54
I бөлім
•
Классикалық әлеуметтану теориясы
Карл Маркс 1818 жылы 5 мамырда Трир қаласын-
да, Пруссияда дүниеге келген (Antonio, 2011; Beilharz,
2005e). Оның заңгер әкесі отбасының орта тапқа сай
өмір сүруін қамтамасыз етті. Ата-анасының екеуі де
раввин отбасынан шыққан, бірақ кәсіптік се бептерге
байланысты әкесі Карлдың бала кезінде люте рандық
дінге өтеді. 1841 жылы Маркс Берлин универ ситетінде
философия ғылымының докторы атағын алды. Берлин
университеті Гегельдің және өз ұстазының ілімін қол-
дап, оған сыни көзбен қараған жас гегельшілердің зор
ықпалында болды. Маркстің докторантурасы құрғақ
философиялық трактат еді, алайда оның кейінгі көпте-
ген идеяларына түрткі болғаны анық. Бітіргеннен кейін
ол либералды-радикалды газетте автор болды және он
айдың ішінде бас редактор болып тағайындалды. Де-
генмен саяси ұстанымдарына байланысты, кейі нірек
бұл басылымды үкімет жауып тастады. Осы кезеңде жа-
риялан ған алғаш қы эсселері Маркстің өмір бойы бас-
шылыққа ал ған бірқатар ұстанымын айқындады. Олар
демократиялық принциптермен, гуманизммен және жастық идеализммен қанаттанған еді. Ол
гегельдік философияның абстрактілігінен, уто пиялық коммунистердің аңғал армандарынан,
сондай-ақ мерзімінен бұрын саяси әрекет деп санайтын әрекеттерге шақырған белсенділер-
ден бас тартты. Маркс осы белсенділерді қабылдамай, өз өмірлік жұмысының негізін қалады:
«Практикалық әрекеттер, тіпті көпшілік іске асырса да, қауіпті болған кезде оларға тез
арада «мылтықпен» жауап беруге болады, бірақ біздің ақыл-ойымызды, сенімімізді
баураған идеялар, ар-ұжданымызға сай келетін идеялар өзгенің жүрегін толқытпай
шыға алмайтын әрекетте; олар – жындар, оларды тек оларға бағыну арқылы ғана же-
ңуге болады».
(Marx, [1842] 1977:20)
Маркс 1843 жылы үйленіп, көп ұзамай Париждің либералды атмосферасы үшін Германиядан
кетуге мәжбүр болды. Онда ол Гегельдің және оның жақтастарының идеяларымен күресін
жалғастырды, сондай-ақ екі жаңа идея жиынтығы – француз социализмімен және ағылшын
саяси экономикасымен танысты. Ол өзінің интеллектуалды бағдарын қалыптастырған геге-
лизмді, социализмді және саяси экономиканы біріктірді. Бұл жерде оның өмір бойғы досы,
қайырымды көмекшісі және әріптесі болатын адам – Фридрих Энгельспен (Carver, 1983) кез-
десуі өте маңызды болды. Тоқыма өндірушінің ұлы Энгельс жұмысшы таптың алдында тұрған
жағ дай ларды социалистік сынға алды. Маркстің жұмысшы табының қайғы-қасіретіне мейір-
бандығы Энгельстің және оның идеяларының әсерінен туындады. 1844 жылы Энгельс пен
Маркс Париждегі әйгілі дәмханада ұзақ әңгімелесіп, өмір бойғы қауымдастыққа негіз қала-
ды. Энгельс бұл әңгімеден: «Біздің теориялық салалардағы толық келісіміміз анық болды...
және бірлескен жұмысымыз сол уақыттан бері басталады», – деп айтты (McLellan, 1973:131).
Келесі жылы Энгельс елеулі жұмыс жариялады, бұл кезеңде Маркс көптеген туындыларын
(олардың көпшілігі тірі кезінде жарияланбаған), соның ішінде
The Holy Family («Қасиетті
отбасы») ([1845] 1956) және
The German Ideology («Неміс идеологиясы») ([1845–1846] 1970;
екеуін де Энгельспен бірігіп жазған), сондай-ақ экономикалық саламен бірге дамып келе
жатқан прогрессияны жақсырақ танытқан 1844 жылғы (1932) экономикалық және филосо-
фиялық туындыларын жазды.
Маркс пен Энгельстің теориялық бағдары бір болса да, екеуінің арасында көп айырма шылық
болды. Маркс теориялық беталысты ұстанған, даңғаза интеллектуал еді және өз отбасының
Достарыңызбен бөлісу: