Лекцияның мақсаты: Студенттерге XIX ғ. Екінші жартысындағы батысеуропа
мәдениетіндегі философиясы туралы түсіндіру.Ирроцанализм, неокантшылдық,
неогегельшілдік бағыттарының мәнін түсіндіру.
Лекцияның жоспары: XIX ғ. 2-ші жартысының мәдениетіндегі дәуірлік оқиғалар.
Адам туралы эпистемологиялық айтыстар.К.Маркстің ілімі.
З.Фрейдтің санасыздық теориясы.
Позитивизм.
А.Шопенгауэрдің философиясы.
«Өмір» философиясы. Ф.Ницше философиясы.
Классикалық неміс философиясы әлемдік философияның дамуына зор ықпал етті. Ол
онтологиялық және гносеологиялық мәселелерді, яғни болмыс, мән, таным және өзге де
философиялық мәселелерді идеалистік тұрғыда шегіне жете зерттеп, дамытты.
Алайда, XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап батысеурова мәдениетінде
классикалық философия дәстүрі әртүрлі сынға ұшырап, екі жарым мың жылдық тарихы бар
философиялық мән мен таным мәселесінің орнына «өмір», жеке адам, құбылыс, психологиялық
және т.б. мәселелерді қарастыру белең алды. Осы дәуірде классикалық неміс философиясын,
әсіесе гегельдік философияны сынаудың екі бағыты көзге түсті:
«сол жақтан сынау», материалистік философия өкілдері - Л.Фейербах, К.Маркс,
Ф.Энгельс;
«оң жақтан сынау», идеалистік «бейклассикалық» философия өкілдері;
Сонымен бірге «Кантқа қайта оралу», «Гегельге қайта оралу» деген ұранмен неокантшылдық,
неогегельшілдік философиялық мектептер пайда бола бастады:
■ Неокантшылдық мектептер. Марбург мектебі - Канттың таным теориясы, логика
мәселелерімен айналысты. Бұл мектеп - Герман Коген (1842 - 1918), Пауль Наторп (1854 -
1924), Кассирер (1874 - 1945), Ганс Файхингер (1852 - 1933);
■ Бадендік (Фрейбургтік) мектеп - Канттың әлеуметтік философиясы
мәселелерімен айналысты. Өкілдері - В. Виндельбанд (1848 - 1915), Генрих Риккерт (1863
- 1936);
■ Неогегельшілдер - Рихард Кронер (1884-1974), Г.Лассон (1862 Бейклассикалық идеалистік
философияның негізінен екі бағытта кең тарады: иррационализм және «өмір философиясы»;