Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет53/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
Байланысты:
umkd (4)

философия болды. Бұл бағыттың өкілдері - Николай Бердяевтің, Сергей Булгаковтың, Павел 
Флоренскийдің және т.б. ойшылдардың есімі әлемге белгілі. Олардың шығармашылығына XIX 
ғасырдағы орыс философиясының дәстүрлерімен қатар (славянофильдерден бастап 
Ф.Достоевский мен Вл.Соловьевқа дейін), әр түрлі мистикалық және пессимистік көңіл-
күйлерге толы сол дәуірдің өзі де үлкен ықпалын тигізді. 
Орыстың діни философиясында сыртқы әлемнің танымдылығы туралы көзқарас кеңінен 
таралған. Бүл көзқарас өзінің шеткі формасында, дәлірек айтқанда объекті сол күйінде 
интуитивті тікелей пайымдау ілімі формасында көрінеді. 
Киреевский және Хомяков бүтін ақиқат тек бүтін адамға ғана ашылады дейді. Тек өзінің 
барлық рухани күштерін - сезімдік тәжірибе, рационалды ойлау, эстетикалық перцепция
адамгершілік тәжірибе және діни парасатты, - бүтін бір тұтастыққа жинағанда ғана, адам 
әлемнің нағыз болмысын түсіне бастайды және Құдай туралы жоғары рационалды ақиқатты 
игереді. Дәл осы бүтіндік тәжірибе көптеген орыс ойшылдарының - С.Трубецкойдың, 
Е.Трубецкойдың, П.Флоренскийдің, С.Булгаковтың, Н.Бердяевтің, Н.Лосскийдің, С.Франктің, 
Л.Карсавиннің, А.Лосевтің, И.Ильиннің және т.б. шығармашылық қызметінің негізін құрады. 
XIX ғасырдың 60-70 жылдары славянофильдер ілімін жалғастырған түбіршілдер болды. 
Олардың философиялық ізденістерінің басты идеясы - «ұлттық түбір» Ресей дамуының негізі. 
Барлық түбіршілдерді олардың дүниетанымының діни сипаты біріктірді. «Ұлттық түбір» 
ретінде православие идеалдары мен құндылықтары алынды. Бұл бағыттың негізгі өкілдері - 
А.А.Григорьев, Н.Н.Страхов, Ф.М.Достоевскийлер болды. 
Түбіршілдер арасындағы ең көрнекті ойшылдың бірі - Ф.М.До-стоевский (1821-1881). 
Ол философ болмағанымен, таза философиялық шығармалар жазбағанымен, оның 
философиясы - ол қалыптастырған әдеби кейіпкерлерінің ойынан көруге болады. Оның 
шығармаларының философиялылығы соншалық, тіпті әдеби-көркем жанр шеңберінен шығып 
кетеді. Жазушы шығармаларында адам тағдыры мен мәнінің әлем және Құдаймен терең 
байланыстылығы туралы идеясын көтереді. Достоевский бойынша еркіндіктің «шынайы жолы»
бұл Құдай-адамға жеткізетін жол, Құдайдың жолымен жүру. Ол үшін Құдай адамгершіліктің 
барлық кепілінің негізі болып табылады. 
Достоевскийді үрейлендіретін нәрсе - бір нәрестенің болса да көз жасына құрылған әлем 
мен адамдар әрекетін жарқын болашақтың атымен ақтап алуға бола ма деген мәселе. Оның 
жауабы дайын - ешқандай да жоғары мақсат бейкүнә сәбидің қайғысы мен зорлықты ақтай 
алмайды. Бұл жолмен Құдай мен Әлемді келісімге келтіру мүмкін емес. Достоевскийдің 
ойынша, Ресейдің жоғары ұлттық миссиясы халықтарды христиандық тұрғыда біріктіру болып 
табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет