей, капитализмді сөзсіз өзгертетін ішкі оппозицияның сипатын анық-
тауға ниеттенді.
Достарыңызбен бөлісу: