316
7
ОРТА
МЕКТЕПТЕ
ҚҦҚЫҚТЫҚ
ЖӘНЕ
СЫБАЙЛАС
ЖЕМҚОРЛЫҚҚА
ҚАРСЫ
МӘДЕНИЕТТІ
ҚАЛЫПТАСТЫРУ
БОЙЫНША ЖҦМЫСТЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы мәдениет,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы
сананың феномені болып табылады және
оны мектеп қабырғасынан
қалыптастыру қажет. Сондықтан бала кезден бастап
Отанға деген
сҥйіспеншілікті, қоршаған орта мен салт-дәстҥрлерге деген қҧрметті, білім
мен еңбекке деген ҧмтылысты, әдептілік пен адалдықты дарыту керек.
Білім
алушыларға академиялық адалдық, оқудағы адалдық және ӛзінің
мінез-құлқына жеке жауапкершілік принциптерін дарыту қажет. Оқушыларға
академиялық адалдықтың кез келген тәртіп бұзушылықтарын (емтихан, тест,
бақылау
жұмыстары, рефераттар және т.б. жазу кезінде сыртқы кӛмекті
пайдалану әрекеті) ұғыну қажеттігін сендіруді дарыту.
Мектепте сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие оқу бағдарламаларына,
сонымен
қатар сыныптан тыс, жалпы мектептік іс-шараларға: акциялар,
оқушылар
конференциясы, дӛңгелек үстел, диспуттар және т.б. сыбайлас
жемқорлыққа қарсы білім беру элементтерін қосу арқылы жүзеге асырылады.
Бұл жұмыс түрі оқушылардың сыбайлас жемқорлықты
теріс қабылдауын
қалыптастырады және сыбайлас жемқорлық кӛріністеріне белсенді түрде қарсы
тұру қабілетін дамытады.
Орта білім беру ұйымдарының мұғалімдері үшін «Транспаренсия
Қазақстан» қоғамдық қоры мен Астанадағы ЕҚЫҰ бағдарламалар офисі
дайындаған «Оқушыларға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім»
әдістемелік құралы ұсынылады.
Сынып сағаттары мен факультативтік сабақтар аясында тоқсанына бір рет
білім алушыларға: "Сыбайлас жемқорлық – қоғамға қарсы құбылыс",
"Сыбайлас жемқорлықтың тарихи тамыры", "Сыбайлас
жемқорлықтың
дамуына әсер ететін себептер мен факторлар", "Адам құқығы және сыбайлас
жемқорлық"
(
Астана, 2014г., с.122) тақырыптары ұсынылады.
Тәрбие және білім беру процесі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы
мәдениетін қалыптастырудың негізі болып табылады. Мұнда басты рӛл отбасы
мен білім беру саласына бӛлінген. Әрбір ата-ана, әрбір мұғалім балалар үшін
лайықты үлгі болуға, шынайы құндылықтарды таңдауға кӛмектесуге тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: