Бағдарламасы. 1 тарау. Жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет52/82
Дата14.11.2022
өлшемі2,5 Mb.
#50089
түріБағдарламасы
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82
Байланысты:
umkd (4)

Славянофильдік болса орыстың ерекше философиялық-идеологиялық ағымы болып 
табылады. Славянофильдер Ресейдің әлемдегі ерекше мессиандық (құтқарушылық) идеясын 
негіздеді. Славянофильдік өкілдері батысшылдарға да, революциялық демократтарға да қарсы 
шықты. Бұл бағыттан діни орыс философиясы өсіп шықты. 
Славянофильдіктің негізін қалаушылар: А.С.Хомяков, И.В.Киреевский, К.С.Аксаков, 
Ю.Ф.Самариндер болды. Бұл идеялық позицияға В.И.Даль, А.Н.Островский, В.И.Тютчев 
сияқты ақын-жазушылар жақын болды. Бұл қоғам қайраткерлерінің шығармашылығы 
бойынша, философия - Ресей өркениетті елдермен бірқатар болу үшін Батыстан алынған 
үлгілердің бірі емес, ұлттық дамудың рухани жетістіктері шеңберіндегі қажетті элемент. 
Олардың жұмысында тарихтың өзінен туындайтын дербес сара жол мен ерекше міндеттерді 
шешу үшін орыс ойының қажеттілігі туралы ойы бекітіледі. Орыстың төлтума 
философиясының зерттеу аймағы осымен сипатталады. Бұл міндеттер мен зерттеу аймағы 
Православиемен тығыз байланыстырылды. 
Славянофильдер Ресей дамуының бүкіл Батыс өркениетінен түбірлі айырмашылығы 
туралы тезисті ұстанады. Бұл жерде ең алдыңғы орынға діни бастау шығады. 
Жоғарыда айтылғандай славянофильдердің бастапқы тезисі Православиенің шешуші 
рөлін бекіту болып табылады. Олардың пікірінше, дәл осы орыс жерін жаратқан «орыс рухын» 
қалыптастырады. 
Христиан діні үш ірі бағытқа бөлінеді: Католиктік, Православиелік, Протестанттық. Бұл 
бөліністен кейін «еркіндік бастауы» шіркеулердің кейбіреуінде өзінің мәнін жоғалтқан. 
Славянофильдер католицизмде шіркеу еркіндігі жоқ деп есептейді, өйткені онда Рим 
папасының күнәсыздығы туралы догма бар. Протестантизм болса шіркеудің жойылуына 
әкелетін адами еркіндікті, индивидуалдық бастауды абсолюттендіре отырып, өзге 
біржақтылыққа ұрынады. Тек православие ғана еркіндік пен қажеттілікті үйлесімді түрде 
үндестіреді. Еркіндік пен қажеттілік үйлесімділігі мәселесін шешу үшін славянофильдер 
өздерінің философиялық көзқарастарындағы маңызды принцип - соборшылдық (еркін 
қауымдастық) ұғымын енгізеді. Бұл ұғымды даярлаған А.С.Хомяков (1804-1860). Ол Русьтегі 
патриархалдық өмірді қалпына келтіру, «Қасиетті Русь» идеалдарына бет бұру, православиені 
ең жоғарғы бастау ретіндегі концепциясын бекіту сияқты идеяларды қолданды. Хомяковтың 
тарихи концепциясында шіркеу «бастапқы нақтылық» болып табылады. «Соборшылдық» 


ұғымы да осымен байланысты. «Соборшылдық» принципін бекіту индивидуализмді ғана 
теріске шығару емес, жеке еркіндіктен айыратын ұжымды да мойындамайды.
XX ғасырдың бас кезіндегі қоғамдық-саяси ойдың ең басты бағыттарының бірі діни 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет