Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары



Pdf көрінісі
бет13/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Мұғалімдердің кәсіби ынтымақтастық формалары: 
 
әдістемелік секциялар, мұғалімдер қауымдастығы;
 
бір сынып мұғалімдерінің командалық жұмысы;
 
параллель сынып мұғалімдерінің ынтымақтастығы; 
 
тіл пәндері мұғалімдерінің ынтымақтастығы;
 
тіл пәндері мұғалімдерінің және тілдік емес пәндер мұғалімдерінің 
ынтымақтастығы;
 
мұғалімдер мен мектеп әкімшілігінің ынтымақтастығы.
Командалық жұмыс:
 
бірлескен 
жоспарлау 
бойынша 
жүйелі 
жұмыс 
(ортақ
тақырыптарды жоспарлауды, ҚМЖ, оқу тапсырмаларын және бағалау 
критерийлерін әзірлеуді және жұмысты талдауды (оқу жетістіктері, оқу 
үдерісіндегі білім алушылардың қиындықтары және т. б.);
 
ерекше білім беру қажеттілігі бар білім алушыларды анықтауды,
осы категориядағы білім алушыларға қолдау кӛрсету стратегиясын белгілеуді
 
мұғалімдердің табысты тәжірибелерін таратуды; 
 
ӛзара сабаққа қатысуды; 
 
бейнежазба жасауды және сабақты талдауды; 
 
оқу материалдарын әзірлеуді; 
 
сыныптан тыс және мектептен тыс іс-шаралар ұйымдастыруды
 
ата-аналармен жұмысты ұйымдастыруды; 


19 
 
менторлықты іске асыруды, ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде
оқытатын мұғалімдерді қолдауды кӛздейді. 
Менторлық қолдау түріндегі командалық ынтымақтастық құнды болып 
табылады. Менторлық немесе менторинг ағылш. – mentoring – оқу пәндерін 
оқытуда озық тәжірибесі бар, тәжірибелі адамның, сарапшының (жұмыс ӛтілі 
маңызды емес) тәжірибесі аз, жұмысты жаңа бастаған педагогпен ӛзара іс-
қимылы. 
Ментор – тәлімгер. Физика, химия, биология, информатика пәндерінің 
мұғалімдеріне ағылшын тілі мұғалімі, сондай-ақ, ағылшын тілінен кем дегенде 
В2 деңгейі бар ЖМБ оқу пәндерінің мұғалімі ментор бола алады.
Менторлық қолдау кӛрсету ЖМБ оқу пәндерін ағылшын тілінде оқытуды 
жаңа бастаған педагогтің кәсіби іс-әрекетін тексеруші, оған баға беруші, 
бақылаушы функцияларын атқаруды кӛздемейді. 
Менторлық қолдау кӛрсетудің бірінші жылынан кейін ӛзара командалық 
іс-әрекеттесу тәжірибесін талдау және ары қарай кәсіби ӛсу үшін бағыттарды 
анықтау маңызды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет