Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


«ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ



Pdf көрінісі
бет169/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

 «ТЕХНОЛОГИЯ» БІЛІМ САЛАСЫ 
 
«Технология» білім саласы «Технология» пәні оқытылады. 
 
«Технология» оқу пәні
«Технология» пәні білім алушылардың ӛзіндік еңбек ӛміріне 
дайындалуларына, олардың жасампаз және қайта құрылу саласына байланысты, 
кәсіби тұрғыдан ӛзін-ӛзі анықтауға мүмкіндік береді. 
11-сыныптарда пәнді оқытудың мақсаты – техника мен технология 
саласында білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қамтамасыз ету, 
әр түрлі қызмет түрлеріне (білім беру, зияткерлік, кәсіби) бейімделу үшін 
технологиялық білім, білік және дағдыларды меңгерту арқылы жоғары сынып 
білім алушысының тұлғасын қалыптастыру, технологиялық ойлауды, 
орындалған жұмысқа шығармашылық кӛзқарасын дамыту. 
Мақсатқа сәйкес келесі оқыту міндеттері анықталған: 
– техника, технология және заманауи ӛндіріс негіздерінен жүйеленген 
білімді қалыптастыру; 
– құрылымдық материалдарды ӛңдеу технологиясы, жобалау іс-
әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы ӛндірістік және арнайы 
біліктер мен дағдыларын қалыптастыру; 
– технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық 
кӛзқарасын дамыту; 
– оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек 
нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, ӛзінің 
ӛмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету; 
– еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, 
экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру; 
– білім алушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-
дәстүрлеріне деген құрмет кӛзқарасын қалыптастыру. 
«Технология» пәнін оқыту барысына азаматтардың әлеуметтік 
тәжірибесініңбарлық тӛрт компоненті кіреді: танымдық қызмет тәжірибесі 
(түрлі облыстағы ақиқат туралы білімі), танымал қызмет тәсілдерінорындау 
тәжірибесі, шығармашылық қызмет тәжірибесі мен нысандарға эмоционалды-
құндылықтар қатынасы және адам қызметіне арналған тәжірибе құралдары. Бұл 
барлық компоненттер оқу курсының мазмұнында бар. 
Технологиялық дайындықты ұйымдастырудың әдістері мен түрлерін 
білім алушылардың оқу-еңбек, қызмет кӛрсету іс-әрекеттеріне араласуға 
дайындығының деңгейіне байланысты анықтайды. 
Сабақтарды 
ӛткізу 
барысында 
«Технология» 
пәнін 
оқытудың 
дидактикалық талаптарын сапалы іске асыруға ықпал ететін заманауи оқыту 
технологиялары, ұйымдастыру әдістері, оқу процестерін қадағалау және білім 


296 
алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қолданылады.
Басым әдістерге – жаттығу, практикалық-оқу жұмыстары, жобалау 
әдістері жатады. Оқу жылының соңында орындаған жобаларына қорғау 
ұйымдастыру ұсынылады. Жобаларды білім алушылар жеке немесе топ болып 
орындай алады. 
11-сынып білім алушыларымен кәсіби бағдарлау апталықтарын ӛткізу 
барысында кәсіби шешім қабылдауға дайындығын қалыптастыратын, сонымен 
қатар жұмысқа орналасу немесе білім алу траекториясының негізгі және 
қосымша (ықтималды) нұсқаларын таңдаудың қажеттілігі туралы, кәсіптік 
ұтқырлық және бәсекелестікке дайын болуы қажет екендігі туралы ой салатын 
тренинг сабақтар ӛткізу тиімді болып табылады. 
Сабақтарда тұлғаның жеке қасиеттерін және зерттеушілік дағдыларын 
дамытуға бағытталған мақсаттар жүзеге асырылады, бұл мақсаттар оқылатын 
тақырыптар бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында орындалады.
«Технология» пәнінің мазмұнында мәдениет сабақтастығы принципіне 
сәйкес адамгершілік пен ұлттық мәдени құндылықты қалыптастыратын, соның 
ішінде адам ӛмірі мен қоғамн негізі әрекетінің құндылығы болып саналатын 
еңбек құндылығы басты орын алады.
11-сынып қыз балаларға келесі бӛлімдер бойынша тақырыптар 
ұсынылады: 
111-кесте. «Технология» пәні бойынша ұсынылатын тақырыптар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   165   166   167   168   169   170   171   172   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет