Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік мәселесін



Pdf көрінісі
бет181/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Балалардың ақпараттық қауіпсіздігі, киберқауіпсіздік мәселесін 
кӛтеру ҧсынылады.
 
Кӛпмәдениетті және кӛркем-эстетикалық тәрбие 
Қазақстан халқы Ассамблеясы мен этномәдени орталықтарымен 
ынтымақтастық орнату; оқу орындарында Қазақстан халқы шағын 
Ассамблеясын құру; үйірмелер, әдеби клубтар; экскурсиялар: театрлар, 
мұражайлар, кӛркемӛнер кӛрмелері, галереялар, тарихи орындар; іс-шаралар: 
шығармашылық кештер, балалар мен жасӛспірімдер шығармаларының кӛрмесі, 
халықтар достығының фестивалі, тілдік және шығармашылық клубтар, 
конкурстар; атақты адамдармен, ӛнер қайраткерлерімен кездесулер аталған 
бағытты жүргізудің негізгі механизмі болып табылады. Кӛркем-эстетикалық 
тәрбие аясында оқу орнында біздің мәдени жетістіктерді - кітаптарды, 
пьесалар, мүсіндерді, суреттерді, музыкалық әуендерді, ғылыми жетістіктерді 


314 
және т.б. меңгеру және жетілдіру. Ӛткен мыңжылдықтағы халық ауыз 
әдебиетіндегі Ұлы Дала мұрагерлерінің үздік мысалдарын – ертегілер, аңыздар, 
болған оқиғалар, ӛсиеттер, эпостарды зерттеу. Тұрақты тақырыптық кітап 
кӛрмелерін ұйымдастыру ұсынылады.
Ұлттық музыкалық аспап домбыраны насихаттау мақсатында домбыра 
әзірлеу және домбырада ойнауға үйрету бойынша шеберлік-сыныптар, ұлттық-
қолданбалы ӛнер жәрмеңкелерін, дәстүрлі әуендер орындаушылардың фото 
кӛрмесін, домбырада ойнау сайыстарын, домбырашылардың концерттері мен 
музыкалық викториналар, «Домбыра – қазақ халқының жаны» «Қазақтың 
домбыра ӛнері», «Қазақтың күй ӛнері», «Қазақтың музыкалық аспаптары» және 
басқа конкурстар ұйымдастыру. 
Дене тәрбиесі, салауатты ӛмір салты, тәрбие жұмысының сегізінші 
бағыты ретінде салауатты ӛмір салты дағдыларын табысты қалыптастыру, дене 
және психологиялық денсаулықты сақтау, денсаулыққа зиян келтіретін 
факторларды анықтай білу үшін кеңістік құрады. Жалпы білім беру 
ұйымдарында бұқаралық спорт түрлерінде (футбол, волейбол, баскетбол
гандбол, футзал, ұлттық спорт түрлері: асық ату, тоғыз құмалақ, қазақ 
күресі) мектеп спорт лигаларының желісін кеңейту және спорт түрлері 
бойынша арнайы мамандандырылған сыныптар және спорттық секциялар ашу 
маңызды. 
2019-2020 жаңа оқу жылында республиканың 1000 мектебінде дене 
шынықтырудың әрбір үшінші сағатында «Футбол сағаты» пилоттық жобасы 
жалғасады. Пилоттық жобаға қатысушы мектептердің тізімі Министрлікпен 
бекітілген (ҚР БҒМ 2017 жылғы 11 тамыздағы № 405, 2017 жылғы 30 
қазандағы № 550, 2018 жылғы 15 тамыздағы № 401 бұйрықтар).
Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының білім 
басқармаларына аймақтағы пилоттық жобаның бақылауын және мониторингін 
қамтамасыз ету, мектептік спорттық лига жұмысын жетілдіру қажет.
2020 жылға арналған күнтізбелік негізгі спорттық іс-шаралар жоспарына 
сәйкес білім алушылар 9-дан астам спорт түрлері бойынша ҚР колледждерінің 
студенттері мен оқушыларының Қысқы ойындарына қатысуы тиіс. Ойын 
түрлері шаңғы тебу, қысқы президенттік кӛпсайыс, коньки тебу, шорт-трек, 
қысқы спорттық бағдарлау, хоккей, бенди (допты хоккей), мәнерлеп сырғанау, 
футзал. 
Республикалық кӛпсалалы балалар мен жасӛспірімдер турнирлеріне және 
халықаралық жарыстарға (қысқы және жазғы Дүниежүзілік Гимназия) қатысуға 
білім алушыларды кеңірек тарту қажет. 
Тәрбие жұмысының ажырамас бӛлігі жасӛспірімдердің ұрпақ жаңғырту 
қабілетін сақтау, нашақорлық, алкоголизм, темекі шегу, АИТВ-ның алдын алу, 
сонымен қатар салауатты ӛмір салтының негіздері бойынша оқу семинарларын 
ӛткізу болып табылады. 2019-2020 оқу жылында «Бір-біріне жақын – есірткіден 
алыс» профилактикалық бағдарламасы сынып сағаттарында жалғасын табады. 
Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА сайтында әдіскерлер мен мұғалімдерге 
арналған білім алушылардың репродуктивті денсаулығы және отбасылық 
тәрбие құндылықтарын оқу процесіне кіріктіру мәселелері, қауіпсіз білім беру 


315 
ортасын қалыптастыру мәселелері жӛніндегі келесі әдістемелік құралдар 
орналастырылған: «Қауіпсіз білім беру ортасының компоненттерін оқыту 
және тәрбиелеу процессіне кіріктіру бойынша әдістемелік ұсынымдамалар», 
«Мектептегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және әрекет ету бойынша 
әдіскерлерге арналған нұсқаулық», қауіпсіз білім беру ортасының келесі 
компоненттері кіріктірілген бастауыш, негізгі орта буын оқу пәндерінен 
қысқа мерзімді сабақ жоспарларының үлгілері: «Мектептегі зорлық-
зомбылықтың алдын алу», «Табиғи апаттардың қаупін азайту», 
«Киберқауіпсіздік», «Балалардың жарақат алуының алдын алу», «Экологиялық 
қауіпсіздік». 
Директордың тәрбие ісі жӛніндегі орынбасарларының, сынып 
жетекшілерінің, пән мұғалімдері мен әдіскерлердің әдістемелік жинақ қорына 
Академия келесідей материалдарды ұсынады: 
1) «Қазақстандағы балалар мен жасӛспірімдер қозғалысы: тәжірибе, 
бастамалар, әлеуметтендіру» («Жас Ұлан», «Ұлы Дала скауттары», жас 
патриоттар Академиясы және т.б.) әдістемелік ұсынымдама; 
2) «Мектеп оқушысының кітап оқу іс-әрекеті» әдістемелік ұсынымдама; 
3) «Ӛлкетану»: мәдени-генетикалық кодтың негізі (мәдени мекемелердегі 
ӛлкетану сабақтары) (5-7 сыныптар) пәнін жүргізу бойынша әдістемелік 
ұсынымдама; 
4) «Ұлттық қазына»: мұражайлардағы «жанды» сабақтар әдістемелік 
ұсынымдамасы; 
5) «Айналаға қара» («Ауыл ӛмірі», «Қала тіршілігі»): әлеуметтік-тарихи 
тәжірибе» ұйымдастыру бойынша әдістемелік ұсыныстар;
 
6) «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасӛспірімдер ұйымы» 
Республикалық қоғамдық бірлестігінің қызметін ұйымдастыруға арналған 
әдістемелік ұсыныстар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет