Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет51/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82
Байланысты:
umkd (4)

Илларион (XI ғасыр) «Заң және береке туралы» сөзінде-ақ «орыс жерінің» қасиетті дүние 
құдіретінің жалпыәлемдік үдерісіне енуін дінтанулық тарихи тұрғыда негіздейді. Оның 
жұмысында Ресейдің тағдыры және орыс халқы мен орыс мемлекетінің әлемдегі мәні мен 
мақсаты туралы терең пайымдаулар кездеседі.
Сонымен ХІХ-ХХ ғғ. Ресей мәдениетіндегі орыс философиясындағы ой «орыс идеясы» 
ағымында қалыптасты. Ресейдің ерекше тағдыры мен орны туралы идея XVI ғасырда 
қалыптасып, орыс халқының ұлттық өзіндік санасының алғашқы идеологиялық құралы болды. 
Орыс идеясы мұнан әрі қарай отандық философияның XIX ғасыры мен XX ғасырдың бастапқы 
кезеңдерінде қалыптасты. Бұл кезеңдегі оның негізін салаушылар П.Я.Чаадаев, 
Ф.М.Достоевский, Н.И.Бердяевтер болды. «Орыс идеясы» әлем халықтарын бүтіндей 
біртұтастыққа біріктіретін жалпыадамзаттық идеяның терең көрінісі болды. Бұл идея бойынша 
тек Ресей ғана христиандық негізінде бүкіл адамзаттық өркениеттік қозғалыстың басында 
болуы тиіс. 
Орыс философиялық ойындағы қызықты ізденістер XVI— XVIII ғасырлар бойында 
жалғасын тапты және екі үрдістің қарама-қайшылығы негізінде өтті. Мұның алғашқысы орыс 
ойының төлтумалылығына басты назар аударып, бұл төлтумалылықты орыстың рухани өмірі 
өзгешелігімен байланыстырады. Екінші үрдіс Ресейге еуропалық мәдениеттің даму үдерісін 
тануға тырысты. Бұл үрдіс өкілдерінің айтуынша Ресей Еуропаның даму жолына барлығынан 
кейін түскендіктен, Батыстан көп нәрсені үйреніп, сол өткен тарихи жолды қайталауы тиіс. 


Бұл екі үрдістің айқын теориялық және қоғамдық-саяси тұрғыда қалыптасуы XIX 
ғасырдың 40-60 жылдары болды. Біріншісін славянофильдер, екіншісін батысшылдар білдірді. 
Осыған байланысты орыс философиялық ойында екі бағыт қалыптасты. Бұл екі бағыттың да 
қалыптасуында П.Я.Чаадаев (1794—1856) үлкен рөл атқарды. Өзінің көзқарастарын ол атақты 
«Философиялық хаттарында» баяндады. 
Чаадаев католиктік Батысты дәріптеп, оны Ресейге үлгі тұтты, ал екінші жағынан, 
Ресейдің Батыстан айырмашылығы оның ерекше «Ғаламдық миссиясында» деп айтты. 
Сондықтан ол Ресейдегі славянофильдіктің де, батысшылдықтың да негізін қалаушы болып 
табылады. Әрине, Чаадаев өз позициясының екіжақтылығын түсінді және осыған байланысты 
орыс халқы өзіне тиесілі идеяны іздестіру үстінде дейді. Ұлттық идея сипатының белгісіздігі 
туралы автордың пікірі кейінгі орыс қоғамдық ойы өкілдерінің көзқарастарды талдауында 
айқындала түседі. Бұл екі бағыт та Орыс идеясының мәні мен мағынасын қарама-қайшы 
кейіпте түсіндіреді. 
Ресейдің дамуын еуропалық үлгі бойынша насихаттайтын бағыт - бұл батысшылдық
Бұл бағыттың өкілдері қатарына А.И.Герцен, Н.П.Огарев, К.Д.Кавелин, Н.Г.Чернышевский, 
Т.Н.Грановский сияқты ойшылдар жатады, олармен В.Г.Белинский, И.С.Тургеневтер тығыз 
қатынас орнатты. Бұлардың барлығы шіркеуді сынап, материализмге сүйенді, бұл ағымнан 
орыстың революциялық демократтары өсіп шықты. 
Батысшылдар Ресейдің «еуропаландыру» идеясын насихаттады және қорғады. Олардың 
пікірінше, ел Батыс Еуропаға бағдар ұстай отырып, тарихи қысқа уақыттың ішінде 
экономикалық және мәдени артта қалушылығын жойып, еуропалық және әлемдік өркениеттің 
толыққанды мүшесі болуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет