Дж. Локк (1632-1704) XVII ғасырда Англияда болған саяси-әлеуметтік өзгерістер ғылым
мен техника саласында да, сондай-ақ, ойлау процесінің дамуында да көптеген жаңалықтар
әкелді. Бұл жаңалықтар, әсіресе, 1688 жылғы Англиядағы қала буржуазиясы мен
ауылшаруашылық аристократиясының өзара ымыраға келуімен тығыз байланысты еді.
Осындай ірі төңкерістер мен өзгерістерді басынан кешірген ұлы философ Локк өз қоғамындағы
қайшылықтардың шиеленісе түскенін шығармаларында айқын көрсетіп берді.
Оның «Адам ақыл-ойының тәжірибесі туралы» деген еңбегінде философия тарихында
бірінші рет таным теориясының жүйеге келген негізі көрсетілді. Адамның ақылы, зердесі -
зерттеудің негізгі нысаны. Сондықтан ақылдың мүмкіндігін, оның қабілетін зерттей отырып,
оны қалай пайдалану керектігін білуіміз қажет. Білім қандай жолмен пайда болады? Ақыл
білімге қалай келді? Локк осы мәселелерді шешуде жалаң рационалистік көзқарасқа сүйенген
Декарттың дүниетанымын қатты сынға алды. Ол ең алдымен Декарттың білім «туа пайда
болады» деген идеясын сынай отырып, сезімде жоқ нәрсе ақылда да болуы мүмкін емес деп,
эмпирикалық таным әдісін ұсынады. Адамның жаны ақ қағаздай тап-таза, оған белгі түсіріп,
жазу жазатын сыртқы дүние. Ал сыртқы дүние сезім мүшелеріміз арқылы бізге әсер етіп, білім
береді. Білімнің негізі тәжірибеде жатыр. Мұндай көзқарас сонау Бэконның философиясынан
басталатын белгілі бір эмпирикалық бағыттың сара жолы болатын.
Европа философиясының эмпирикалық-сенсуалистік бағытын XVIII ғасырда ағылшын
философы Джордж Беркли(1685-1753) жалғастырды, бірақ бұл Ф.Бэкон, Гоббс пен Локктың
ілімдеріндегіден бөлек түбегейлі түрде ерекше ыңғайларға негізделген жалғасу болды. Локктың
бастапқы және кейінгі қасиеттерге бөлуіне қарсылық білдіре келе, Беркли олардың екеуі де
бізге тең дәрежеде сезіну ретінде берілген деп санады. Сонымен бірге, сезініп қабылдаулардың
комбинациялары, Берклидің айтуынша, бізді қоршаушы заттар болып табылады. Ойшыл
«Тіршілік ету, бар болу - сезіну, қабылдану» деген принципті ұсынды. Ол: «Біз өзіміздің
идеяларымыз бен сезінулерімізді қабылдамасақ, онда нені сезінеміз? Белгілі бір идеялар немесе
сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым
мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде
санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен
қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.
Философияның міндеттерінің бірі, Берклидің пікірінше, материализм мен атеизмді сынау
болып табылады. Ол материяның болуы мүмкін деген ойдың өзін қабылдауға қарсы шықты.
«Біз тіршілік етуін жоққа шығаратын жалғыз нәрсе - философтардың материя немесе денелік
субстанция деп атайтыны. Бұл жоққа шығарудан адамдар ешбір зиян шекпейді, өйткені мен
олар ешқашан да оған деген қажеттілікті сезінген емес деп тұжырымдауға құқылымын.
Атеистер, қолында олардың арамзалығына тірек болатын бос сөздің әдемі қабықшасынан
айырылып, ал философтар, бәлкім, бос сөз сөйлеу үшін қомақты сылтаудан айырылғанын
түсінер», - деп ерекше тоқталды ойшыл. Осылайша, Беркли созылымдылық, кеңістік және т.б.
дерексіз идеясы секілді, жалпы материя туралы дерексіз идеяның болуы мүмкін емес деп
тұжырымдады. Ол адамның ақылы жалпы дерексіз идеяны құра алмайды, тек жалпы зат
идеясын құра алатындығын дәлелдеуге тырысты. Беркли субъективті идеализм принциптерін
ұстанғанмен, өз позициясын қорғауға тырысып, ол оны объективті-идеалистік позицияларға
ауысуымен қуаттау шешімін қабылдады. Атап айтқанда, философ мынадай ойларды түйіндеді:
егер тіпті барлық қабылдаушы, сезінуші субъектілер жоғалып кетсе де (ал Берклидің айтуынша,
тіршілік ету - субъектілермен қабылдану), ешбір зат жоғалып кетпейді. Олардың барлығы
Құдайдың ойында «идеялардың» сомасын ретінде тіршілік етуін жалғастырады, яғни онымен
қабылданады.
Берклидің замандасы ағылшын философы Давид Юм(1711-1776) оның көзқарастарының
ықпалында болды, бірақ олардан скептицизм және агностицизм бағытына ауысты. Егер
Берклидің көзқарасы бойынша, сыртқы әлем менің сезінуім болса, Юм сыртқы әлемнің тіршілік
етуі туралы мәселе шешілмес мәселе деп сенді. Оның пікірінше, шындық — себептері белгісіз
және тануға жатпайтын әсерлердің ағымы. Сонымен бірге, біздің қабылдап-сезінулеріміз
сыртқы әлемнің тіршілік етуіне, оның сол сияқты тіршілік етпеуіне де аз дәлелдер береді.
Сезінулер не олардың комбинациялары қабылданбастан бар бола алады деген тұжырым
мағынасыз емес пе»,- деп жазды. Қысқасы, Беркли Локктың біздің сезінулеріміздің көзі ретінде
санадан тыс өмір сүретін сыртқы әлемді мойындауын жоққа шығарды. Ол сезінулерді адаммен
қабылданатын жалғыз шындық деп есептеді.