Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет43/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82
Байланысты:
umkd (4)

философиясы 
Дәріс сабағының қысқаша мазмұны. Капиталистік өндіріс тәсілінің қалыптасуы, шіркеу 
беделінің құлдырауы және ғылымның өркендеуі. Жаратылыстану ізденістерін дамыту көздеген 
прогрессивті буржуазия табының пайда болуы. Таным әдістерін (методтарын) іздеу: эмпиризм 
және рационализм, материализм және идеализм. Фрэнсис Бэкон – танымның эмпирикалық 
тәжірибесінің негізін қалаушы. «Білім – күш». Идолдар туралы ілім. Танымның индуктивтік 
әдісі. Рене Декарттың рационализмі. Дәлелді білімге қол жеткізудегі ойлау ережелері. 
Субстанция мәселесі. Рационалдық дедукция және Декарттың дуализмі. Томас Гоббстың 
әлеуметтік-саяси көзқарастары. Қоғамдық келісім-шарт теориясы.
Ағартушылықтың адамзат тарихындағы әртүрлі типтерінің ортақ жақтары. Шарль Луи 
Монтескье табиғи факторларың негізінде қоғамның генезисі мен мәні туралы. Франсуа 
Вольтер: теңдік дегеніміз заң мен құқықтың алдында тең болу. Жан Жак Руссоның қоғамдық 
келісім-шарт теориясы. Феодалдық ережелердің Дени Дидро шығармаларында сыналуы. 
«Энциклопедияны, немесе ғылымдардың, өнерлер мен қолөнерлердің Түсіндірме Сөздігін» 
жасау. Клод Адриан Гельвеций, Жюльен Оффрэ Ламетри және Поль Анри Гольбахтың 
материализмі. Ағартушылық – әлеуметтік прогрес жолы.Батысеуропадағы Жаңа Уақыт 
философиясы мен мәдениеті 
Лекцияның мақсаты: 
 Студенттерге Батысеуропадағы Жаңа Уақыт философиясы 
мен мәдениетінің пайда болуы, ерекшеліктері туралы түсіндіру.Әлемді біртұтас дүние ретінде 
туындаған жаңа ғылыми ойлардың ерекшеліктерін, Классикалық неміс философиясының Жаңа 
Уақыт философиясында қарқынды даму барысын түсіндіру.
Лекцияның жоспары:


Жаңа дәуір кезеңіндегі рационализм және эмперизм бағыттары. Эксперименталдық 
жаратылыстанудың пайда болуы. 
Р. Декарт, Б. Спиноза, Томс Гоббс ілімдеріндегі жаңа ғылыми – философиялық 
қөзқарастар. 
Канттың категориалдық императиві. Гегельдің диалектикалық ілімі. Фейербахтың 
антропологиялық ілімі. 
Батысеуропадағы Жаңа Уақыт философиясы мен мәдениетінің белгілі бір әлеуметтік-
экономикалық, саяси-қоғамдық қатынастардың жемісі болатын Өйткені, Батыс Еуропада 
капиталистік құрылыстың пайда болуы орта ғасырлық діни идеологияға қарсы күресті үдете 
түсті. Тауарлы-ақшалы шаруашылықтың дамуы ортағасырлардағы тұйық қоғамның жемісі 
болған барлық әлеуметтік, саяси-идеологиялық қатынастарды талқандауға әкеліп соқты. Жаңа 
Уақыт, яғни капитализм дәуірі құлдық пен феодалдық-өндірістік қатынастардың формаларын 
түбірінен жаңартып, қайтадан заттық-тауарлық қатынастарды қалпына келтірді. Адам ендігі 
жерде сатып алатын, сатылатын тауарларға бағынышты болды. Оны өлтіруге, сатуға және 
сатып алуға болмайды. Бірақ, адамның жұмысшы күші сатылады, өйткені, ол қосымша құн 
тудырады. Бүкіл байлық — капитал осы процесс арқылы дүниеге келеді. 
Философияның ендігі мәселесі капиталистік өндіріс
нарық тудырған, бірте-бірте 
өндіргіш күшке айнала бастаған жаңа типтегі ғылым және оның жаңа әдісі туралы болды. 
Философия сонымен қатар жаңа дүниетаным жаңа көзқарасты дүниеге әкелді. Жаңа философия 
мен мәдениет қалыптасты. 
Жаңа көзқарас әлемді біртұтас дүние ретінде тануға, дүниенің барлық салаларын жан-
жақты қамтуға әрекет етті. Табиғатты толық тануға ұмтылған бұл көзқарас, бір жағынан, жаңа 
заман ойшылдарының діни-мистикалық қапастан шыққаннан кейінгі еркіндік аңсаған 
армандарының орындалуы еді. Дүние кең байтақ, ұшы-қиыры жоқ, оны танитын, оның сырын 
ашатын табиғаттың нәрестесі (құдайдың жаратқан құлы емес) — адам. Ол бүкіл дүниені тануға 
және игеруге ұмтылды. 
Адам орта ғасырлық, қаратүнек қараңғылықтан, шырмаудан босанып шығысымен ендігі 
жерде тек өзіне ғана сенді. Ол өзінің еркіндігін және күшін танып, өз ісін қызметінен әділеттілік 
пен зерделілікті көрді.
Жаңа Уақыт философиясы мен мәдениеті өндіргіш күштердің ерекше қарқынмен 
дамуына кеңінен жол ашты. Өндіргіш күшке айнала бастаған ғылым мен техниканың өркендеуі 
бірте-бірте жаңа философиялық және ғылыми танымды қажет етті. Сондықтан да жаңа дәуір 
ойшылдары таным процесіне, табиғатты тануға ерекше назар аударып, ғылыми танымның 
негізін қалыптастыруға кірісті. Ең алдымен танымның жалпы әдісі, сонымен бірге жекелеген 
ғылымдардың саласындағы әдістер пайда бола бастады. 
Жаратылыстану саласының дамуы қоғам алдына қойылған мақсатқа сәйкес келді. 
Өйткені, бұл көзқарас философияны жаратылыстану ғылымының жетегіне іліктірді. 
Дегенмен, даму процесі диалектикалық жолмен жүреді. Жаңа дәуірдегі ғылымның, яғни 
жаратылыстану ғылымының дамуы сол кездегі философияның өркендеуіне ішкі мазмұны 
жағынан өзара сәйкес келді.
Оларды біріктірген жалпыға бірдей әдіс — метафизикалық, механикалық әдіс болды. Бұл әдіс, 
ең алдымен, сол кездегі ғылымның дамуына байланысты шықты. 
Ғылым бұрынғы шашылған ұсақ-түйек ілімдерден бір арнаға жинақталған жүйеге 
айналуды қажет етті. Сондықтан ғылым білімдер жүйесіне айналды. Сонымен қатар 
ғылымдардың жекелеген таным тәсілдері философияға да тән әрі ортақ болып шықты. 
Таным теориясында бір-біріне қарама-қарсы екі бағыт пайда болды. Олар сырт қарағанда 
ойлау процесіндегі ой-пікір, пайым мен зердеден келіп шықты. Олардың бірі эмпирикалық 
(эмпирия - латын тілінде тәжірибе), ал екінші рационалистік (рацио - латын тілінде ақыл, зерде) 
болып бөлінді. Бұлар кейін келе-келе бір-бірімен қарама-қарсы бағытқа айналды. Таным 
теориясындағы бел екі бағыт философия тарихындағы, таным процесіндегі көптеген 
қайшылықтардың бетін ашты. Ал метафизикалық, механикалық әдіс таным теориясындағы осы 
екі ағымның диалектикалық байланысын анықтаудың орнына, оларды бір-бірінен алшақтатып 


жіберді. Бұл әдіс ақыл мен зердені табиғаттың, тіпті, құдайдың тудырған жемісі ретінде 
қарастырды. 
Айталық, ағылшын ғалымы Ф.Бэкон «Жаңа Органон» атты шығармасында табиғатты 
өзінің зерттеу нысаны етіп ала отырып, одан алынған білімнің қандай әдіспен, қалай пайда 
болғанына назар аударады. Сөйтіп, ол философия мен ғылымда эмпирикалық және индуктивтік 
әдістердің негізін қалаушы болды. Бірақ, оның әдісінің бәрі тәжірибемен тығыз байланысты 
болып, кең көлемді теорияның тууына жол аша алмады. Мұндай тар өрістілік Бэкон сияқты 
философқа танымның әлеуметтік негізін ашып, адамның табиғатын түсінуіне мүмкіндік 
бермеді. 
Ол табиғатты байлықтың көзі деп қарай отырып, оның негізгі мәнін, адамға қатысты 
жақтарын аша алмады. Сондай-ақ, ұлы философтың ғылыми жаңалықтарымен бірге, негізгі 
кемшілігі қоғамды, ондағы қатынастарды түсінуде де айқын көрінді. Ол орта ғасырдағы 
ақылдың адасушылығын тамаша көркем тілмен суреттеп бере отырып, оның мәнін терең 
түсіндіре алмады. Сондықтан да біз ағылшынның ұлы ғалымы, әрі философы Ф.Бэконның 
жаратылыстану саласындағы ғылыми еңбегін зор бағалай отырып, оған тән тар өрістілік оның 
ғылыми әдісінде, әсіресе пайымның шеңберінен толық шыға алмағандығында жатыр дер едік. 
Мұндай тар өрістілікті сезе отырып, одан шығудың жолын ақылдан, зердеден іздеген 
француздың атақты ғалымы, әрі философы Рене Декарт болды. Оның философиясы зерделі 
ойдың негізінде дүниені екі субстанциядан (латын тілінде - негіз деген мағынада), яғни 
материалдық және рухани негіздерден тұрады деп есептеді. Бұл екі субстанцияның мәнісі-басқа 
заттың бар болуынан тәуелсіз өмір сүріп тұрған зат бір-біріне бағынышты емес, бір-бірінен 
келіп шықпайды. Айталық, материалдық субстанция рухтан немесе санадан пайда болмайды. 
Сондай-ақ, идеалдық субстанция да алғашқы болып саналады, ол да өз алдына тәуелсіз, дербес. 
Бұл екеуінің өзіне тән ажырамас қасиеттері, атрибуттары бар. Материалдық субстанцияның 
атрибуты - тұрақ немесе өріс, ал идеалдық субстанцияның атрибуты - ойлау.
Философиямен айналысқан Декарт математикалық принциптер сияқты философияны да 
абсолюттік негізде тудыру керек деп санады. Сондықтан да ол философияның негізгі бір 
тапжылмайтын, нақты принцип арқылы дамытуды көздеді. Философия тарихында әйгілі болған 
бұл принцип «күмәндану» деп аталады. Ұлы философ өзінің күмәндану принципін былай деп 
негіздеді: «Егер мен күмәндансам, онда менің ойлай алатыным сөзсіз. Егер мен ойлайтын 
болсам, онда менің өмір сүргенім». 
Бұл принциптің маңызы, ең алдымен, орта ғасырлық схоластикалық, қатып-семіп қалған 
ұғымдарға қарсы соққы берді. Сөйтіп, Декарттың күмәндану принципі ғылым мен 
философияның ескі көзқарастардан арылып, жаңалыққа бой ұруына мүмкіндік туғызды. Өз 
принципі арқылы Декарт ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қиюы қашқан қағидаларды 
теріске шығарды. 
Жаратылыстану саласындағы ғылыми жаңалықтар мен қоғам өміріндегі ұлы 
өзгерістердің орталығына айналып, жаңа қоғамның барынша дамып, өркендеуіне жол ашқан 
Англия елінің Т. Гоббс сияқты ойшылы дүниеге келді. Оның философиясы өзіне дейінгі өмір 
сүрген атақты ойшыл Т. Гоббстың саяси-әлеуметтік, қоғамдық көзқарасын айқын бейнелейтін 
шығарма – «Левиафан». Бұл шығарма қоғамның пайда болуын, оның даму жолдарын жан-
жақты талдауға әрекет жасайды. Ұлы ойшыл қоғамды екі дәуірге бөледі. Алғашқы дәуір табиғи 
деп аталады. Мұндағы адамдардың барлығы тең қүқылы, олар барлығына, яғни заттарға толық 
иелік етеді. Бірақ, бұл тең құқылық адамдардың арасындағы өзара қақтығысқа, соғысқа, бірін-
бірі қырып-жоюға, сөйтіп адамзаттың жер бетінен кұрып кетуіне әкеліп соғатын еді. Осыған 
байланысты «адам адамға қасқыр» принципі шықты. Сондықтан адамдар өзара келісе отырып, 
«мынау менікі, мынау сенікі» деген құқықтық қатынастарды тудырады. Мұның өзі әркімнің 
жеке меншігінің пайда болуына әкелді. Ал жеке меншікті қорғау керек. Ол үшін белгілі бір 
күш, әкімшілік орын, яғни мемлекет қажет. Ендігі жерде адам баласы екінші дәуірге аяқ басты, 
яғни бұлардың шығуы қоғамның тууына әкеліп соқты. Сөйтіп, Гоббстың ойынша, қоғамның 
шығуы заңды түрде жеке меншік пен мемлекеттің тууына әкеліп соғады. Олай болса, жеке 
меншік, мемлекет әрі заңды, әрі қажетті, әрі объективті, әрі қасиетті. Ендеше, заңды түрде 


пайда болған бұл процеске қарсы шығуға болмайды. Осыған орай, «қоғамдық келісім» 
теориясы орнайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет