Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет166/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Пәндерді оқытудағы педагогикалық әдіс-тәсілдер: 
Жалпы білім беру деңгейінде тарих пәндерін оқытуда білім алушылардың 
жас және танымдық ерекшеліктеріне сай талдау, бағалау, зерттеу және 
жоспарлау дағдыларын қалыптастыратын әдіс-тәсілдер мен тапсырмалар 
кӛбірек қолданылуы керек. Мысалы, талдамалық эссе мен есеп жазу, 
салыстырмалы талдау жасау және тағы басқалар. 
Пәнді оқытуды жетілдіруде оқытудың белсенді түрлері мен әдістерін, 
жаңа педагогикалық технологияларды қолдану, білім алушылардың дербес 


291 
танымдық қызметін ұйымдастыру, практикалық және шығармашылық 
тапсырмалар, конференция, дебат, дискуссия, рӛлдік ойындар, кейс әдісі, 
іскерлік ойындар, пікірталастар мен семинарларды және т.б. қолдану 
ұсынылады. 
Отандық және дүниежүзі тарихының кейбір тақырыптарын кіріктіріп 
оқыту ұсынылады. Халықаралық қатынастар тарихы және Қазақстанның 
сыртқы саясаты, әлемдік соғыстар тарихы, тарихтың жеке мәселелері, мәдениет 
т.б. тақырыптарын кіріктіруге болады. Тарих пәндерін кіріктіре оқыту жүйесін 
қалыптастыру оқу процесінің коммуникативтік әлеуетін біршама арттырады.
Жалпы білім беру деңгейінде тарихи және қоғамдық білім берудің негізгі 
мәселелерінің бірі білім алушылардың білімді ӛз бетінше игеруі болып 
табылады. Соған сәйкес мұғалімнің басты міндеті білім мазмұнына сәйкес 
сабақтың маңызды ерекшеліктерін анықтап, сабақтың үлгісін құру және 
сабақты жетілдірудің жолдарын тауып, оның сапасын арттыру. Ол үшін білім 
алушылардың әрқайсысы тарихи оқиғаларға ғылыми тұрғыдан баға беріп, 
олардың сабақтастық байланысын түсінуіне мүмкіндік беретін тәсілдерді 
қолдану ұсынылады. 
«Адам.Қоғам.Құқық» пәні бойынша алған білімді тәжірибеде қолдану тез 
ӛзгермелі әлемде табысқа қол жеткізетін, ӛз елінің игілігі үшін жауапты 
Қазақстан 
Республикасының 
зияткер, 
әлеуметтік-рухани 
азаматын 
қалыптастыруға мүмкіндік береді. Пәнді оқытуда оқылған материалдарды ашу 
мен нақтылауға, оны білім алушылардың жеке әлеуметтік тәжірибесі, жеке 
бақылауы, олардың адамдардың қоғамдағы тәлімі мен әлеуметтік ӛмірі туралы 
қалыптасқан түсініктерімен байланыстыруға кӛмектесетін әдістерді қолдану 
ұсынылады. 
Оқу процесінде ақпараттық коммуникациялық технологияларды дәстүрлі 
әдістермен сәйкестендіре отырып белсенді қолдану ұсынылады. Жобалық 
тақырыптар және шығармашылық тапсырмаларды (хабарлама, презентация, 
жобалар, коллаждар және т.б.) білім алушыларға алдын ала беру қажет. 
Тарих сабақтарын жоспарлау және ұйымдастыру барысында оқытудың 
тәрбиелік компонентіне ерекше назар аудару қажет. Материал мазмұны 
«Рухани жаңғыру» идеясына және «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» 
бағдарламасына сай болуы қажет. Тарих және қоғамдық пәндер бойынша 
рухани жаңғыру идеясы негіздерінің құндылықтарын оқыту мен тәрбиелеуде 
жүзеге асыру ұсынылады. 
Рухани жаңғыру бағдарламасы материалдарын оқу тәрбие процесіне 
қолдануға 
арналған 
әдістемелік 
ұсынымдар 
академия 
сайтында 
орналастырылған: (
https://www.nao.kz
 
/
Білім беруді ғылыми-әдістемелік 
қамтамасыз ету/ 
Қазақстан Республикасы Президентінің Н.Ә.Назарбаевтың 
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына арналған интерактивті 
сабақты ӛткізу бойынша әдістемелік ұсыным./ 
Мектеп 
бітірушілерді 
қорытынды 
аттестаттау 
бойынша 
ұсынымдамалар. 
Бітіру смтиханын ӛткізу формалары: 
Қазақстан тарихы бойынша ауызша емтихан билеттер бойынша 


292 
жүргізіледі. Құрастырылатын билеттердің саны – 30; әр билетте 3 сұрақ 
болады, оның екі сұрағы– ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі Қазақстан 
тарихы курсының негізгі бӛлімдері мен тақырыптарының теориялық 
материалдары бойынша, үшінші сұрақ – практикалық түрде беріледі (тарихи 
карталар, кескіндер, портреттер, хронологиялық кескіндерді пайдалану т.б.).
Ауызша емтиханда білім алушы дайындалу үшін кем дегенде 20 минут 
уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша жауап бермесе, комиссия оған 
екінші билет алуға мүмкіндік береді (бұл жағдайда жауап бір баллға кемиді). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   162   163   164   165   166   167   168   169   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет