Жалпы білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ерекшеліктері


Ӛлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері



Pdf көрінісі
бет64/240
Дата14.11.2022
өлшемі5,14 Mb.
#50116
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   240
Байланысты:
IMP 2019-2020 kaz

Ӛлкетану материалдарын оқытудың ерекшеліктері: 
Ӛлкетану мәдени және ұлттық сәйкестікті дамыту мен сақтаудың 
маңызды міндетін орындайды. Ӛлкетанулық білім жаңа буынды аймақтың 
мәдени құндылықтарымен қамтамасыз етіп отыратын әлеуметтік-мәдени 
ақпарат кӛзінің бірі.Бұл жеке тұлғаның мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік 
береді. 
6-сыныпта «Менің туған ӛлкем ӛлеңдер мен прозада», «Ӛлкені сипаттау 
ӛнері» тақырыптарын оқытуда білім алушыларды туған ӛлкенің табиғаты және 
тарихы сипатталатын поэтикалық және прозалық шығармаларды, туған ӛлкенің 
ақындары мен жазушыларының шығармашылығын білуге, олардың 
шығармашылығы туралы деректер жинауға және мәтіннің ақпараттылық, оның 
кӛркемдік, тілдік ерекшеліктері негізінен ӛлкетану сипаттамаларын талдауға 
үйрету ұсынылады. 
7-сыныпта «Туған ӛлке публицистика беттерінде», «Менің туған ӛлкем» 
электрондық энциклопедиясы» тақырыптарын оқытуда ӛңірде шығатын газет-
журналдарды білуге, туған ӛлке туралы, шындық кӛзқарас тұрғысынан адамдар 
туралы мақалалар мен очерктерді ақпараттылығы, мазмұнының тереңдігі
эмоционалдық әсері тұрғысынан талдауға, энциклопедия ұғымын түсінуге, 
энциклопедияға қажетті материалдарды іріктей білуге, электрондық 


105 
энциклопедия құрастырудың ұжымдық жұмысына қатысуға баулу ұсынылады. 
Әдістемелік бірлестік отырыстарында қазақ тілі мен әдебиеті пәні 
мұғалімдерінің кәсіби біліктілігін жетілдіру үшін (әдістемелік бірлестік, 
жас мамандар мектебі, педагогикалық шеберлігін жетілдіру мектебі, 
шығармашылық топ және т.б.) пәнді оқыту әдістемесі мен теориясының
келесі мәселелерін қарау ұсынылады: 
1. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде сабақты жоспарлау 
мен критериалды бағалау
2. Тиімді сабақ. Жоспарлау. Бақылау. 
3. Рефлексия – мұғалімнің кәсіби дамуының негізі; 
4. Оқу мақсаттарынан сабақ мақсаттарына шығу жолдары; 
5. Қалыптастырушы бағалау – бағалаудың тиімді тәсілі; 
6. Тыңдалым дағдысын қалыптастыруда кездесетін қиындықтар және оны 
шешу жолдары; 
7. Тыңдалым дағдысын қалыптастыратын белсенді әдістер;
8. ҚМЖ құрудың тиімділігі мен артықшылығы
9. Lesson Study жүргізу жолдары және күтілетін нәтижелер; 
10. Тыңдалым материалдарын пайдаланудың тиімді жолдары; 
11. 
Грамматикалық 
тақырыптарды 
лексикалық 
тақырыптармен 
сабақтастырудағы шеберлік; 
12. Сабақта саралап оқытуды жүзеге асыру; 
13. «Эссе жазу стратегиясы туралы»; 
14. Білім беруде қолданылатын сандық технологиялардың тиімділігі. 
Негізгі білім беру деңгейіне арналған «Қазақ тілі», «Қазақ әдебиеті» 
пәндерінің үлгілік оқу бағдарламалары бойынша құрылған жаңа білім мазмұны 
мұғалімді де, оқушыны да оқу әрекетіне белсенді қатысуға, ӛз пікірін айтуға, 
ӛзінің сӛйлеген сӛзіне дәлел келтіруге, кейіпкерлер арқылы ӛмірлік 
ситуацияларды шешу жолдарын ізденуге, ең бастысы жаңаша ойлайтын 
тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет