26
бойынша күтілетін нәтижелерді анықтау үшін
қолданылатын етістіктердің
кестесі мұғалімге бағалау критерийлерін құрастыруда кӛмектеседі (4-кесте).
4-кесте. Блум бойынша ойлау дағдыларының деңгейі таксономиясы
Р/с
Ойлау
дағдылар
ының
деңгейі
Ойлау дағдыларының деңгейлеріне сәйкес келетін
етістіктер тізбесі
1
Білу
Санап шығу, есте сақтау, айту, кӛрсету, қайталау, аяқтау,
жаңғырту, әңгімелеу, еске түсіру және т. б.
2
Тҥсіну
Талқылау, айқындау-анықтау, әңгімелеу, түсіндіру, сұрау,
тұжырымдау, түрлендіру, кӛрсету және т. б.
3
Қолдану
Қолдану, есептеу, ӛзгерту, таңдау, жіктеу, аяқтау, кӛрсету,
табу, сахналау, іске қосу, зерттеу, эксперимент ӛткізу,
иллюстрациялау - безендіру, түсіндіріп беру, әрекет жасау,
аздап
жаттықтыру
, ара қатынасын белгілеу, жоспарлау,
кӛрсету, нобайын жасау, шешу, пайдалану және т.б.
4
Талдау
Талдау,
топтастыру,
есептеу,
категориялау,
жіктеу,
салыстыру, байланыстыру, қарсы қою,
талқылау, ажырату,
зерттеу, тәжірибе жасау, түсіндіру, шығару, реттеу,
күмәндану, анықтау, таңдау, бӛлу, тексеру және т. б.
5
Синтез
Топтастыру, жинау, комбинациялау/ араластыру, құрау, құру,
жасау, әзірлеу, тұжырымдау, қорыту, біріктіру, ойлап табу,
ӛзгерту-модификациялау,
ұйымдастыру,
жоспарлау,
дайындау, ұсыну,
қайта топтау, кӛшіріп жазу, орнату,
анықтап алу және т.б.
6
Бағалау
Дәлелдеу, таңдау, салыстыру, қорытынды жасау, , сендіру,
дәйектеу, шешу, негіздеу, түсіндіру, ӛлшеу,, алдын ала
болжау,
реті бойынша бӛлу
,
ұсыну-ұсыныс жасау,
бӛліп/атап кӛрсету, жинақтау, қолдау, тексеру, бағалау,
кеңес беру, экспертиза жасау, рецензиялау, зерттеу, алып
шығу.
Мұғалім білім алушылармен бірлесіп оқыту мақсаттарына жетудегі табыс
критерийлерін талқылай алады және қажет болған жағдайда оларды
толықтырады.
Қалыптастырушы бағалау кезінде мұғалім
бағалауда жеке тәсілдемені
ескеруі тиіс. Егер мұғалім кейбір білім алушыларға қандай да бір дағдысын
дамыту үшін кӛп уақыт қажет екенін кӛрген болса, бұл оқу мақсатын басқаша
бағалауға және білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау критерийлерін
әзірлеу кезінде түзетулер енгізуге шешім қабылдауы керек.
Достарыңызбен бөлісу: