16
1-кесте. Үш тілде оқыту.
Бірінші тілдер
Оқыту тілдері
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ұйғыр тілі
Ӛзбек тілі
Тәжік тілі
Екінші тілдер
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі «Қазақ тілі» пәні (Т2)
Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі «Орыс тілі» пәні (Т2)
Үшінші тілдер
Шетел тілі (Т3)
Үш тілді білім берудің мақсаты білім алушылардың үш мақсатты тілді,
атап айтқанда: қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін қазақ
тілін, орыс тілінде оқытпайтын мектептерде оқитындар үшін орыс тілін және
шетел тілін меңгеру үшін қажетті жағдайлар жасау.
Сондай-ақ, Қазақстанда этникалық топтардың ана тілдерін дамытуға
айтарлықтай кӛңіл бӛлінуде. Осыған байланысты кӛптілді білім беретін
мектептер бар.
Қазақ, орыс және шетел тілдерін жеткілікті мӛлшерде оқыту қазақ тілінде
оқытатын мектептерде де, орыс тілінде оқытатын мектептерде де үлгілік оқу
жоспарларында кӛзделеді.
Достарыңызбен бөлісу: