Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет96/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

жыл. (1920 жыл.1 қаңтар); 
5. Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 
иегері Сұлтан Біржанұлы Баймағамбетовтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.1 
сәуір); 
6. Қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ойшыл, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ 
әдебиетінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси 
қайраткер Абай Құнанбайұлының туғанына 175жыл. (1845 жыл.10 тамыз); 
7. Ұлы Отан соғысының жеңісіне 75 жыл. 
8. Ұшқыш-шабуылдаушы, КСРО еңбек сіңірген әскери ұшқыш, екі мәрте 
Кеңес Одағының Батыры, «Ленин», тӛрт мәрте «Қызыл Ту», «Александр 
Невский», I дәрежелі «Отан соғысы», «Қызыл Жұлдыз» ордендері мен бірқатар 
медальдардың иегері Леонид Игнатьевич Беданың туғанына 100 жыл. (1920 
жыл.16 тамыз); 
9. Кеңес Одағының Батыры, «Ленин» ордені мен бірқатар медальдардың 
иегері Тӛлеген Тоқтаровтың туғанына 100 жыл. (1920 жыл.19 желтоқсан); 
Мектепте сыныптан тыс жұмыстар тӛмендегі шаралар арқылы жүзеге 
асады: 
- базалық кәсіпорындарда, табиғат аясында, мәдени мекемелерде, 
мұражайларда; 
- таңдауы бойынша еркін сабақтар, оқу пәндері бойынша сайыстар мен 
олимпиадалар жүргізу; 
- оқу бағдарламаларына сай қосымша арнаулы сабақтар ӛткізу; 
- кіріктірілген және пәнаралық оқу сабақтарын жүргізу және т.б. 
Сыныптан 
тыс 
жұмыстар 
білім 
алушылардың 
пәнге 
деген 
қызығушылығын арттырып, алған білімдерін тереңдетіп, ӛздігінен іздене білуге 
үйретеді. Сонымен қатар теориялық білімін кеңейтіп толықтырады және білім 
алушылардың жеке қабілетін дамыта түседі. 
 
«Қҧқық негіздері» оқу пәні 
Азаматтық 
қоғам 
мен 
құқықтық 
мемлекеттің 
қалыптасуының 
басты алғышарттарының бірі – азаматтардың құқықтық білімін жетілдіріп, 
құқықтық сауаттылық пен мәдениениетін қалыптастыру. Сондықтан жалпы 
білім беретін мектептерде «Құқық негіздері» пәнін оқыту оқушылардың 
қоғамда әлеуметтік бейімделуі үшін қажетті негізгі құқықтық білімдері мен 


170 
дағдыларын меңгеруді қамтамасыз етуге бағытталған.
«Құқық негіздері» оқу пәнінің мақсаты - құқық жӛнінде негізгі 
білімдерді игеру арқылы құқықтық тұрғыдан сауатты азаматты тәрбиелеу және 
олардың бойында заңды құрметтеу дәстүрі мен құқықтық мәдениетті 
қалыптастыру, ӛз азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыруға 
қажетті білім мен дағдыларды қалыптастырып дамыту болып табылады. 
Пәнді оқыту оқушыларда азаматтық құқықтарын жүзеге асыруға, 
мiндеттемелерiн орындауға қажетті білім мен дағдыларды, саяси-құқықтық 
сананы қалыптастырады.
«Құқық негіздері» оқу пәнінің базалық білім мазмұны: Құқық және 
мемлекет, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Еңбек құқығы, Отбасы 
құқығы, Әкімшілік құқық, Қылмыстық құқық бӛлімдерін қамтиды.
«Құқық негіздері» оқу пәні бойынша оқу жүктемесі: 9-сыныпта аптасына 
1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.
Ұзақ мерзімді жоспардағы тақырыптар проблемалық сұрақтар түрінде 
құрастырылған. Оның басты себебі – кез-келген тақырып оқушыларды бірден 
ойландырады және оқушыларды сын тұрғысынан ойлауға, проблемалық сұрақ 
қоюға, ӛздігінен талдау жасау дағдыларын дамытуға жәрдемдеседі. 
«Құқық негіздері» пәнін оқытуда келесі педагогикалық әдіс-тәсілдерді 
қолдану ұсынылады: 

«Кейс стади», оқушылардың проблемаларды анықтауда ӛз ойларын, 
пікірлерін айту, дәлелдеу, гипотеза ұсыну, зерттеуді одан әрі жоспарлау 
қабілеттерін дамытатын ынталандырушы–проблемалық, ситуациялық жағдай 
туғызу; 

белгілі бір тақырып бойынша «миға шабуыл», «фишбоун», «автор 
орындығы», т.б. әдістерін ұйымдастыру (проблемаларды табу, әр оқушының 
идеясын ұсыну, бүкіл сыныппен талқылау, оны талдау және шешімнің дұрыс 
нұсқасын қабылдау); 

сабақта оқушылардың белсенділігін қажет ететін құқықтық
проблемаларды талқылау; 

оқушылардың пікір-талас ӛткізу және құқықтық мәселелерді 
талқылауына игі ықпал ету үшін компьютерлік қарым-қатынас құралдарын 
(мысалы, онлайн-форумдар, конференциялар) пайдалану. 
Оқушылардың құқықтық мәселелер мен жағдайаттарға талдау жүргізу 
үшін сабақта құқықтық-нормативтік актілермен, заң түсіндірмелерімен және 
т.б. құқықтық деректермен жұмысты кӛптеп ұйымдастыру ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет