Алеуметтану тероиясы indb


Капиталистік қоғамның мәдени аспектілері



Pdf көрінісі
бет74/596
Дата14.11.2022
өлшемі16,19 Mb.
#50039
түріОқулық
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   596
Байланысты:
АЛЕУМЕТТАНУ ТЕРОИЯСЫ TPG 130318 (1)

Капиталистік қоғамның мәдени аспектілері
Капитализмнің материалдық құрылымдарына назар аударумен қатар, Маркс 
оның мәдени аспектілері туралы да теориялық тұрғыда айтқан.


72
I бөлім

Классикалық әлеуметтану теориясы
Идеология
Өндіріс күштерін дамыту үшін өндірістегі қазіргі қарым-қатынастар ғана емес, 
сонымен қатар институттарға қолдау көрсететін қарым-қатынастар, соның 
ішінде кеңінен таралған идеялар осы өз герістерге кедергі болуы әбден ықти-
мал. Маркс осы функцияны жүзеге асы ратын кең танымал идеяларды идеоло-
гиялар деп атады. Көп термин сияқты, Маркс идеология сөзін де әрдайым бұ-
лыңғыр мағынада қолданады. Ол оны бір-бірімен байланысты екі түрлі идеяны 
көрсету үшін қолданған іспетті.
Алдымен, идеология капитализмнің күнделікті өмірінен туындаған идея- 
ларға жатады, бірақ капитализмнің табиғатына байланысты шындықты ин верт-
ті түрде көрсетеді (Larrain, 1979). Бұл терминнің мағынасын түсіндіру үшін 
обскура-камерасы метафорасын қолданды, онда шынайы бейнені керісінше 
көрсету үшін оптикалық елес қолданылады. Бұл – тауар фетишизмі немесе
ақша арқылы ұсынылған идеологияның түрі. Ақша тек қана әлеуметтік қа ты-
настардың арқасында құнды бола алатын бір бет қағаз екенін біле тұрсақ та, 
оны күнделікті өмірімізде зор құндылықтай қадірлейміз. Біз оның құндылығын 
көрсетудің орнына, ақша бізге өз құндылығын көрсететін сияқты... Бұл бірінші 
типтегі идеология бұзылуға ұшырайды, себебі ол материалдық қайшылықтарға 
негізделген. Адамның құндылығы, расында, ақшаға тәуелді емес және бұл қай-
шылықты шынымен дәлелдейтін адамдарды жиі кездестіреміз. Шын мәнінде, 
бұл деңгейде біз Маркстің капитализмді келесі кезеңге шығарады деп сенген 
материалдық қайшылықтар туралы жете түсінеміз. Біз, мысалы, экономика-
ның объективті, тәуелсіз жүйе емес, саяси сала екенін білеміз. Өз еңбегіміздің 
тек тауар ғана емес екенін және оның жалақыға сатылуы оқшау лауға алып ке-
летінін түсінеміз. Тіпті біз негізгі шындықты түсінбеген күнде де, тым құрыса, 
экономикалық жүйедегі сорақы саяси қозғалыстар салдарынан бұзылған немесе 
өзімізді оқшаулауға байланысты туындайтын сезімдеріміздің сырын ұғынамыз. 
Бұл ақауларды қарастыру Маркстің идеологияны екінші қолданысында өзекті 
мәселеге айналады.
Ақаулар туындағанда және негізгі материалдық қайшылықтар анықтал-
ғанда немесе сондай қауіп бар-ау деген кезде идеологияның екінші типі пайда 
болады. Бұл жерде Маркс идеология терминін капиталистік жүйенің дәл жү-
регінде жайғасқан қарама-қайшылықтарды жасыруға тырысатын басқарушы 
идеялар жүйесіне сілтеме жасау үшін пайдаланады. Көп жағдайларда мұны үш 
жолдың біреуі арқылы жүзеге асырады: 1) идеялардың шағын жүйелері – дін, 
философия, әдебиет, құқықтық жүйе құруына алып келеді, бұл қайшылықтар-
ды бір-бірімен байланыстырады; 2) олар қарама-қайшылықтарды анықтайтын 
тәжірибелерді, әдетте жеке мәселелерді немесе жеке ерекшеліктерді түсінді-
реді; 3) олар капиталистік қайшылықты адам табиғатында шын мәнінде бар 
және әлеуметтік өзгерістерге байланысты бола алмайтын қайшылық ретінде 
бағалайды.
Жалпы алғанда, билеуші тап өкілдері идеологияның осы екінші типін жа-
сайды. Мысалы, Маркс тауарлық форманы табиғи және әмбебап деп таныған 
буржуазиялық экономистерге сілтеме жасайды. Әйтпесе ол «материалдық 
қай шылықтар біздің ойымызды өзгерту арқылы шешілуі мүмкін» деп ойлай-
тын Гегель сияқты буржуазия философтарына сын айтады. Алайда тіпті про-
летариат та мұндай идеологияны жасай алады. Қоғамды нақты өзгертуге деген 


73
2-тарау

Карл Маркс
үміттен түңілген адамдар мұндай идеологияларды қажет етеді. Бірақ оларды
кім жасайтынына қарамастан, бұл идеологиялар әлеуметтік өзгерістерге апа-
ратын қайшылықтарды жасырып, билеуші тапқа үнемі пайдасын тигізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   70   71   72   73   74   75   76   77   ...   596




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет